Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Премьера! - АРҚА АЖАРЫ

Премьера!

Пара алғызбайтын дәрі

Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрында драматург Зульфат Хакимнің «Мәссаған! Сенсация!!!» трагикомедиясының премьерасы өтті.

Қазіргі қоғамның дертіне айналған жемқорлық мәселесін бейнелейтін қойылымның режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұратбек Оспанов, қазақ тіліне аударған Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Серік Жетпісқалиев.
Басты рөлдерде Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткерлері Қайрат Мырзаболатов, Төлеубек Көңбай ойнайды.
Қойылымда қоғамның бүгінгі жай-күйі көркем суреттеліп, парақорлық мәселесі астарлы әзілмен жеткізіледі. Бұл туынды жемқорлықтың күрмеуі күрделі, шатағы көп мәселе екенін айқындап береді.
Бас кейіпкер, қарапайым химия пәнінің мұғалімі Сайпы ешбір елде жоқ жаңалық ашып, адам баласына пара алғызбайтын дәрі ойлап табады. Мұны естіген аудан әкімі әр салаға жауапты басшыларды жинап алып, бұл дәріні қалай да шығармаудың жолын іздеп, әбігерге түседі. Осы жаңалықты газет бетіне жазған редакторды жұмыстан қуып, Сайпыны елден шығармаудың тәсілін іздеп, түрлі сылтаумен үйіне тексеріс жібереді. Аудан басшылығынан әбден қысым көрген Сайпы ағаш басына отырып алып, қарсылық білдіреді. Пара алғызбайтын дәрінің ойлап табылғаны туралы жаңалық бүкіл елге тарап, жұртшылық Сайпының үйіне жиналып, егер бұл дәріні шығарсаң, балаларымызды «оқуға қалай түсіреміз?», «әскер қатарынан қалай алып қаламыз?» «жұмысқа қалай орналастырамыз?» деп шулай жөнеледі. Сонда Сайпы парақорлықтың бір ұшы халықтың өзіне байланғанын түсінеді. Ақыр соңында бұл дәрінің ойлап табылғаны жалған болып шығады. Бірақ, осы дүрбелеңнің арқасында басшылардың шын бейнесі ашылып, кімнің қандай жолмен пайда тауып жүргені баршаға мәлім болады.
Көрермендердің бірі Күлайда апайдың айтуынша, залдағы қойылымның бас кейіпкері Сайпы қалыптасқан жүйені бұза алмайтындығын білсе де, қарсылық білдіріп, өз ойын ашық айтады. Бұл кейіпкер халықтың көкірек көзін ашып, оятуды көздейді.
Жалпы ащы шындықты әзілмен ойната білген қойылым көпшілік көңілінен шықты. Көрермендер тіпті қойылым аяқталып, шымылдық жабылғаннан кейін де қошеметін аямады.
Айтолқын АМАНГЕЛДІ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Берік Ескенов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар