Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақшасы қатып тұр - АРҚА АЖАРЫ

Қазақшасы қатып тұр

 Бала кезінен қазақша сөйлеп, қатарластарына үлгі болып жүрген жас өреннің бірі – Илхам Байрамов.

  Ол Көкшетау қаласындағы №17  орта мектептің 4 «Е» сыныбында оқиды. Әкесі – әзірбайжан, ал, анасы – неміс ұлтының өкілі болғанымен, бұл отбасының балалары – Ислам мен Илхам мемлекеттік тілді жетік меңгерген.  Біздің кішкентай  кейіпкеріміз қазақшаны бір кісідей білгендігін ұстазы Меруерт Мерекеқызының арқасы деп біледі.
Бүгінде Илхам – тек мектепішілік қана емес, қалалық, облыстық деңгейде өтетін мәдени шаралардың белсенді қатысушысы. Оның осы жан-жақтылығын сынып жетекшісі Маргарита Беймарт та ерекше атап өтті. Мұғалімі оны өте көпшіл, ашық, әртістік қабілеті жоғары шәкірт ретінде бағалап отыр. Ұстазының айтуынша,  Илхам сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің де, көркемсөз оқушылардың да байқауына қатысып үлгереді. Спорт та, табиғат пен ғарыш жайлы деректер де оған қызық. Әсіресе, жас өркеннің мемлекеттік тілді терең білуге деген құлшынысы жоғары.
Ұлтым – әзірбайжан, атам – Байрам,
Әкем – Замин, өз атым – Илхам,
Отаным – Қазақ елі, мекенім – Көкше
                                                            жері.
Анашым – Ольга, көп ұлттан туыс
                                                       таптым.
Ұстанам ислам дінін, сүйемін қазақ тілін,
Қуанып қарсы аламын, тәуелсіз елдің
                                                          күнін,
– деп Илхам жүрген жерінде мақтанып жүреді.  
Талапты жас қазақшадан басқа, әзірбайжан, орыс тілдерін жетік меңгерген. Арманы да асқақ. Ендеше, біз өз тарапымыздан оған талабыңа нұр жаусын демекпіз.

Перизат ӘБІЛҚАСЫМҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар