Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Конкурс өткізудегі жаңашылдықтар - АРҚА АЖАРЫ

Конкурс өткізудегі жаңашылдықтар

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі. Ол қағида Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген. Ағымдағы жылдың наурыз айында аталған ережелерге конкурстық іріктеу рәсімін жаңғыртуға бағытталған бірқатар өзгерістер енгізілді.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Бұған дейін бақылаушылар ретінде отырыстарға азаматтардың белгілі бір санаттары ғана қатыса алатын, мысалы, БАҚ, қоғамдық бірлестіктер, саяси партиялар, мемлекеттік органдар өкілдері немесе депутаттар.
Бүгінгі таңда конкурстық комиссияның отырысына Қазақстан Республикасының азаматтары, он сегіз жасқа толған, оның ішінде уәкілетті органның мемлекеттік қызмет істері жөніндегі қызметкерлері бақылаушылар ретінде қатыса алады.
Бұл үшін конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон арқылы немесе электрондық пош-та арқылы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей мемлекеттік органның кадр қызметіне хабарлау қажет.
Жалпы конкурсқа қатысушылар ұсынатын құжаттар саны 8-ден 3-ке дейін қысқарды. Жалпы конкурсқа қатысу үшін енді мынадай құжаттар ұсынылады. Нысан бойынша өтініш. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі. Білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың нотариалды куәландырылған көшірмелері.
Бұл ретте, үміткерде заңнаманы білуге тестілеуден өткені туралы сертификаттың және жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы қорытындының болуын персоналды басқару қызметі «Е-қызмет» жүйесі арқылы тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және заңның 27-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлға құжаттар ұсынылған күнге дейін бір айдан аспайтын мерзімде тиісті персоналды басқару қызметімен расталған нысан бойынша өтініш пен қызметтік тізім ғана беріледі. Сонымен қатар, конкурсқа қатысушы мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.
Кандидаттармен әңгімелесу өткізу үшін конкурстық комиссия әрбір жарияланған бос лауазым үшін тиісті бос лауазымның лауазымдық өкілеттіктерін ескере отырып, конкурстық сұрақтардың оннан аспайтын бағыттарының тізбесін, сондай-ақ, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың басшылары лауазымдары үшін тиісті мемлекеттік органның қызметі саласындағы эссе тақырыптарының тізбесін А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаты бойынша қалыптастырады.
Конкурстық сұрақтардан және эсседен басқа конкурстық комиссияның кандидаттарды іріктеудің өзге де құралдарын қолдануына жол беріледі. Бұл ретте, ережеде көзделмеген кандидаттарды іріктеу құралдарын қолдану туралы ақпарат конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
Конкурсқа қатысушы және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін. Осылайша үміткер үйден шықпай, әңгімелесуден өтуге мүмкіндігі бар. Әрбір үміткермен әңгімелесу, эссе жазу, сондай-ақ, өзге де іріктеу құралдарын өткізу барысы техникалық бейнежазба құралдарының көмегімен тіркеледі.
Бұдан басқа, үміткердің келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі. Әңгімелесу және іріктеудің өзге де құралдарын өткізу кезінде кандидат, егер бұл конкурстық комиссия отырысының барысына кедергі келтірмесе, техникалық жазба құралдарын да пайдалана алады. БҚК кандидаттың келісімі болған кезде мемлекеттік органның интернет-ресурсында оның конкурстық комиссиямен әңгімелесуінің бейнежазбасы орналастырылады.
Осылайша конкурстық рәсімдердің барынша ашықтығы заңнамалық деңгейде қамтамасыз етілген.

Мәншүк ОМАРОВА,
Ақмола облысының білім саласында
сапаны қамтамасыз ету департаментінің
бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар