Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Прокуратура пайдаланылмай жатқан 1,5 миллион гектар жерді анықтады - АРҚА АЖАРЫ

Прокуратура пайдаланылмай жатқан 1,5 миллион гектар жерді анықтады

Еліміздің ең басты байлығы – жер. Ал сол жерді ұзақ мерзімге жалға алып, пайдаланбай босқа ұстап отыратын заңды және жеке тұлғалар бар. Прокуратура сондай пайдаланылмай жатқан жер телімдерін анықтап, құзырлы органдарға прокурорлық актиы жіберді. Осының нәтижесінде жалпы аумағы 120 мың гектар, құны 1,8 миллиард теңгені құрайтын 170 жер телімі мемлекет иелігіне қайтарылды.
Прокуратура жер телімдерін алып қою шарасын басқа мүмкіндік болмаған жағдайда ғана жасайды. Негізгі мақсат – жер телдімдерін тиісті мақсатқа пайдалану, сөйтіп басты байлығымыз – жерді халық игілігіне жарату. Қадағалаушы органның араласуымен биылғы жылдың басынан бері құны 5,3 миллиард теңге, аумағы 567 мың гектар болатын 500 жер телімі пайдаланыла бастады. Яғни, бұл жердің иелері алқапқа егін егіп, мал бағып, оны кәдеге жарату арқылы өзі табыс табады және салық түрінде мемлекетке кіріс түсіреді.
Қ.КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар