Қазақстан бойынша кеше барлық мектептерде түлектер үшін салтанатты түрде соңғы қоңырау соғылып, орта білім туралы аттестаттар тапсырылды.
Ақмола облысында орта білім беретін 350 мектепте 4515 оқушы бітіріп, орта білім алғандығы туралы аттестат алды. Ақмолалық 97 оқушы «Алтын белгі» иегері атанып, 187 үздік аттестатқа ие болды.
Маусымның 20-сы мен 5 шілде аралығында мектеп бітірушілердің 3718-і Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруға өтініш берді. Түлектердің 2314-і мемлекеттік тілде білім алған, қалғандары орыс тілінде оқыпты.