Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Білім ошақтарына оқулықтар жеткізілуде - АРҚА АЖАРЫ

Білім ошақтарына оқулықтар жеткізілуде

 Жібек жолы ауылындағы Иманжүсіп  Құтпанұлы атындағы орта мектепте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әлтаир Ахметовпен өткен кеңесте 2015-2016 оқу жылына  оқулықтарды сатып алу мәселесі жан-жақты талқыға түсті. Кездесуді облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов жүргізді.

  Басқосуға  оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесіне жетекшілік ететін білім бөлімдерінің басшылары және көлік қызметінің жабдықтаушылары қатысты. Алғашқы болып сөз алған бақылау комитеті төрағасының орынбасары білім ошақтарын оқулықпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіре түсу қажеттігін алға тартты. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың қаңтар айында барлық оқу ордаларына қажетті әдебиеттер саны анықталып, сәуір айында мемлекеттік сатып алу өткізілген. Осы орайда, тамыздың 10-на дейін барлық  білім беру нысандарына оқулықтардың жеткізілу қажеттігі айтылды. Ал, аталған талап орындалмаса, жауапты тұлғалар жауапкершілікке тартылмақ. Бүгінгі таңда облыстың білім беру ошақтарының 85 пайызы оқулықтармен толыққанды жабдықталған. Республика бойынша Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында бұл мәселе әлі де болса шешімін таппай тұр.
Облыста 2015-2016 оқу жылына  оқулықтарды сатып алу мәселесі жөнінде облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова кеңінен әңгімелеп берді. Үстіміздегі жылы оқушылардың оқулық іздеп, сарсаңға түспес үшін  598,2 миллион теңге қаржы бөлініпті. Бұл  өткен жылмен салыстырғанда 223 миллион теңгеге артық. Оқушылар қажетті әдебиеттермен жүз пайызға қамтылу үшін бұл қаражат жеткілікті. Барлық аудандар жүктелген міндеттерді орындауда. Тек Ерейментау және Зеренді аудандарында оқулықтарды білім беру ұйымына жеткізу басталған жоқ.
Бұдан соң Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Асылхан Әлжанов  оқулықтармен қамтамасыз етуде жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде сөз қозғады. Өңірде білім бөлімі «Атамұра», «Мектеп» және «Білім» баспаларымен тығыз жұмыс жасайды. Маусым айының ортасында бірінші тапсырыс жасалып, бүгінге дейін оң мыннан астам кітап жеткізіліпті.  Сондай-ақ, кеңес барысында Зеренді аудандық білім бөлімінің басшысы Жангелді Уаисов және Степногорск қаласындағы №3 көпбейінді мектеп-гимназиясының  жалпы мектептік ата-аналар комитетінің төрайымы Татьяна Фадеева түйткілді мәселе жөнінде өз пікірлерін білдірді.
Қазір барлық аудандарда білім ошақтарын оқулықтармен қамтамасыз ету үдерісі жақсы қарқын алған. Тіпті, Есіл ауданы мен Көкшетау қаласында бұл жұмыс толықтай тәмамдалыпты. Ал, басқа аудандардың білім бөлімінің басшылары белгіленген мерзімде оқулықтар жеткізіледі деп сендірді. Отырыс соңында Әлтаир Ахметов облыста атқарылған жұмысқа оң бағасын берді. Әрі оқушыларға оқулықтардың дұрыс үлестірілуін ата-аналар да қадағаласа, келеңсіз жайттар орын алмайтынын айтты. Сол себепті, ата-аналар мен мұғалімдер қоян-қолтық жұмыс істегені жөн деп сөзін қорытындылады.

 

Ырысгүл АШУОВА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар