Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазандықты жөндеуге 60 миллион теңге бөлінді - АРҚА АЖАРЫ

Қазандықты жөндеуге 60 миллион теңге бөлінді

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Ақкөл ауданында болып, бірқатар әлеуметтік-өндірістік,коммуналдық нысандардың жағдайымен танысты және кейбір нысандарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізудің жай-жапсарын талқылады.

Облыс басшысы жұмыс сапарын Еңбек ауылынан бастады. Бұл ауылда екі әлеуметтік нысанды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Оның бірі – мектеп-балабақшасы болса, екіншісі мәдени-спорт кешенінің ғимараттары. Облыс әкімі мектеп ғимаратының материалдық-техникалық жабдықталуымен танысып, педагогикалық ұжыммен және мектеп бітіруші сынып оқушыларымен кездесті.
– Орта мектеп пен мәдени-спорт кешенін күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 330 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл қаражатты тиімді пайдалану қажет, – деп атап өтті Ермек Маржықпаев.
Сондай-ақ, облыс әкімі Ақкөл қаласындағы №10 агротехникалық колледжде болды. Онда оқушыларды оқыту жағдайымен танысты.
Бұдан әрі Ермек Маржықпаев №2 орта мектептің қазандығының жұмысына көңіл бөлді. Сол жерде облыс басшысы М.Мәметова көшесінің тұрғындарымен кездесті. Онда тұрғындар өздері тұратын үйлерді орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосу туралы ұсыныстарын жеткізді. Осы ретте, Ермек Маржықпаев жылу желілерін және қазандықты жөндеуге облыстық бюджеттен 60 миллион теңге бөлінгенін айтты. Бұл қаражат есебінен сол маңдағы тұрғын үйлерге дейін жылу желілері тартылатын болады. Ал, үйдің ішіне жылу тұрғындардың өз қаражаты есебінен тартылады.
Сапар соңында облыс басшысы Ақкөл қаласындағы «Alatau Mashroom Land» серіктестігінің саңырауқұлақ өсіру фермасында болды. Облыста саңырауқұлақ өсіру бойынша перспективалық жобаны қолға алған кәсіпкердің жұмысына оң бағасын беріп, дайын өнімді өткізуде қолдау білдіретінін жеткізді.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар