Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алғыс мәні – қазақ халқының бауырмалдылығы - АРҚА АЖАРЫ

Алғыс мәні – қазақ халқының бауырмалдылығы

Ақмола облысының әкімі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы Ермек Маржықпаев Достық үйінде Алғыс айту күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толуына орай, «Бір ел – бір тағдыр» атты облыстық форумға қатысып, жиналғандарды осы айтулы оқиғалармен құттықтады және өңірімізде ұлтаралық келісім мен ынтымақ-бірлікті нығайтуға қосқан үлестері үшін бірқатар ақмолалықтарды Алғыс хаттарымен марапаттады.

Бүгінде облысымызда 100-ден астам этнос өкілдері береке-бірлікте өмір сүруде. Өңірдегі 52 этномәдени бірлестік ел бірлігін, халықтар достығын нығайтуға атсалысуда. Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған шарада әр этностың қазақ халқына деген ыстық пейілдері мен ақжарқын көңілдері молынан байқалды. Көкшетау қаласының Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының Отан, бірлік тақырыптарында оқыған өлеңдері форум қатысушыларын бір тебірентіп тастады.
Жиналғандар алдында сөз алған облыс әкімі Ермек Маржықпаев Елбасының 2016 жылғы Жарлығымен 1 наурыз Қазақстанда Алғыс айту күні болып белгіленгенін, бұл күннің Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен тұспа-тұс келуінің зор тарихи мәні бар екенін атап өтіп, барша қауымды осы мерекелермен құттықтады. Облыстық ассамблея үнемі қайырымдылық шараларының басы-қасынан табылады. Биыл ассамблеяның 25 жылдығына орай, облыста түрлі форматтағы 200-ден астам шара өткізу жоспарланып отыр.
–Ел бірлігінің моделі әлеуметтік-экономикалық дамуымыздың, қоғамдық-саяси тұрақтылықтың басты шартына айналды. Біздің бүгінгі міндетіміз – этносаралық келісім мен бірлікті сақтау және нығайту. Бүгінде 100-ден астам жерлесіміз облыстық ассамблеяға мүше. Ұйым қызметіне көптеген жаңа бағыттар, әлеуметтік жобалар қосылып, медиация кабинеттері құрылуда, – дей келе, облыс әкімі облыстық ассамблея ардагерлеріне ризашылық ретінде өз атынан гүл шоқтарын тарту етті.
Облыстық форум барысында «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, ұлтаралық қатынас құралына айналуына сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталса, облыстық ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықоваға Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі табыс етілді. Сондай-ақ, облыстық ассамблея жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағының мүшесі Үкіжан Ементаева, Көкшетау қалалық қазақ үлгілі кітапханасының меңгерушісі Жанар Айтқожина, «Шаңырақ» тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Наталья Крупельницкая облыс әкімі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы Ермек Маржықпаевтың Алғыс хаттарымен марапатталды.
Форумда Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Болат Жанәділов, «Видергебурт» облыстық неміс қоғамының мүшесі Людмила Хаврушина мен облыстық ассамблеяның «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы Аслан Әбутәліпов Алғыс айту күні туралы өз ой-пікірлерін білдірді. Шара мерекелік концертпен өз мәресіне жетті.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар