Футболдан Италия чемпионаты 20 маусымда қайта жалғасатындығы туралы Италияның спорт министрі Винченцо Спадафора хабарлапты. Коронавирус инфекциясына байланысты бұл елде футбол ойындарын өткізу кейінге шегерілген-ді. А сериясында 26-тур ойындары 9 наурыз күні өткізілді. Командалар алдағы уақытта 12 ойын өткізуі тиіс. Қазір А сериясында 26 ойыннан кейін «Ювентус» 63 ұпаймен көш бастап келеді. Одан кейінгі орындағы «Лацио» клубының еншісінде – 62, «Интердің» 54 ұпайы (25 ойыннан кейін) бар. Ал футболдан Англия Премьер-лигасы 17 маусымда қайта жалғасады. Сондай-ақ. футболдан Испания чемпионаты 11 маусымда жалғасатын болады.