Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бәйтеректен ән жолдадым - АРҚА АЖАРЫ

Бәйтеректен ән жолдадым

 Ерке Есілдің сол жағалауындағы Бәйтерек ару Астанаға ерекше көрік беріп тұрғандай. Оның жанына барған сайын құлағыма тың әуендер келіп, жаңа бір әннің туындауына себеп болады.

  Уақыт шіркін тоқтамай, өзінің ағынымен зымырай береді ғой. Арайлы Астанаға отбасымызбен қоныс аударғанымыз күні кеше сияқты еді, биыл он екі жыл болып қалыпты. Өзім Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай өңірінде туып өстім. Сонда орта білім алып, кейін Көкшетау қаласындағы бұрынғы Біржан сал атындағы музыка училищесінде домбыра класы бойынша Мұхамеджан Рақымбердин мен Қайырлы Сәрсенбаевтай азаматтардан тәлім-тәрбие алып, білімімді ұштадым. Сонда оқып жүріп, зеренділік Зәйнұр Елубайқызымен танысып, кейін шаңырақ көтердік. Училищені тәмамдаған соң, Өскеменге оралып, сонда біраз жыл білім беру мен өнер саласында еңбек  еттім.
Осы Елорда төріне бауыр етіміз – балаларымызды оқытып, білім беру үшін көшіп келдік. Қазір, басқа бір жаққа сапарға шығып қалсам, ару Астананы сағынып қаламын. Балаларым да Елордаға үйреніп алды. Бір күні бір күнінен қызықты әрі ерекше өтетін көрікті қаламыздың ауа райына да үйреніп алдық.
Қызым Фариза осындағы ең бір беделді, үздік білім ордаларының бірі – Қазақ ұлттық өнер университетінің халық аспаптар бөлімінде қобыз аспабын меңгеріп шықты. Биыл қолына аталмыш оқу орнының дип-ломын алып, магистратураға түспекші. Өзі түрлі көлемді іс-шараларға өнер университетінің оркестрінің құрамында қатысып, Астананың мәдени өміріне белсенді араласып жүр. Үлкен ұлым –Нұрғиса да әке жолын қуып, домбыра тартады, оған қоса қазақтың ұлттық ойыны «Тоғыз құмалақ» бойынша Астана құрамында ойнайды. Кішкентай Бекзатым балабақшада.
Астана – өнердің, той-думанның ордасы ғой. Астана мұндағы өнер адамдарын ерекше шабыттандырып, қанаттандырады, ынталандырады. Сән-салтанаты жарасқан ару қалада жүріп, мен әр жылдары жазған сазды әуендерім мен күйлерімнің басып қосып, «Дала ұлының әуендері» деген жинақ шығардым. Орта мектеп пен музыка мектептерінің оқушыларына арналған «Ұландар жүрегінің әуендері» деген жинағым да жақында жарық көрді. Бүгінде ән жазамын, күй шығарамын, кейде әнге сөз де жазатын кездерім болады. Қазақстан Республикасының халық әртісі Нұрғиса Нүсіпжанов ағамыз Ұлықбек Есдәулетовтің сөзіне жазған «Нұрғисаның аққулары» мен әні мен сөзі өзімдікі болып келетін «Мектеп әнұраны»  атты әндерімді орындап жүр. Сонымен бірге, «Астана серенадасы», «Астана әуені», «Басынан Бәйтеректің ән жолдадым» деген Елордаға арналған әндерім «Шалқар» радиосы мен «Мәдениет» арнасынан жиі беріледі. Әндерімді елімізге танымал Клара Төлеубаева, Ардақ Балажанова, Нұрбол Балапанов, Перизат Тұрарова секілді талантты әнші-орындаушылар мен «Аламан» тобының жігіттері сұрап алып орындайды.
Еліміздің бас қаласы – Астананың туған күнінде қаладағы үш музыкалық мектептің 350 оқушысынан құралған оркестр үлкен алаңда өнер көрсетпекші. Соған орай, өзім қызмет етіп жүрген Астана қаласындағы №2 музыка мектебінің жүзге жуық оқушысын соған дайындап жатырмын. Міне, осылайша 2003 жылдан бері  ел тірегі, ел жүрегі атанған ару қаланың мәдени өміріне араласып, кішкентай бүлдіршіндерді өнерге баулып, қаланың тыныс-тіршілігіне белсене араласып жүрміз.
Осындай әсем мекенде, мемлекетіміздің басты ордасында өмір сүру – мен үшін үлкен қуаныш әрі жауапты іспен тең. Сондықтан, алдағы уақыттарда да ел игілігі үшін, мемлекеттің мәдениетін әрі қарай дамытып, ұлттық дәстүрлерімізді сақтап қалу үшін аянбай тер төгуге дайынмын.

Кәкімбек ЕРДІБАЙТЕГІ,
Астана қаласындағы №2 музыка
мектебінің оқытушысы, сазгер.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар