Байқау

Балалар үлкендерді мейірімді де қамқор болуға шақырады

Балалардың республикалық «Жануарлар – менің достарым» сурет конкурсына 3 мыңнан астам бала өтініш жіберді. Жас таланттар сурет салып қана қоймай, сүйікті жануарымен таныстырып, эссе жазып, бейнекөрініс түсіріп, үлкендерді жануарларға қамқорлық көрсетуге, мейірімділік танытуға және оларды жақсы көруге шақырды.

1 сәуірде басталған конкурс маусым айының соңына дейін жалғасады. Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен балалар қатысып жатыр. Біреуі үйіндегі сүйікті жануарын фотоға түсірсе, енді біреулер сынып болып өтініш жіберген. Байқау шарты бойынша бейнематериал түсіру міндетті емес, соған қарамастан, қиялына ерік берген кішкентайлар жер-ана мен жыбырлаған жануарды қорғау керектігін шырылдап тұрып жеткізген. Эсселер ішінде аңшылықты сынға алған да бала бар. Бір сөзбен, жас ұрпақ тірі жанға қиянат жасауға болмайды деп дабыл қағады.
–Үп-үлкен және есті адамдар кішкентай ғана әлсіз төрт аяқтыларды қалайша қаңғытып жіберетіні менің миыма сыймайды, – деп жазыпты Сарыөзектің оқушысы Ақжан Қайырбекқызы эссесінде. – Тым болмаса оларды иесі жоқ жануарларға арналған орталыққа өткізуге болады ғой. Адамгершілігімізді жоғалтпайықшы, үй жануары мен жер бетіндегі барлық жануарды қорғайықшы. Және өтінерім, үйсіз қалған жануардың жылы ұя, сүйікті қожайын табуына көмектесейік.
Конкурс Қазақстан Президентінің қамқорлығымен, БҰҰ қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында, Білім және ғылым министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, «Балалар Әлемді Бейнелейді» Қоғамдық Қоры, бас серіктес «Edu Stream» компаниясы мен «Настоящий Буратино» серіктестігінің қатысуымен өтіп жатыр.
Конкурстың бас демеушісі – Edu Stream оқу орталығы.
Туындыны түпнұсқада мына пошталық адреске: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050026, М.Әуезов көш., 14а. «Балалар Әлемді Бейнелейді» Қоғамдық Қоры, «Жануарлар – менің дос-тарым» байқауына жіберу керек. Сондай-ақ электрондық пошта: alembala.kz@gmail.com. Толық ақпарат www.alembala.kz сайтында.
Байланыс телефоны: +77017585042, asmedia.sakana@gmail.com

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар