Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңсесі биіктеген Біржан елі - АРҚА АЖАРЫ

Еңсесі биіктеген Біржан елі

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Біржан сал ауданында болып, бірқатар әлеуметтік нысандар мен құрылыс нысандарын аралап көрді.

Алдымен, «Көктал Town» отбасылық-сауықтыру кешеніне ат басын тіреген облыс әкімі дәстүрлі және баламалы медицина, оңалту орталығы, SPA салоны, ванналар, қысқы спорт және ойын-сауық орталығы, табиғи жасанды жағажай, бассейн, атпен жүру, жабық аң аулаларының жағдайымен танысты. Бұл кешен 2019 жылдың тамыз айында пайдалануға берілген. Жобаның жалпы құны 2,6 миллиард теңге. Бұл – жекеменшік қаржы. Кешен 64 кереуеттік 30 бөлмеден тұрады. Басшысы Бақытбек Нұғман, 100 орындық асхана, бильярд бөлмесі, би алаңы, спорт залы, 70 орындық мәжіліс залы, тоған, газ жылыту орындары туралы айта келе, осында қызмет істейтін 20 адамға 90 мың теңгеден еңбекақы төленетінін де тілге тиек етті.
Одан әрі Алма Бекенова басшылық ететін Үлгі селосындағы Казгородок орта мектебін аралап, ондағы шағын орталықта тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндермен жүздескен өңір басшысы мектеп музейін тамашалау барысында оның жөндеу жұмыстарына көмек көрсететінін айтты. Сондай-ақ, дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 21 пәтерлік тұрғын үй кешені құрылысында болды. Кешенді Манат Мусин басшылық ететін «УК Строй» серіктестігі салып жатыр. Онда 25 адам жұмыс істейді. Олардың орташа айлық жалақылары 150 мың теңге. Ал, тұрғын үй құрылысын бастаған «Еңбек-Астана» серіктестігінің директоры Жанайдар Омашевтың айтуынша, үй 2020 жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі.
Одан кейін облыс әкімі Степняк қаласындағы кәмелетке толмаған 6 баласы бар Ольга Голубцоваға «Күміс алқа» белгісін табыс етіп, теледидар сыйлады. Бұл отбасына өткен жылғы Тәуелсіздік мерекесінде 4 бөлмелі пәтер кілті табыс етіліп, 602 мың теңге атаулы
әлеуметтік көмек көрсетілген болатын.
Өңір басшысының жұмыс сапарының соңы «Бурабай-Астық» және «Көкше-Цемент» серіктестіктерінде жалғасты. Мұрат Шәмшінұровтың басшылығымен Кеңащы ауылында бағылатын ірі қара малдың 1147-сі ангус тұқымдас мал. Егін орағында 3 мың тонна астық бастырылып, 2150 дана престелген шөп жинап алынған. Мұндағы он бес жұмысшы айына орта есеппен 150 мың теңгеге жуық жалақы алады. Сондай-ақ, Марат Ескендіров басшылық ететін «Көкше-цемент» серіктестігі жылына 2 миллион тонна цемент өндіреді. Облыс әкімі бұл кәсіпорынның да жағдайымен жете танысып, өндіріс ырғағына назар аударды.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Біржан сал ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар