Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақ елі: тарихтың бір сәті - АРҚА АЖАРЫ

Қазақ елі: тарихтың бір сәті

19 наурыз 2019 жыл.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа үндеу жолдап, президенттік өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлімдеген болатын.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 24 сәуірде президент лауазымын бекіткен болатын. Ел басшылығына Жоғарғы Кеңес Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады. 1991 жылдың 1 желтоқсанында елде тұңғыш рет жалпыхалықтық президент сайлауында Мемлекет басшысы лауазымына Нұрсұлтан Назарбаев бірауыздан сайланған-ды.

20 наурыз 2019 жыл.
Қазақстан тарихындағы ерекше болған бұл күні Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін ресми түрде тапсырып, Қасым — Жомарт Тоқаев Президент ретінде Қазақстан халқы алдында ант берді.
Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысынды сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел алдындағы абыройы мен мемлекет үшін атқарған істерін ерекше атап өтіп, «Елбасы жаһандық деңгейдегі саяси қайраткер ретінде ұлылығын көрсетті» деді. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының бұған дейін жариялаған әлеуметтік бастамалары сәтті жүзеге асып жатқанына тоқталды. Сондай-ақ Президент бірнеше маңызды мәлімдеме жасап, Елорданың атауын «Нұр-Сұлтан» деп өзгерту туралы ұсыныс енгізіп, бірқатар тапсырмаларын берді.

19 наурыз 2019 жыл.
Осыдан тура бір жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар