Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Абай – жырдың асқағы - АРҚА АЖАРЫ

Абай – жырдың асқағы

Белгілі ақын-жазушы, журналист, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Зеренді ауданының құрметті азаматы, жерлесіміз Қорғанбек Аманжолдың қазақтың ұлы ақыны Абай туралы жазған «Кішкентай Абайлар» атты өлеңін ауданның мектеп оқушылары арасында жатқа мәнерлеп оқу байқауы өз мәресіне жетті.

Осынау ауқымды мәдени шараны Зеренді аудандық оқу бөлімінің Динара Қуанышева басқаратын әдістемелік кабинеті ұйымдастырды. Байқау шарты бойынша оқушылар аудандық білім бөлімінің инстаграм парақшасына аталған өлеңді жатқа оқыған бейне көрінісін жүктеп, тыңдармандар оған дауыс беруі тиіс болатын. Нәтижесінде 1946 дауыс жинаған Қызылсая орта мектебінің оқушысы Тілеген Атымтай бас жүлдені, 1222 дауысқа ие болған Бірлестік орта мектебінің оқушысы Інжу Райымбек бірінші орынды жеңіп алды. Екінші, үшінші орындарды Кеңөткел негізгі мектебінің оқушысы Ерқанат Досымбек пен Мәлік Ғабдуллин атындағы Зеренді орта мектебінің оқушысы Мерей Хайырмоллова өзара бөлісті.
Жақын арада ақынның өзі байқау қорытындысы шығарылатын салтанатты шараға қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтайтын болады.
Боранбай КӨМЕКЕЙ.

 

Кішкентай Абайлар

Есенбай Дүйсенбаевқа

Өмір мынау өкініштен тұрады.
Бір жас ақын ғасыл болған мұрады:
«Сендер мені ұқпайсыңдар, шіркін-ай,
Мен кішкентай Абаймын» деп жылады.

«Мен кішкентай Абаймын ғой, жарандар,
Менде Абайша жырлайтұғын қалам бар.
Сендер мені ұқпасаңдар-ұқпаңдар,
Ал, түбінде ұғатұғын ғалам бар.

Мен-кішкентай, құйттай ғана Абаймын.
Ұқпасаңдар көңілге мұң жамаймын.
Құйттай Абай жүрегіммен Абайша,
Тантық сөзді тарс ұруға жараймын.

Көкірегім қазірден-ақ көл-теңіз,
Маған көпей сіз жамылған көрпеңіз.
Күл астынан Күн боп шығам мен ертең,
Мейлі, мені бүгін жоқ қып өртеңіз.

Мен емеспін мәпеленгіш еркеңіз,
Абай – мұхит.
Абай-күйді шертеміз.
Арыстан жал Абай мұхит айдынын
Ағыс қылып аттанамыз ерте біз.

Абай десе толқымайсыз қалай сіз?!
Өлеңіме өмір жоқ қой Абайсыз.
Менің Абай-сезіміме селт етпей,
Мөлдірімді мұң бұлтына орайсыз.
Түсін мені, тілегімді түн етпе,
Абайым бар-құдайым бар жүректе.
Құйттай Абай құйқылжиды ішімде,
Жол беріңдер құйттай Абай-тілекке!»

…Жыла, жыла, Абай-жүрек жас ақын,
Лапылдаған өрт сезімге мас ақын.
Бір алапат жүрегіңде бар сенің,
Аруағы Алатаудан асатын.

О, кішкентай, құйттай ғана Абайлар,
Көздеріңде, жүздеріңде арай бар.
Қара өлеңнің құдіретін жасаған
Абай-жырдың асқағына қарай қал.

Сыйынатын Абай-жырдың піріне,
Сендер барда қазақ жыры тірі де!..
Айналайын Абайларым кішкентай,
Айнала бер Абай-бақтың гүліне!

Қорғанбек АМАНЖОЛ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар