Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тәулігіне – 600 тонна сұйық май - АРҚА АЖАРЫ

Тәулігіне – 600 тонна сұйық май

Бұланды ауданының өнеркәсіптік саласы тағы бір жаңа кәсіпорынмен толыға түспек. Бұны аудан орталығы Макинск қаласында құрылысы қарқынды жүріп жатқан өсімдік майы зауытымен байланыстыруға болады. Аудан басшылығы маңызды жобаны қолдап, темір жолға жақын аумақтан 20 гектар жер бөліп, тиісті көмек-қолдау көрсетіп отыр.

«Бота 2015» аталатын жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Василий Боревичтің айтуынша, май зауыты туәлігіне 600 тонна шикізат өңдейтін болады. Зауыт құрылысы былтыр басталған екен. Равиль Танкибаев басқаратын «ИБИС-К» құрылыс компаниясының құрамында жүзден астам адам жұмыс істеп жүрсе, бұлардың басым бөлігі жергілікті тұрғындар екендігі құптарлық.
Бізге берілген мәлімет бойынша, зауыт шикізаттан тапшылық көрмейді. Кәсіпорын Бұланды, Бурабай, Біржан сал, Ақкөл және Астрахан аудандарымен келісім-шарт жасасып, әріптестеріне кестелі жоспар жолдаған. Аталған аудандардың барлығы да майлы дақылдар алқабының көлемін біршама ұлғайтқаны зауыттың өнімді жұмысын кепілдендіреді.
–Біз жабдықтарды Германия, Ресей, Қытай, Түркиядан жеткізуге мәміле жасағандықтан, коронавирустық жағдайға байланысты кідірістер болды, – дейді бізді құрылыс жұмыстарымен таныстырған бас инженер Дмитрий Быков. Әйткенмен, мемлекеттік қолдау шараларының арқасында жұмыс жандана бастады. Соның нәтижесінде еңбек өнімділігі де артып, зауыт құрылысының 70 пайызы дайын деп айта аламыз. Әсіресе, толықтай дайын тұрған терминал қоймамыз сапалық талаптарға сай екендігін бөлектеп айтқым келеді. Өйткені, мұнда 11 мың тонна дайын өнім сақталады.
Зауытта жұмыс істеп жүрген жергілікті жігіттермен сөйлескенімізде, оларға тиісті жағдайлар жасалғандығы, еңбекақының көңілден шығатыны, кәсіпорын іске қосылатын биылғы жылы осында қалсақ деген тілектер айтылып жатты.

Бақберген Амалбек,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік Ескенов.
Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар