Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлеуметтік саланың әлеуеті арттырылады - АРҚА АЖАРЫ

Әлеуметтік саланың әлеуеті арттырылады

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов Зеренді ауданында әлеуметтік саланың өзекті мәселелері бо-йынша көшпелі кеңес өткізді.

  Кеңеске облыстық ішкі сая-сат, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт, дін істері жөніндегі басқармалардың басшылары, Көкшетау қаласы мен Бурабай, Бұланды, Зеренді, Сандықтау
аудандары әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Жиналысты ашып, жүргізген Нұрлан Нұркенов әлеуметтік- идеологиялық бағытта бірқатар ұстанымдар бойынша үлгермеушілік бар екенін, әңгіме қол жеткізген табыстар жөнінде емес, проблемалар туралы болатынын атап өтті. Сондай-ақ, ол жағдайды түсіну үшін талдау жасап, бар проблемаларды шешетін шара қолдану қажеттігін, екінші жартыжылдықтың міндеттеріне түзету енгізу керектігін алға тартты. Кеңесте әр саланың жағдайы талқыланды.
Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Евгений Шеленжек саланың бүгінгі жағдайы жөнінде айтып, 27 мақсатты индикатордың орындалуының нәтижелері мен білім саласының әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштерін алға тартты. Ең басты мақсат мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамту, ҰБТ нәтижесімен бағаланатын білім сапасын арттыру, материалдық-техникалық базаны дамыту, оның ішінде жаңа үлгідегі кабинет санын көбейту болып табылады. Ақмола облысында балалардың мектепке дейінгі 546 ұйымы жұмыс істеп, 33 мың бала сапалы білім, саналы тәрбие алады. Мұнымен 1-ден 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндердің 58,8 пайызы қамтылған. Ал, республикалық көрсеткіш 52,3 пайызды құрайды. Сондай-ақ, 3-тен 6 жасқа дейінгі балалардың 89,7 пайызы білім мен тәрбие алуда. Бұл бағытта республикалық көрсеткіш 78,6 пайыз.
Кеңеске қатысқан өңірлердің ішінде Сандықтау ауданы 3-тен 6 жасқа дейінгі балалардың 99,7 пайызын мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен  қамтып отыр. Бұл көрсеткіш Көкшетау қаласы мен өзге аудандарда біршама төмен. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі жекеменшік ұйымдарды дамыту мәселесі алға баспай отыр. Әзірше, оның үлесі облыс бойынша 22,9 па-
йызды құрайды. Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі көңіл көншітпейді. Орташа балл 78,24. Бұл өткен жылғы деңгейден 1,9 балға төмен. 676 мектеп түлегі немесе тестіленгендердің 22,4 пайызы жоғары оқу орындарына түсетін деңгейден өтпеді. «Алтын белгі» үздік аттестаттарын 45,6 пайызы растады. Өтінім берген мектеп түлектерінің тек қана жартысы үздік аттестат алды. Үлгерімнің сапалық көрсеткіші 54,5 пайызды құрады. Барлық өңірлер бойынша нәтижелердің көрсеткіші өткен жылдағыдан төмен. Енді жоғары балл алмаған мектеп түлектерін жұмысқа орналастыру жөнінде ойлану қажет. Евгений Шеленжек өз сөзінде оқушыларға математика пәнін оқытуда педагогтардың жете жұмыс істемегенін, мектептердің тек қана 42 пайызы жаңа үлгідегі кабинеттермен қамтылғанын жеткізді. Кейбір аудандарда мұғалімдердің жетіспеуі проблемаға айналып отыр. Бүгінгі таңда тағы бір проблема туындады. Облыс бойынша мұғалімдердің дем-алыс төлемақысы мен сауықтыру қаражатын төлеу кешіктірілуде. Бұл сома 200 миллион теңгеден асты.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлнар Құлышева өз саласының жағдайы жөнінде баяндады. Облыс бо-
йынша денсаулық сақтау саласында дәрігерлер мен медбикелер жетіспейді. Әсіресе, аудандардың  жағдайы көңіл көншітпейді. Баланың шетінеуі, қатерлі ісік және жұқпалы аурулар көбеюде. Басты назарды қатерлі ісік ауруының алдын алуға аударып, сырқаттарды аурудың асқынуына дейін жеткізбеу керек, – деді Гүлнар Құлышева. Бүгінгі таңда үйлерді аралау жұмысы кенже қалды. Осының салдарынан балалардың шетінеуі көбейді. Бұл жұмысты дереу бақылауға алу қажет. Денсаулық сақтау саласындағы проблемаларды бас дәрігер жергілікті атқарушы органның қолдауымен және қатаң бақылауымен шешулері керек.
Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаева мәдениет саясаты тұжырымдамасының басым бағыттарын орындау жөнінде айтып өтті. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру арқылы тарихи-мәдени мұраларды сақтау, оқыту және насихаттау қажет. Ол үшін елді мекендерде мәдениет мекемелері жүйесін дамыту керек. Тұрғындардың көп бөлігін мәдени демалыс қызметімен қамту мақсатында негізгі мерейтой мен мерекелік шараларды сапалы деңгейде өткізген жөн. Ол үшін жыл сайын сегіз мемлекеттік және бір ұлттық мерекеге қаржы қарастырылуы тиіс. Кәсіптік мерекелерді лайықты өткізу үшін жеке бөлімдер тиісті жұмыс жүргізулері тиіс. Төртінші бағыт – барлық мүмкіндіктерді, оның ішінде Интернет ресурстарын пайдаланып, отандық мәдениетті әлемдік мәдениет кеңістігіне шығару керек. Сәуле Бөрібаева өз сөзінде өңір жастарының шетелдегі халықаралық фес-тивальдар мен байқауларда алға ұмтылып, шығармашылық биіктерді бағындырғандары жөнінде айтты. Бұл бағыттағы жұмысты жандандырған жөн. Халықаралық шараларға шығармашылық ұжымдар мен дарынды орындаушылар бару үшін жол сапары шығындарын қарастыру қажет. Ол үшін аудандарда үлкен әлеует бар.

2015 жылдың еліміздің саяси, мәдени өмірінде ерекше оқиғалармен есте қалары анық.  Қазақ хандығының – 550, Ата Заңымыздың – 20, халқымыздың ардақты перзенттері Мәлік Ғабдуллин, Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 жыл толу  мерейтойына арналған барлық іс-шаралар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бекіткен типтік  жоспарға сәйкес өткізілуі керек.
Жиында сөз алған облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаева тұрғындардың белсенділіктерін арттыру мақсатында өткізілер шаралардың үлгісін ойластырып,  ақпараттық  тақтайшаларды іліп, кітап көрмелерін ұйымдастырудың  басты міндет екендігін атап өтті.  Сондай-ақ,  ол  аудандардан келген  әріптестерін  «Ұлт жоспары – 100 қадам» бағдарламасында айтылған «Табиғат пен көшпелі мәдениеттің бірлігі» туристік-мәдени кластерін құру, осыған байланысты шаралар жоспарын әзірлеу, халықтық қолданбалы өнер шеберлерінің көрмелерін өткізіп, олардың  жұмыстарын насихаттауға шақырды. Жергілікті атқарушы билік органдары мен аудандық мәдениет бөлімдерінің алдына қойылған тағы бір міндет – «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында кітапханалар мен клубтарды жөндеуден өткізу және сахналық киімдер тігуге, кітапханаларға газет-журналдар  жаздыруға, кітап қорын молайтып, ғаламтор байланысына қосылуға, клубтары жоқ ауылдарда клуб ашуға  бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту.
Мәдениет қашанда мемлекеттік идеологияның негізгі қайнар көзі, басты арнасы болған және солай болып та қала бермек.  Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева Қазақ хандығының – 550 және Конституцияның 20 жылдығын атап өту барысында  Мемлекеттік рәміздердің дұрыс қолданылуына, әсіресе, ғимараттардағы Мемлекеттік Тудың дұрыс орналастырылуына  ерекше мән беру қажеттігіне назар аударды. Осы орайда, тұрғындармен жүргізілер идеологиялық жұмыстарды да жандандыра түскен абзал.  Жаңа ұлттық стандарттың қабылдануына байланысты келер жылдың қаңтар айынан бастап Мемлекеттік Елтаңбаның жаңа үлгісі қолданысқа енгізілмекші. Бұл атаулы шара да тыңғылықты дайындықты қажет етеді. Басқарма басшысы өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу мәселесіне де тоқтала келе, барлық орта мектептер мен техникалық және кәсіптік білім ошақтарында әскери-патриоттық клубтарды құрудың да айрықша маңызды екендігін еске салды.  Осы мақсатта аталған басқарма мен оның бөлімдерінің атқарып жатқан жұмыстары да аз емес.  Нақтырақ айтсақ, аталған мекеме мемлекеттік мерекелерді өткізу жөніндегі заңнаманың сақталуын,  ол мейрамдарды  неғұрлым жоғары деңгейде өткізу бағытында жаңашылдықтардың енгізілуін қадағалайды.  Алайда, жұмыс барысында кездесер әттеген-айлар да болып тұрады. Мәселен, аудандарда құрылған баспасөз қызметтері өңір тынысы туралы жарияланған  жағымсыз материалдарға әлі де немқұрайлылықпен қарап келеді.  Аудан әкімдерінің жеке блоктарына тұрғындардан келіп түсетін өтініштердің саны да саусақпен санарлық. Бұл өз кезегінде билікке деген сенім деңгейінің төмен екендігін көрсетеді. «Отау ТВ» отандық сандық телеарналар жүйесін орнату көрсеткіші де аймақтар бо-йынша тек 33 пайызды ғана құрап отыр.  Ендігі кезекте осы бағыттағы жұмыстардың қарқынын ұлғайтып, өз ақпараттық кеңістігімізді сырт күштердің ықпалынан  қорғап қалуға күш салуымыз  қажет.
–Біздің алдымызда «100 жаңа тұлға» бағдарламасы шеңберінде  жастар арасынан қоғамдық пікірдің жаңа көшбасшыларын анықтау міндеті тұр.  Істері өнегеге толы аға буынның  ізін жаңа ұрпақ өкілдері басып келеді, бүгінгі күннің қаһармандары пайда  болуда. Міне, солармен және үкіметтік  емес ұйымдармен жұмысты оң жолға қойған жөн, – деп атап өтті өз  сөзінде Гүлжанар Шөкеева.  
Ал,  бұқаралық спортты дамыту  және  спорттағы жоғары  жетістіктер жайлы облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Надежда Патюткина баяндама жасады. Басқарма мен оның бөлімдері тұрғындар арасында жүйелі түрде спортпен айналысушылар санын арттырып, бұқаралық спортты дамыту  бағытында  жұмыс істейді.    Аймақ бұл көрсеткіш жөнінен республикада он екінші орында тұр. Алайда, бұл есептің нақтылығына күмән көп. Себебі, өздігінше дене шынықтырумен айналысып, кәсіби спорттан қол үзгендер жетерлік. Баяндамашы спорт алаңдарының  жеткіліксіздігін өз сөзіне арқау етті.  Мәселен, былтырғы жылдың алғашқы жартыжылдығында  облыс бойынша 18 спорттық нысан салынса, жыл басынан бері мұндай бірде-бір нысан бой көтермеген.  Бүгінде ауылдық жерлерде 147 спорт әдіскері еңбек етіп жүр. Алайда, мұның өзі аздық етеді.  Кейбір елді мекендерде аталған әдіскерлердің міндеті әкімдік мамандарына жүктелген. Ол өз кезегінде сапаға кері әсерін тигізбей қоймайды. Спорттық құрал-жабдықтардың жеткіліксіздігі, қаржыландырудың аздығы да  өзекті мәселе. Оларды шешу үшін нақты шараларды қолға алу керек.
Облыстық дін істері басқармасының басшысы Сәуле Ыбыраева жергілікті жердегі діни ахуал жайлы әңгімелеп берсе, облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов аталған алқалы жиынды түйіндеп, айтылған мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.
–Сіздердің жұмыстарыңыздың басты көрсеткіші – нәтиже.  Ақталып, сылтау іздеудің қажеті жоқ. Алға қойылған міндеттерді орындап, жұмыста нәтижелілікке қол жеткізу сіздердің тікелей міндеттеріңіз, – деді ол.
Жиын аяқталған соң облыс әкімінің орынбасары өңірдегі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар