Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сараптамалық орталық – өміршең құрылым - АРҚА АЖАРЫ

Сараптамалық орталық – өміршең құрылым

 2015 жыл –  Қазақстан үшін айрықша жыл. Биыл Қазақ хандығына  – 550, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 70, Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толып отыр.  Осы орайда, жиырма жыл аз ба, әлде көп пе деген сауал оралады ойымызға. Қалай десек те, осы уақыт ішінде бұл қоғамдық институттың баршаға танылып, көпті мойындатып үлгергендігін  ескере кеткен жөн.

  Қазақстан халқы Ассамблеясының бүгінде қазақстандықтарды біріктірудің  басты құралына айналып отырғандығы баршаға аян.   Бұл қоғамдық институтқа конституциялық мәртебенің берілуі оның қызметінің аса маңызды екендігін көрсетсе керек.  Ассамблеядан Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайланатын тоғыз депутат  барша ел халқының атынан биліктің жоғары мінберінде сөйлеуге, азаматтардың өтініш-базына, талап-тілектерін уәкілетті органдарға жеткізуге мүмкіндік алып отыр.  Ал, ол өз кезегінде ұйымның қоғамдық-саяси маңызын арттыра түскендей.  Ендеше, ағымдағы жылдың Ассамблея жылы деп жариялануы тегіннен-тегін емес. Қазір ол біздің ортақ үйіміздегі тыныштық пен тұрақтылықтың негізгі іргетасы ретінде қалыптасып отыр.
Ассамблеяның ең жоғары органы сессия болып табылады.  Ол ел Президентінің төрағалығымен өтіп тұрады. Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен өтетін бұл жиындарда қаралған мәселелер барлық мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарында басшылыққа алынады.   Ал, жұмыс органы – Президент Әкімшілігінің жеке бір бөлімі қатарындағы  Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы. Биліктің ең жоғары тармағы  санатында болғандықтан, мемлекеттік басқару мен  қоғамдық қатынастар саласында институт тиімді жұмыс жасап келеді.
Аталған ұйымның ресми сайтында  ассамблеяның құрамына  ғылыми-сараптамалық кеңес, «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры» қоғамдық қоры,  Ұлтаралық қатынастар мәселелері
бойынша журналистер мен сарапшылар клубтары, «Тіл дарын» тілдерді оқытудағы инновациялық технологиялардың әдістемелік орталығы және кәсіпкерлер қауымдастығы кіретіндігі атап көрсетілген.
Бұл жерде  елімізде тәжік, өзбек, ұйғыр, украин тілдерінде сабақ беретін 88 мектептің барын да тілге тиек ете кеткен абзал.  Тағы 108 мектепте 22 этностың тілі  еркін пән ретінде оқытылады.
Республика бойынша 195 мамандандырылған лингвистикалық орталық жұмыс істейді. Онда тек балалар ғана емес, елімізді мекендеген ұлттар мен ұлыстардың тілін меңгеруге талпынған кез-келген адам оқи алады.  Дәл осындай мектеп бізде де бар. Облыс орталығындағы «Шаңырақ»  тілдерді оқыту мектебінен тіл ұстартуға ынталылар  мемлекеттік тілден басқа орыс, кәріс, татар, ингуш, неміс, поляк, армян тілдерін де үйренеді.
Өңірлерде Ассамблеяның құрылымдық бөлімдерін облыс әкімдері басқарады. Оның құрамы сол аймақтағы этно-мәдени бірлестіктер мен басқа да қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың  өкілдерінен  және өз ортасына беделді азаматтардан құралады. Сондай-ақ, жергілікті жерлерде аталған ұйымды ғылыми және сараптамалық тұрғыдан қолдайтын  ғылыми-сараптамалық топтар бар.
Біздің облысымызда ғылыми-сараптамалық орталық жұмыс істейді.  Оған өңірге белгілі ғалымдар мен сарапшылар мүшелік етіп келеді.  Марина Тавлуй, Нина Митчинова, Гүлнәр Каженова, Әлия Ахетова, Әсия Ахетова, Анна Свинарчук  сынды ғалымдардың есімдері ғылыми ортаға етене таныс.  Аймақтағы ұлтаралық қатынастарды зерделеу мақсатында олар түрлі бағыттағы шараларды ұйымдастырып тұрады, солардың нәтижесінде тиісті  органдарға ұсыныстар әзірленеді.
Былтырғы жылы этносаясат саласында «Тіл, мәдениет, диаспора: Еуропа қазақтары»  ұжымдық монографиясы,
«Диаспора» библиографиялық анықтамалығы, «Қазақстандық көпмәдениеттілік кеңістігіндегі этникалық доминанттар» сияқты ғылыми еңбектер жарық көрді.  Бұдан басқа, орталық мүшелері өңірдегі этносаралық тұрақтылық мәселелерін өз  зерттеулеріне арқау етіп, түрлі деңгейде конференция, дөңгелек үстелдерді де ұйымдастырып тұрды.
Осы орайда, аймақтағы екі іргелі оқу ордасында Ассамблея кафедраларының ашылғандығын мақтанышпен атап өткен жөн.  Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мен Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде толеранттылық кафедралары жұмыс істейді.  Оларды ұлттық бірлік идеясы – «Мәңгілік елді» жалпақ жұртқа жеткізуші алтын көпір десек те болады.
Міне, осындай оңтайлы жағдайлардың арқасында Ақмола сияқты мультимәдениетті өңірді 100-ден астам ұлт өкілі мекендеп келеді. Мұнда оларға тұрып, өмір сүруге, дамуға және жан-жақты жетілуге қажетті жағдайлардың барлығы жасалған.  Бұл еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің басты кепілі – ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасы.  Біз, ғылыми орта татулық пен тұрақтылықты сақтаудағы оның бастамаларын толығымен қолдай отыра,  елімізде бірлік туының мәңгі жығылмауын тілейміз.

Белла ГАЗДИЕВА,
Қазақстан халқы Ақмола
ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық орталықтың жетекшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар