Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«БЕСҚОНАҚ» КЕЛДІ! - АРҚА АЖАРЫ

«БЕСҚОНАҚ» КЕЛДІ!

ЕРТЕДЕ ҚАЗАҚТАР БҰЛ КЕЗДЕ САПАРҒА ШЫҚПАЙТЫН, МАЛДЫ АЛЫСҚА ЖАЙМАЙТЫН БОЛҒАН!

Соңғы бірер күнде ауа райы мінез танытып, дауылдатып, жауындатып, қар да жауып борап тұр. Дауылдан келген залал да бар. Ауа райының бұл жағдайы Қазақстанның түстік облыстарының біраз жерінде орын алды. «Сәуір болмай, тәуір болмас» дегенге қарамастан күн салқындап, жаңбыр, тіпті қар да жауып жататын осы кезді қазақ «бесқонақ» немесе «от амалы» деген көрінеді.
Жалпы, біздің халқымыз күн райын оның қас-қабағына қарап болжап отырған ғой. Ата-бабаларымыз «бесқонақ» келер алдында айға қарап барып, малын көкке шығарып, жайып отырған. Сәуірдің 5,6,7-сі күндері ай тоғысады. Осы үш күндегі ай тоғамына қарап, қазақ алдағы бір жылдың ауа ра-
йын болжап отырған. Осы ай тоғысынан кейін көп ұзамай «бесқонақ» басталады.
«Бесқонақтың» басталу уақыты әр өңірде әр түрлі болып келеді. Бір аймақта бұл құбылыс 17-23 сәуірде болса, басқа бір өңірде сәуірдің 8-і кіріп, 18-і шығады деп болжаған екен. Ал, батыс аймақта «бесқонақ» 13-18 сәуір аралығында болады.
«Бесқонақ» келгенде күн суытып, қыс қайта басталғандай дала борап, жаңбырлатып, тіпті қар да жауады. «Бесқонақ» күндері қазақ сапарға шықпаған, малды да алыс жерге жаймаған. Себебі, бұл күндері ауа райын болжау қиын екен.
Қазақ сәуірде жауатын алғашқы жаңбырды жақсылыққа жорыған. Сәуірдегі жауынға қазақтар басын тосып: «Көктемдегі жауын – сауып тұрған сауын» деп айтқан деседі. Яғни, сәуірде жауған жаңбырдың емдік қасиеті бар деп есептелген. Халық сол жаңбырға басын тосса, жыл бойы басы ауырмайды, ауыртпалықтар кетеді деген наным болған.
Баяғыда бес адам жаз шықты деп жеңіл киініп, келесі ауылға қонаққа аттанған дейді. Жолда аяқ астынан қарлы боран соғып, күн суытып кетеді. Сол жолда келе жатқан бес қонақтың бесеуі де адасып мерт болады. Осы оқиғадан кейін бұл күндерді «бесқонақ» деп атап кеткен екен.
Қазір еліміздің басым өңірінде жауып жатқан қарлы жаңбыр, осы «бесқонақтың» келгенін білдіреді. Біз ендігі арада табиғатпен етене өскен қазақ халқының ауа райын болжау тәжірибесін зерделеу-
ге де ден қойғанымыз абзал болар еді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар