Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мектептерде оқушыларды тасымалдайтын автобустар жетіспейді - АРҚА АЖАРЫ

Мектептерде оқушыларды тасымалдайтын автобустар жетіспейді

«Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалында облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың қатысуымен партияның депутаттық фракциясының отырысы өтті. Отырыста білім басқармасының облыс аудандары мен қалаларында оқушыларды мектепке тасымалдау жөніндегі жұмысы талқыланды.

«Nur Otan» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов бұл мәселені қарауға Целиноград ауданындағы «Нұрлы» саяжай кооперативінде тұратын ата-аналардың шағымы себеп болғанын айтты.
–«Нұрлы» саяжайында 250-ге жуық жекеменшік үй бар. Адамдар саяжай кооперативіне тұрғылықты мекен-жай мәртебесін беру мәселесін көтеріп жатыр. Сонымен бірге, өзге де әлеуметтік мәселелерді шешуді сұрайды. Бір топ тұрғындар партияның орталық аппаратына қабылдауға келіп, Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептерге балаларды тасымалдайтын қосымша көліктердің бөлінуін сұраған көрінеді. Ол жерде қала сыртында екі ауыл бар. Олардағы бірінші ауысымда оқитын балалардың саны 175. Өкінішке қарай, оларды 25 орындық екі автобус-пен ғана тасымалдаған. Ата-аналардың шағымынан кейін балаларды тасымалдау-мен бес автобус айналысуда. Кейін осы мәселе партияның бақылау комиссиясында, облыстық филиалдың саяси бюро кеңесінің отырысында қаралды. Ақмола облысының әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Ермек Маржықпаев бұл мәселені өз бақылауына алып, алдағы уақытта шешімі қарастырылатынын жеткізді, – деді өз сөзінде Ғ.Бекмағамбетов.
Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Валерий Гамазов біздің облысымызда 6500-ден астам оқушылар мектептерге автобуспен жеткізілетінін мәлімдеді.
–Оқушыларды тасымалдауға 170 автокөлік бөлінген. Ең көп тасымал Целиноград ауданында. Онда осындай 2500-ге жуық оқушы бар. Аршалыда тасымалданатын оқушылар саны 1000-ға жуық. Бурабай ауданында 900, Зеренді ауданында 400 шамасында. Мұндай автобустар 7 жылда бір жаңартылып отыруы қажет. Алайда, қаржыландыру мәселесінің шешілмеуінен бұл талап орындалмай жатады. Егер осы ережені сақтайтын болсақ, біз жылына 20-25 автобус сатып алуымыз қажет, – дейді Валерий Гамазов.
Соңғы үш жылда 46 мектеп автобусы жаңартылыпты. 2017 жылы 37 автобус жаңартылуы керек болса, 8 автобус қана сатып алынған. 2018 жылы да жағдай тақа мәз болмай, 38 көліктің 31-і ғана жаңартылуына қол жеткен. Өткен жылы жаңартылған мектеп автобустарының саны 9. Ал, биыл 50 автобус жаңартылуға тиіс, тағы 8 автобус қосымша маршруттар үшін қажет. Мұның өзі 900 миллион теңгеден астам қаржыны қажет етеді. Әзірше, 58 автобустың 30-ын алу үшін 430 миллион теңге көлемінде қаржы бөлу жоспарланған. Сонымен қатар, отырыста мектеп автобусының жүргізушілерінің жалақысы да мардымсыз екендігі жөнінде мәселе көтерілді.
Айтолқын АМАНГЕЛДІ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар