Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбек адамының мүддесі заңмен қорғалады - АРҚА АЖАРЫ

Еңбек адамының мүддесі заңмен қорғалады

Біздің Ата Заңымызда әр адамның еңбек етуге деген құқығын қорғау басты құндылықтардың бірі саналады.Өйткені, ешкім өзінің еңбекке деген конституциялық құқығының аяқ асты болғанын қаламайды. Бірақ,өндірістік қызметі кезінде жапа шегіп, жарақат алатын жандар да көптеп табылады. Бұл ең алдымен кәсіпорындарда қарапайым адамдардың жұмыс істеуіне қалыпты жағдайдың жасала бермейтіндігінен де көрініс табады. Сондықтан, еңбек адамының қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды екенін ұмытпаған жөн.

Біздің тексерістеріміздің нәтижесіне көз салсақ, облыстағы көптеген кәсіпорындар мен мекемелерде еңбекті қорғау мәселесі дұрыс шешімін таппағанын көреміз. Осының бәрі өндіріс орындарындағы еңбек қауіпсіздігін талапқа сай ұйымдастырмаудан туындайды. Мысалы, мемлекеттік еңбек инс-
пекторлары еңбекті қорғау заңының талабына сай болуын қадағалау  мақсатында 191 кәсіпорынды тексерістен өткізген болатын. Тексерістердің нәтижесі бойынша кәсіпорындарда қолданылатын техника жабдықтары талапқа сай болмай шықты. Сөйтіп, ағымдағы жылдың есептік кезеңінде еңбек заңының сақталмауына байланыс-ты барлығы  340 заң бұзушылық тіркелді.Осының нәтижесінде жұмыс берушілерге 158 ескерту жасалып, 335 заң бұзушылықты қалпына келтіру жөнінде ұйғарым жасалды. Ал, заңды белден басқан 95 жұмыс берушіге 6608,5 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тек елімізде ғана емес, сондай-ақ, әлемде орын алып жатқан жыл сайынғы жапа шеккен адамдар санын азайтуға байланысты еңбекті қорғау мәдениетін құру және алға жылжыту мақсатында 28 сәуірді «Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» деп жариялаған еді. Бұл күні Мемлекеттік еңбек инспекциясы еңбекті қорғаудың мәселелеріне бағытталған қауіпсіздікті сақтау, өндірістік жарақаттың алдын алу, отандық және шетелдік оң тәжірибелерді өндіріске енгізуді басшылыққа алып, кәсіпорын ұжымдарымен кездесулер өткізді. Сондай-ақ, кәсіпорындарда Еңбек күнін енгізу мәселесі бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Өндірістік орындарда әлі де болса жазатайым жарақат алу оқиғалары орын алып келеді. Еңбек қауіпсіздігінің сақталмауынан облыс бойынша  осындай 41 оқиға тіркелді. Оның ішінде, 9-ы қайғылы жағдайға әкеп соқтырды. Осындай оқиғалардың себебі, жұмыс берушілер тарапынан еңбек қауіпсіздігі жағдайларына немқұрайлы қарау салдарынан болып отыр. Жыл сайынғы тексерістердің нәтижесінде, жазатайым оқиғалар саны әжептеуір азайған. Мұны Елбасының бастамасымен  Мемлекеттік еңбек  инспекциясы ұйымдастырған  «Еңбекке 20 қадам» атты шараның ықпалы деп те айтуға болады. Аталмыш шара аясында Астана, Көкшетау және Степногорск қалаларында оқу-әдістемелік орталықтар құрылып, 1243 басшылар мен мамандар еңбекті қорғау мәселесі бойынша оқытылып, білімдерін жетілдірді. Сондай орталықтардың қолға алуымен 100- ден аса мекемеде барлығы 5 мыңға жуық жұмысшы мамандарды оқытып, «Еңбекті қорғау заңының негіздері» атты арнайы дәріс берілді.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы  еңбекті қорғау мәселесі бойынша 102 семинар, 17 дөңгелек үстел ұйымдастырды. Сондай-ақ, облыстық  кәсіпорындардағы еңбекақыны толықтай төлеу үшін қыруар жұмыстар атқаруда. Ағымдағы жылы Ерейментау ауданындағы «Металл KZ», «ФСМК-Продукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігінде, Егіндікөл ауданының «Егіндікөл су арнасы», Бурабай ауданының «Термо-Транзит», «Бурабай Нұры» кәсіпорындарында  жұмысшыларға еңбекақының төленбегені анықталды. Аталған  мекемелерді  Мемлекеттік еңбек инспекциясы  әкімшілік жауапкершілікке тартты. Кәсіпорындар мен өндірістік орындарда өрескел заң бұзушылықтар облыстық мәжілістерде жан-жақты тыңдалады. Бүгінде «Богви» және «Бурабай Нұры» серіктестіктегі басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі қоғамдық көмектің бірі – «Ұжымдық келісімшарт жасаңдар» республикалық акция негізінде Мемлекеттік еңбек инспекциясы  мен кәсіподақ федерациясының ұйымдастыруымен осы бастама жер-жерде жүзеге асырылды. Республикалық акция жүзеге асқанға дейін 1496 ұжымдық келісім-шарт жасалса, бүгінгі таңда оның саны 4423-ті құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 10,1 пайызға көбейгенін көрсетеді.
 Осы жылы алғаш аталып өткен «Еңбек күні» мерекесі қарапайым жұмысшылардың еңбегін бағалау, оларға құрмет көрсету еңбекті қорғауда өз нәтижесін береріне сеніміміз мол.

Дүйсенбек БАЙМҰСЫНОВ,             
Ақмола облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар