Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Басты мұрат – бірлікті сақтау - АРҚА АЖАРЫ

Басты мұрат – бірлікті сақтау

 Ұлт Көшбасшысы ұсынған бес институттық реформа  дамуымыздың  тағы бір даңғыл жолы болары сөзсіз.  Себебі, ол жүз қадамнан тұратын Ұлт жоспарын жүзеге асырудың нақты тетіктерін көрсетіп беріп отыр.

  Жаһандағы  келешегі кемел, өсу қарқыны жедел мемлекеттердің қатарынан көріну – алға қойған басты  мақсатымыз болып отыр. Осы жолда аталған реформа  біздің қолға алар, атқарар шараларымызды дәлдеп бергендей. Бұл тек өсу жолымыз ғана емес, жаһандық және ішкі сын-қатерлерге берер біздің тиесілі жауабымыз да.  Бүгінгідей алма-ғайып заманда мұндай беріктік қоры ауадай қажет. Қарапайым түсінік тұрғысынан алар болсақ,  аталған реформаларды жүзеге асыру біздің ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын қарастырар қамымыз дер едім.
Мен әсіресе,  аталған маңызды құжаттың бірінші бағытына айрықша тоқтала кетсем бе деймін. Президент алғашқы кезекте, экономикалық бағдарламаларды және мемлекеттік қызметтер көрсетуді сапалы жүзеге асыруға жауапты заманауи кәсіптік автономдық мемлекеттік аппарат құру қажеттігін атап өтті. Ол ең алдымен, мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімдерін жаңғыртудан басталуға тиіс.  Яғни, біз көсегемізді көгертер «көкесінің балалары» емес, нағыз кәсіби мамандар екендігін естен шығармауымыз керек. Ол үшін
Елбасы мемлекеттік аппаратқа қабылдауды ең төменгі сатыдан бастауды, сол арқылы талапты жастарға жарқын болашақтың жолын ашуды ұсынып отыр. Ұлт жоспарында айтылғандай, халыққа қызмет етер азаматтар сол халықтың ішінен, іскерлік қасиеттері ескеріле отырып таңдалса, онда билікке деген ел сенімі де, оның қауқары да артар еді. Осы орайда, аппараттағы жаңа құрылым – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  алдына мемлекеттік қызметке біркелкі іріктеу рәсімін жасап,  талапкерлерді үш сатылы сынақтан өткізу міндеті жүктеліп отыр. Билік тізгінін тек білім-білігі жететіндер ғана ұстауы үшін жұмысқа енді қабылданғандарға үш айдан алты айға дейінгі сынақ мерзімінің белгіленуі, жалақыны тек еңбектің нәтижелілігіне қарай төлеу де оң әсер етпей қоймайды деген ойдамын. Ведомство мен жеке қызметкер алға қойылған жоспарды ойдағыдай орындай алмаса, алар табысы қысқара береді. Бұл бір жағынан жұмыс қарқынын ұлғайтуға, ал, екінші жағынан қызметкерлерді ынталандыруға септесер еді. Еңбекақыға өңірлік үйлестіру коэффициенттерін қосуды қарастыратын тетік болса, әсіресе, шалғай елді мекендердегі мамандар тапшылығын шешеді. Бұл екінің бірі қалаға ағылып жататын астаналық аймақ үшін аса маңызды.
Қазір қайбіріміздің, әсіресе жастардың бас қатырар негізгі мәселесі – баспана, үй-күйдің жайы. Қаншама отбасы пәтер жалдап жүр. Ауыстырылатын мемлекеттік қызметшілерге қызметтік пәтерлер беру де талай түйткілдің түйінін ағытады. Жалақысы онсыз да шамалы мамандарға бұл айтарлықтай көмек, риясыз қамқорлық емес пе? Жүз нақты қадамның ішінде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін ұдайы жоғарылатып отыру жағы да қарастырылған. Жұмыс тиімділігін арттыру үшін, сондай қажеттілік туындап жатса, шетелден маман тарту да көзделіп отыр.
Халықтың билікке деген сенімін қалыптастыратын негізгі тұлға –мемлекеттік қызметші. Сондықтан да, ол сол үдеден шыға білуге, берген антына адал болуға тырысуы керек. Міне, осы нормалар жаңадан қабылданар Этикалық кодексте көрініс таппақшы. Аталған мәселелер бойынша этикалық мәселелер жөніндегі жаңа уәкілетті өкіл лауазымын бекіту  – мекемелерде жиі орын алып тұратын тұрғындар мен мамандар арасындағы түсініспеушіліктің алдын алуға жасалған нақты қадам.
Аталған реформаларды, Жолдаулар мен стратегияларды жүзеге асыруда біз алға жалғыз мақсат қоямыз. Ол – еліміздің болашағын жарқын ету, экономикалық дамуды жеделдету арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру. Алайда, мұның барлығының тек елде бірлік болған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін жағдай екендігін естен шығармауға тиіспіз. Оған көз жеткізу үшін мысалды алыстан іздеудің қажеті жоқ. Арасы ажырамастай дос,
бауыр болған көршілеріміз де қазір қырғи-қабақ болып жатқан жоқ па? Міне, біз осындай келеңсіздіктерге жол бермеудің қамын жасаудамыз. Қазақстан халқы Ассамблеясындай жаһанда теңдесі жоқ бейбітшілік пен келісімнің ғажап институты алдағы уақытта да тұрақтылығымыз бен тыныштығымызды сақтап қалудың, бірлігімізді ғұмырлы етудің барлық тетіктерін қолға ала беретін болады.  Біз де өз кезегімізде татулық туын жықпауға талпынамыз. Себебі, «Қазақстан» деп аталатын жалғыз Отанымыздың тұтастығының бұзылмауына мүдделіміз.  Ол үшін бауырластығымыздан айырылмайық, достығымыз ажырамасын деген тілек айтамын.
        
Светлана КОРНЕЕВА,
«Видергебурт» Ақмола облысының
неміс қоғамы» қоғамдық
бірлестігінің төрайымы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар