Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Біз үшін жастық қаласы - АРҚА АЖАРЫ

Біз үшін жастық қаласы

Сайын дала төсі Жер ананы еміп, жасыл желекке бөленген. Табиғаттың көз тоймас көркін бұрын-соңды бұлай әсерленбеппін. Мүмкін балалығымнан болар. Енді мен есейдім. Бәлкім, өмір есейтті.

Менің жүрегімде  бір сезім бар. Үміт, арман, болашаққа деген сенім.  Көкшенің көк күмбезін артқа тастап, арман қала Астанаға бет алдым. Ондағы мақсатым, оқу оқып, маман болу. Қазір менің көңілімде еш алаң жоқ. Астанаға бауыр бастым. Оқуға түскенімде біраз қиналғаным рас. Бірақ, Астана өз еркіне бағындырды. Өмірге бейімдеді.  
Мектепте оқып жүргенімде дәрігер болуды армандайтынмын. Арманыма қол жеткізіп, Астана қаласындағы медициналық университеттің студенті атандым. Менің мамандық таңдауыма бірден-бір себеп Астанаға деген шынайы ықылас болса, екіншіден, ақ халатты абзал жандарды көргенімде оларға қызыға да, қызғана қарайтынмын. Адам жанына араша түсіп, ауру адамдарды емдеп жазуды басты мақсат тұттым. Жоғарыда айтып өткенімдей, мені Астанаға деген шынайы ықылас жетелеп әкелді. Бір көргеннен-ақ, ғашық болдым. Ол – менің сүйікті қалам. Алғашында заңғар биік ғимараттарды, аспанмен таласқан зәулім-зәулім үйлерді көріп, таң қалдым.
Астана – Қазақстанның Елордасы. Оқудан қолымыз босағанда, бірге оқитын дос қыздармен Есілдің сол жағалауына барып, ара-тұра көрікті жерлерді аралап, тамашалаймыз. Бірақ, оқудан қолымыз көп босай бермейді. Дегенмен, демалыс күндері Ұлттық кітапханаға барып, мамандығымызға қажетті материалдар жинаймыз. Ұлттық кітапхана демекші, мұнда қажетті ақпараттың бәріне қол жеткізуге болады. Кітапхана қоры өте бай. Астаналық студенттермен бірге шет елдерден келіп, біздің Елордамызда білім алып жатқан студенттерді де жиі кездестіреміз. Сонда менің жүрегімді қуаныш сезімі кернейді. Шетелдіктердің Қазақстандағы жоғары оқу орындарында білім алуы еліміздің жетістігі мен мерейі емес пе? Бұрынғы Целиноград, қазіргі Астананың тұрғындарынан мұнда республиканың әр аймағынан, қала берді алыс-жақын шетелдерден келген қонақтардың пайыздық үлесі жоғары. Бірақ, біз сияқты жастардың тілеуі бір. Иә, Астанада жастар өте көп. Өйткені, Астана жастардың арман қаласы ғой. Бірі білім алуға, енді бірі жұмыс істеуге келеді. Оқу оқып, маман атанып, бақытын тапқан  жастар да аз емес. Болашақта мен де осы қалада тұрып, еліме еңбегімді сіңірсем бе деп ойлаймын. Өйткені, арман қалада біздерге мол мүмкіндік қарастырылған. Мұнда медициналық мекемелер де көптеп ашылуда. Практикалық сабақтарды қаладағы медициналық мекемелерде өткіземіз. Осы орайда, заманауи үлгідегі «Ана мен бала» орталығын ерекше айтып өткім келеді. Білікті мамандар мен соңғы үлгідегі технологиялардың көмегімен адамдар ем алады. Бұл қалада дәрігер кадрларға деген сұраныс өте жоғары. Сондықтан, менің болашағым тек қана Астанамен байланысты дер едім.
 Мен қазір үшінші курста оқимын, уақыт та тез өтуде. Бірақ, алда әлі талай сын сағаты күтіп тұр. Менің мамандығымның жауапкершілігі зор. Әйтсе де, өзіме деген сенім бар. Бастысы Астананы көркейтуге, дамытуға өз үлесімді қосқым келеді. Астана –
еліміздің жүрегі, жүрегі ғана емес, жердің кіндігі. Уығын қадап, шаңыраған көтерген,  Ақордасын тіккен жаңа Астананың даму қарқыны да айрықша.  
Әр ұлттың баласын бауырына басып, ырыс-құт дарыған еліміздің айбыны асқақ, қаласы сенсің, Астана! Әрқашан жарқырап, жайнай берші, сен Астана!  Біз үшін бәрінен бұрын жастық шаһарысың!

Әсем ҚОЙБАҒАРОВА,
Астана медициналық университетінің 3 курс студенті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар