Облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбековтың қатысуымен өткен өңірдегі кәсіподақ активінің жиналысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы ХХІV съезі жұмыстарының қорытындысы шығарылып, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру барысындағы кәсіподақ ұйымдарының міндеттері жөнінде сөз болды.
Селекторлық байланыста өткен жиналысқа облыстық басқармалардың басшылары, қала мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық салалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, съезд делегаттары, қала мен аудандардағы кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, облыстағы бастапқы кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов Кәсіподақтар федерациясы ХХІV съезі жұмыстарының қорытындысы және қабылданған шешімдерді жүзеге асыру барысындағы кәсіподақ ұйымдарының міндеттері жөнінде баяндама жасады.
Облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы Кеңес Бекішев сөз сөйлеп, съезд шешімдерін жүзеге асыру бойынша облыстағы кәсіподақ ұйымдарының алдарына қойған міндеттері жөнінде атап өтті. Қазақстан Респуб-ликасы Кәсіподақтар федерациясы әйелдер мен жастар ісі және қоғаммен жұмыс бойынша департаменттің директоры, жауапкершілігі шектеулі «Профмедиа Астана» серіктестігінің директоры Нұрлан Нұрпейісов Кәсіподақ федерациясының «Қазақстан кәсіподағы» газетін дамыту жөнінде сөз қозғады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.