Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Оразақ қайта жаңарады - АРҚА АЖАРЫ

Оразақ қайта жаңарады

Облыс әкімі Сергей Кулагин кезекті жұмыс сапарымен Целиноград ауданында болып, көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Оразақ ауылында жүргізіліп жатқан тұрғын үйлер құрылысының барысымен танысты, сондай-ақ, аудан орталығында әкімдіктің көшпелі мәжілісін өткізді.

  Астананың іргесіндегі Оразақ ауылы елімізде биылғы көктемгі су тасқынына ұшыраған санаулы елді мекендердің бірі. Мұнда табиғаттың тосын апатынан көптеген үйлер тұруға жарамсыз болып қалып, қазір олардың орнына жаңасын салу жұмыстары қызу қолға алынуда. Республикалық бюджеттен бөлінген қаржы уақытында келіп түспеуінен, құрылыс кешеуілдеп басталғанымен,  облыстық әкімдіктің жедел іс-қимылының арқасында өтіп кеткен уақыттың есесі қайтарыла түсуде. Яғни, бүгінгі күнге дейін 78 үйдің іргетасы құйылып, қабырғалары көтерілу үстінде. Төбесі жабылып, шатыры шығарылған үйлер де баршылық. Жалпы, мұнда екі пәтерлі осындай жүз үйдің құрылысы жүргізілмекші. Былайша айтқанда, осынша үйден тұратын жаңа ауыл салынады десе де болады.
Осы үйлердің құрылысы қалай жүргізіліп жатқандығын өз көзімен көріп, жұмыс сапасы мен қарқынына жете назар аударған облыс әкімінің сол арада аудан, тиісті қызметтер мен ведомстволардың, мердігерлік фирмалардың басшыларының алдына қойған міндеті біреу ғана. Ол – қайткен күнде де осы үйлерді қыс түспей, тезірек салып бітіріп, уақытша баспаналарда тұрып жатқан ауыл тұрғындарын жаңа, жайлы қонысқа көшіру. Бұл үшін облыстың өз ішіндегі мүмкіндіктер жете пайдаланылуда. Алды кештеу түсіп жатқан республикалық бюджет қаржысын күткенде, іс сөз жоқ, созыла түсер еді. Сондықтан, «Есіл» әлеуметтік-өнеркәсіптік корпорациясының қаржысы, жергілікті бюджеттің басқа да түсімдері осы мақсатқа тиімді пайдаланылып, қазір ауыл қотаны үлкен құрылыс алаңына айналған. Жауапкершілік терең сезіліп, жұмыс өз ретімен жүріп жатыр.
Тікелей құрылыстың басында болған өңір басшысы осы ауқымды шаруалар сеніп тапсырылған «Іскер ТТЖ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қазан айында алғашқы үйлерді да-йын етіп, пайдалануға бере бастауды қадап тұрып тапсырды. Қазірден бастап әрбір үйдің иесі нақты анықталуы керек. Олар баспаналарын қарап, оның қалай салынатынын назарда ұстап, кем-кетіктердің кетуіне жол бермеуі қажет. Республикалық бюджеттен қыркүйек айында түсетін қаржы да құрылыс қарқынын арттыра түсуге оң ықпалын тигізетіндігі анық.
Облыс әкімімен осы жолы Оразақ
ауылында бірге болған аудан, қала әкімдері, тиісті басқармалардың басшылары да бұл елді мекенде шынымен үлкен жұмыстардың атқарылып жатқандығын өз көздерімен көріп, істің барысынан мол мағлұмат алды. Сонымен бірге, оларға табиғат апатынан туындаған күрделі мәселені бірлесе шешу жөнінен тиісті міндеттер де жүктелмей қоймады. Өңір басшысы нақты істің жайын баяндаған өз сөзінде облыста биыл екі өткір мәселе – «ұйқылы» Калачи тұрғындарын жаңа жерге көшіру және осындағыдай көктемгі су тасқыны зардаптарын жою шараларының қат-қабат келіп отырғандығына ден қойды. Бүгінгі күнге дейін облыстың бірқатар шаруашылық субъектілері Калачиден өздеріне сексен отбасын қоныстандырып үлгерген. Бұл жұмыс әрі қарай да жүйелі жалғасын табатын болады. Осы ретте, үлкен бір жүкті Жарқайың ауданы көтергелі отыр. Қоныстанушылардың біразының баспана, жұмыс жайы осы ауданда шешімін таппақшы. Есілде де бұл мақсатта 45 пәтерлі үйдің құрылысы жүргізіліп жатқандығын айта кету керек.  
–Биылша Оразақ ауылындағы оқушылар бұған дейін бос тұрған басқа  ғимаратта екі ауысыммен оқи тұрады. Ал, мектептің өзін келесі жылы тыңғылықты жөндейміз, – деп ата-аналарды алаңдатып отырған тағы бір маңызды мәселеге көңіл бөлген Сергей Кулагин бұдан кейін сол уақытша мектепте де болып, жағдайды өз көзімен көріп шығуды жөн көрді. Бірақ, өңір басшысының оның ішінің қалай жөнделіп жатқандығына көңілі толмады. Аудан әкімі, басқа да жауапты адамдарға байқалған осы олқылықтарды тез арада жоюды тапсырып, бір аптадан кейін ғимараттың жаңа оқу жылына толық дайын болуын басты міндет етіп жүктеді.
Ал, аудандық әкімдікте өткен көшпелі мәжілісте облыстың өткен жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық өзекті мәселелері кеңінен сөз болды. Алдымен республикалық бюджеттің 118,5 пайызға, жергілікті бюджеттің 97 пайызға орындалғанын атап көрсеткен облыс басшысы құрылыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы сияқты әрбір саладағы көрсеткіштерге жеке-жеке тоқталып, орын алып отырған олқылықтардың себеп-салдарына үңілді. Бұл орайда, біраз әкімдерге орындарынан тұрып, мән-жайды өз ауыздарынан түсіндірулеріне тура келді. Соның ішінде бірқатар аудандар бойынша орташа жалақының да төмен екендігі, демек, оны тез арада өсіріп, облыстық орташа көрсеткішке жеткізу қажеттігі баса айтылды. Астананың іргесіндегі Аршалы сияқты аудандардың өзінде жағдайдың осылай болып отырғаны әрине, көңілге қонбайтыны рас.
Облыста егін орағы, қысқы жылу беру маусымы да әне-міне, қыр астында тұрғандығы анық. Бюджеттен 300 миллион теңге қаржы бөлінген Бурабай ауданында қысқа дайындық тым төмен болып шықты. Облыс орталығындағы «Көкшетау жылу» кәсіпорнына пайдаланған жылу үшін тұрғындар қарызы екі миллион теңгеден асқан. Осы жағдайлардың бәрі назардан тыс қалмай, қатаң сұралумен болды. Бір қуаныштысы, биылғы егіннің шығымы жаман емес. Біраз аудандарда жақсы өнім алуға мүмкіндік бар. Тек оның уақытында пісуі ойландыра түсуде. Тағы бір алаңдатарлығы, Есіл, Атбасар аудандарында егістік алқаптары арамшөппен жиі ластанған. Бұдан барлық жерде бірдей егіншілік мәдениетіне күткендегідей көңіл бөліне бермейді деген қорытынды шығады.   
Бұдан кейін мектептерді жаңа оқу жылына қабылдап алу, жолдарды дұрыстау мәселелеріне де баса назар аударған облыс әкімі жалпы, жылдың алғашқы жартыжылдығын ақмолалықтардың жаман аяқтамағандығын баяндай келе, алдағы уақытта да бүгінгі айтылған сын-ескертпелерден тиісті қорытынды шығарылып, жұмыс одан әрі ширатыла түсетіндігіне сенім білдірді. Облыс әкімінің Целиноград ауданын аралаған бұл сапарында облыстық мәслихат хатшысы Дулат Нұрмолдин бірге болды.

 

Қайырбай ТӨРЕҒОЖА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар