Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Nur Otan» партиясының праймеризін өткізу Ережесі - АРҚА АЖАРЫ

«Nur Otan» партиясының праймеризін өткізу Ережесі

Осы Ереже алдын ала партияішілік іріктеу – «Nur Otan» партиясының (бұдан әрі – партия) праймеризін өткізу тәртібі мен рәсімін айқындайды.
Алдын ала партияішілік іріктеу – праймериз (бұдан әрі – праймериз) барлық деңгейдегі мәслихаттарға және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлау болып табылмайды және партияның барлық деңгейдегі мәслихаттарға және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсыну рәсімі болып табылмайды.

1. ЕРЕЖЕДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР
1) праймериз – Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттыққа, партияның, филиалдарының органдарына кандидаттарды ұсынуға және мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыным жасауға арналған партиялық тізімдерге одан әрі енгізу үшін алдын ала партияішілік іріктеу;
2) байқаушы – партия мүшесі, праймеризде дауыс беру барысына қадағалауды жүзеге асыратын, кандидаттың сенім білдірілген адамы;
3) есеп комиссиясы – дауыс беруді ұйымдастыру мен өткізуді, оның қорытындыларын айқындауды қамтамасыз ететін, өңірлік, аумақтық және бастауыш партия ұйымдарының деңгейіндегі учаскелік есеп комиссияларынан тұратын құрылым;
4) жария пікірсайыс – жұртшылықтың кеңінен қатысуымен, бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі – БАҚ) жариялаумен әртүрлі қоғамдық маңызды мәселелер бойынша екі және одан да көп кандидаттардың пікір алмасуы;
5) жанама сайлау – партия мүшелерінің еркі арнайы тұлғалар – филиалдар конференцияларының делегаттары (сайлаушылар) арқылы білдірілетін сайлау;
6) кандидат – осы Ережемен белгіленген тәртіпте тіркелген праймеризге қатысушы;
7) құпия дауыс беру – қатысушылар жасырын дауыс беретін дауыс беру түрі, бұл ретте дауыс берушінің еркін білдіруін бақылау жоққа шығарылады;
8) партиялық квота – тиісті мәслихаттар мен Парламенттің Мәжілісіндегі мандаттардың санынан партиялық тізімдердегі кандидаттардың үлесі.
Партиялық квотаға партияның белсенді, танымал, партияда көпжылдық еңбек өтілі бар, партиялықтар арасында беделді және халықтың сенімі білдірілетін, кәсіби қызметінде және қоғамдық өмірінде жетістіктері бар партия мүшелерінің қатарынан кандидаттар қосылады.
Осы Ережеде квоталардың келесі түрлері қолданылады:
– Аудандық және қалалық партиялық квота – партия аумақтық филиалының төрағасы айқындайтын тиісті мәслихаттардағы мандаттардың санынан 30%;
– Өңірлік партиялық квота – партияның облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық филиалдарының төрағалары айқындайтын тиісті мәслихаттардағы мандаттардың санынан 30%;
– Орталық партиялық квота – Төраға, Партияның басқарушы органы айқындайтын Парламенттің Мәжілісіндегі мандаттардың санынан 50%;
– әлеуметтік топтар бойынша квота – партиялық тізімдердің сапалы құрамына қойылатын талаптар: партиялық тізімдерде кем дегенде 30% әйелдердің және 20% 35 жасқа дейінгі жастардың болуы. Көпбалалы аналардың, қандастардың, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың және басқа да әлеуметтік топтардың өкілдері сайлаушылардың өңірлік құрылымына сәйкес енгізілуі мүмкін;
– партиялық тізімдердегі өкілдігінің квотасы – облыстық мәслихаттарға арналған партиялық тізімдердегі әрбір аудан және қала үшін, қалалық мәслихаттарға арналған партиялық тізімдерде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әрбір ауданы үшін аудандар мен қалалар сайлаушыларының мөлшеріне пропорционалды түрде айқындалатын квота;
– Парламенттің Мәжілісіне арналған партиялық тізімдегі өңірлер өкілдігінің квотасы – өңірлер сайлаушыларының мөлшеріне пропорционалды түрде айқындалатын, Парламенттің Мәжілісіне арналған партиялық тізімде әрбір облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары үшін квота;
9) рейтингтік дауыс беру – сайлаушы (партия мүшесі) оған дауыс беру үшін берілген бюллетеньге енгізілген кандидаттардың кез-келген саны үшін дауыс бере алатын дауыс беру жүйесі;
10) сенім білдірілген адам – кандидатқа праймеризге қатысуға ұйымдастыру жағынан көмек беретін партия мүшесі;
11) тікелей сайлау – партия мүшелері кандидаттарды тікелей және өзі сайлайтын сайлау;
12) штаб – кандидаттың сенім білдірілген тұлғаларының қатарынан қалыптастырылған, праймериз өткізу кезеңінде кандидатқа жұмысты ұйымдастыруға көмек көрсететін адамдар ұжымы.

2. ПРАЙМЕРИЗДІҢ МАҚСАТЫ
Парламент Мәжілісіндегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілгерілету, мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау.

3. ПРАЙМЕРИЗДІҢ МІНДЕТТЕРІ
1) «Мықты лидерлер – Мықты партия» қағидаты бойынша нақты әрі мықты лидерлерді анықтау және тарту;
2) белсенді және бастамашыл азаматтар үшін партиялық желі бойынша «әлеуметтік саты» жасау;
3) қалың бұқараны елімізді дамыту мәселелерін талқылауға тарту;
4) жүйелі өңірлік партиялық саясатты қалыптастыру үшін өзекті әрі нақты жергілікті проблемаларды анықтау;
5) қалалар мен аудандарда партия бағдарламаларының танымалдығын арттыру;
6) бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру және оларды партиялық қызметке тарту;
7) партия мүшелерінің партиялық тізімдерді қалыптастыруға қатысуын кеңейту;
8) танымал партия тізімдерін қалыптастыру;
9) кандидаттардың дербес жауапкершілігін арттыру.

4. ПРАЙМЕРИЗДІҢ ҚАҒИДАТТАРЫ
1) жарыспалылық – бәсекелестік сайлау, партияға жаңа мүшелерді тарту, партиялық кандидаттарды барынша даярлау;
2) заңдылық – Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң түрде сақтау;
3) айқындылық – партиялық тізімдерді қалыптастырудың айқын, әділетті схемасы, субъективтік факторлардың әсерін төмендету;
4) сайлау құпиясы – әрбір сайлаушының шешімі – оның жеке таңдауы, праймериздің барлық кезеңдерінде құпия дауыс беру қағидатын енгізу;
5) диалог үшін ашықтық – пікірсайыс жүргізу, барлық ниеттенушілер үшін қоғамды дамыту мәселелерін талқылау мүмкіндігі.

5. ПРАЙМЕРИЗДІҢ КЕЗЕҢДЕРІ
1) кандидаттарды ұсыну және тіркеу;
2) кандидаттарды үгітке даярлау;
3) үгіт жұмысы;
4) дауыс беруді өткізу;
5) тізімдерді дайындау.

6. ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘРТІБІ МЕН ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
6.1. Ұйымдастыру комитеттерін қалыптастыру тәртібі.
Праймеризді дайындау мен өткізу мақсатында Орталық, өңірлік және аумақтық ұйымдастыру комитеттері құрылады.
1) Орталық ұйымдастыру комитетінің құрамы мен құрылымы партия Төрағасы Бірінші орынбасарының бұйрығымен бекітіледі. Орталық ұйымдастыру комитетінің құрамы Партия орталық аппараты қызметкерлерінің қатарынан құрылады;
2) өңірлік ұйымдастыру комитеттері партияның облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық филиалдары жанынан, аумақтық ұйымдастыру комитеттері – ірі бастауыш партия ұйымдарының базасында құрылған филиалдарды қоспағанда, партияның аумақтық филиалдары жанынан құрылады.
Партия тиісті филиалдары Саяси кеңес Бюроларының шешімімен өңірлік және аумақтық ұйымдастыру комитеттерінің құрамдары мен басшылары бекітіледі. Басшылар партия филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары, орынбасарлары және ұйымдастыру комитетінің басқа да мүшелері қатарынан бекітіледі.
Өңірлік және аумақтық ұйымдастыру комитеттерінің құрамына филиалдардың қызметкерлері, партия филиалдары Саяси кеңестерінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының басшылары мен бюросының мүшелері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері болып табылмайтын «Jas Otan» Жастар қанатының мүшелері кіреді. Мүшелердің ұсынылатын саны 7-ден 20 адамға дейін.
6.2.Орталық ұйымдастыру комитетінің өкілеттіктері:
1) өңірлік және аумақтық ұйымдастыру комитеттерінің жұмысын үйлестіреді, әдістемелік сүйемелдеу көрсетеді, сондай-ақ, праймеризді өткізу ашықтығын қамтамасыз етеді;
2) Праймериз өткізудің республикалық күнтізбелік жоспарын (бұдан әрі – Күнтізбелік жоспар) және Ақпараттық сүймелдеудің медиажоспарын бекітеді;
3) партияның ресми интернет-ресурсында, БАҚ–та және әлеуметтік желілерде праймериздің басталуы туралы хабарламаны, оны өткізу барысы мен қорытындылары туралы ақпаратты орналастырады;
4) өңірлерге партиялық тізімдерді қалыптастыру критерийлерін жеткізеді;
5) бюллетеньдер нысанын, санын бекітеді;
6) Партия орталық аппараты қызметкерлерінің праймериз өткізу кезеңінде өңірлерге баруын ұйымдастырады;
7) партиялық тізімдердің сапалы құрамына талдау жүргізеді.
6.3. Өңірлік және аумақтық ұйымдастыру комитеттерінің өкілеттіктері:
1) өңірлік ұйымдастыру комитеттері аумақтық ұйымдастыру комитеттерінің, есеп комиссияларының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
2) жергілікті БАҚ-та, әлеуметтік желілердегі партия филиалдарының аккаунттарында праймериздің басталуы, өткізу барысы және қорытындылары туралы ақпаратты орналастырады, масс-медиа өкілдері үшін брифингтер ұйымдастырады;
3) бастауыш партия ұйымдары бөлінісінде Орталықтандырылған деректер базасының негізінде дауыс беру үшін партия мүшелерінің тізімдерін нақтылайды және қалыптастырады және оларды есеп комиссияларына береді;
4) кандидаттардың құжаттарын қабылдауды жүргізеді, кандидаттардың тізімдерін, оның ішінде партияның ресми интернет-ресурсындағы ақпараттық жүйеде тіркейді және қалыптастырады. Кандидаттардың сапалы құрамына қойылатын талаптарға сәйкес келуіне қатысты талдау жүргізеді;
5) жазбаша және онлайн-өтініштер негізінде партияның интернет-ресурсында бірыңғай кандидаттар базасын қалыптастырады;
6) кандидаттардың сенім білдірілген адамдарының тізімін қалыптастырады;
7) кандидаттардың жеке желілік кестелерін қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастырады және олардың іске асырылуын үйлестіреді;
8) өңірлік ұйымдастыру комитеттері кандидаттар үгіт жұмысының барысында пайдаланатын қаражат лимитін белгілейді;
9) кандидаттар үгіт барысында партия мүшелерінен алған ұсыныстарды жиынтықтауды жүзеге асырады;
10) кандидаттардың жария пікірсайыстарын ұйымдастырады;
11) жария пікірсайыстарды, дауыс беруді жүргізу кезінде қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етеді;
12) өңірлік ұйымдастыру комитеттері дауыс беруге арналған бюллетеньдер дайындау мен жеткізуді қамтамасыз етеді;
13) дауыс беруге арналған үй-жайларды айқындайды және оларды дауыс беру урналарымен, құпия дауыс беру кабиналарымен, кеңсе тауарларымен, ұйымдастыру техникасымен (оның ішінде Интернетке қолжетімділігі бар компьютермен (Интернет бар болған жағдайда), байланыспен қамтамасыз етеді. Бюллетеньдерді беру орындарын, байқаушылар мен БАҚ өкілдері үшін орындарды айқындайды;
14) есеп комиссияларының мүшелерін оқытуды өткізеді;
15) дауыс беру күні учаскелердің жұмысын ұйымдастырады;
16) үгіт жұмысын жүргізуді, жария пікірсайыстарды, дауыс беру процесін бейнетүсіруді қамтамасыз етеді және бейнематериалдарды Орталық ұйымдастыру комитетіне ұсынады;
17) сall-орталықтарының жұмысын, әлеуметтік желілер арқылы кері байланысты ұйымдастырады;
18) бастауыш партия ұйымдарының партияішілік іріктеуді жүргізу бойынша жұмысын ұйымдастырады;
19) жоғары тұрған ұйымдастыру комитетіне праймериз өткізу барысы туралы ақпаратты апта сайын ұсынады.
6.4. Ұйымдастыру комитеттері праймеризді ұйымдастыруға және өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды ағымдағы шығыстар, партиялық мүшелік жарналар, Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес ұйымдарының қайырмалдықтарының есебінен жүзеге асырады.

7. ЕСЕП КОМИССИЯЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘРТІБІ МЕН ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
7.1. Есеп комиссияларын қалыптастыру тәртібі.
Дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу, оның қорытындыларын айқындау мақсатында өңірлік, аумақтық және учаскелік есеп комиссиялары құрылады:
– өңірлік есеп комиссиялары – партияның облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық филиалдары жанынан;
– аумақтық есеп комиссиялары – ірі бастауыш партия ұйымдарының базасында құрылған филиалдарды қоспағанда, партияның аумақтық филиалдары жанынан;
– учаскелік есеп комиссиялары – бастауыш партия ұйымдарының деңгейінде.
Партияның тиісті филиалдары Саяси кеңес Бюроларының шешімдерімен өңірлік, аумақтық және бастауыш партия ұйымдарының деңгейіндегі учаскелік есеп комиссияларының құрамдары мен басшылары бекітіледі.
Есеп комиссиялары партияның белсенді мүшелері қатарынан 3-тен 9 адамға дейінгі көлемде қалыптастырылады. Есеп комиссиясының хатшысы комиссия мүшелерінің қатарынан бірінші отырыста сайланады.
7.2. Есеп комиссияларының өкілеттіктері:
1) партия мүшелеріне дауыс беруге 10 күн қалғанда дауыс беру күні, уақыты және орыны туралы хабарлайды;
2) аумақтық есеп комиссиялары дауыс беру күні учаскелік есеп комиссияларының жұмысын ұйымдастырады;
3) партия мүшелерінің тізіміне сәйкес дауыс беру күні бюллетеньдер беруді қамтамасыз етеді;
4) бюллетеньдер мен дауыстарды санауды өткізеді, учаскелер бойынша дауыс беру нәтижелерін айқындайды;
5) дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларды қалыптастырып, ұсынады.

8. ПРАЙМЕРИЗДІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ МЕН МІНДЕТТЕРІ
8.1. Партия филиалдарының төрағалары, төрағаларының бірінші орынбасарлары, ұйымдастыру комитеттерінің, есеп комиссияларының мүшелері келесілер үшін дербес жауапкершілікте болады:
1) осы Ережеге сәйкес праймериздің ұйымдастырылуы мен өткізілуі;
2) партия Жарғысының 3.6. тармағымен көзделген бұзушылықтар үшін:
– партия беделін түсіретін әрекеттері (әрекетсіздігі) немесе партия мүддесіне залал келтіретін басқа да әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін;
– партия Жарғысын, партия органдарының бағдарламалық құжаттарын, шешімдерін сақтамағаны үшін.
3) Партия мүшесі этика кодексінің 8, 9, 14, 17, 18-тармақтарын бұзғаны үшін:
– партияның беделін арттыру, оның беделін түсіретін әрекеттер жасауға жол бермеу;
– партиялық тәртіпті сақтау, партиялық этика нормаларын бұзушылыққа жол бермеу;
– партиялық беделін қасақана мақсаттарда мүліктік немесе мүліктік емес пайда табу үшін пайдаланбау;
– іскерлік этикетті сақтау, өзінің партиялық беделін атап көрсетіп, жеке мақсаттарда пайдаланбау;
– өзінің әрекеттерімен және шешімдерімен партия атына сөз келтіруге себеп бермеу, өзінің атына айтылған конструктивті сынды кемшіліктерді жою мен партиялық қызметті жақсарту үшін пайдалану. Партия мүшесі ретінде өзінің атына негізсіз кінә жария тағылған жағдайда, осы кінәлауды жоққа шығаратын ақпаратты тиісті түрде жариялауы қажет.
Бұзушылықтар үшін партия қатарынан шығаруға дейінгі партиялық жазалау шаралары қолданылуы мүмкін.
8.2. Партия филиалдарының төрағалары аудандық, қалалық және өңірлік партиялық квота бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттарға арналған партиялық тізімдерге енгізілетін кандидаттар үшін дербес жауапкершілікте болады (тиісті мәслихаттардағы мандаттардың санынан 30%).
8.3. Ұйымдастыру комитеттерінің, есеп комиссияларының мүшелері:
1) осы Ережемен жүктелген міндеттерді, жоғары тұрған комитеттің және есеп комиссиясының шешімдері мен басшысының нұсқауларын орындауға;
2) шешімдерді қабылдау кезінде бейтараптылық пен тәуелсіздік көрсетуге, сондай-ақ, кандидаттардың қызметіне жария баға беруден бас тартуға;
3) партия мүшелерінің, кандидаттардың, сенім білдірілген адамдардың дербес деректерін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.
8.4. Праймеризге ұсынылатын адамдар мен олардың штабтарының мүшелері ұйымдастыру комитеттерінің, есеп комиссияларының, партиялық бақылау комиссияларының мүшелері бола алмайды. Бір адам бір уақытта жоғарыда көрсетілген бірнеше органдардың мүшесі бола алмайды.

9. ПРАЙМЕРИЗДІҢ ӨТКІЗІЛУІН БАҚЫЛАУ
9.1. Праймериздің өткізілуін бақылауды Партиялық бақылау комитеті, өңірлік және аумақтық партиялық бақылау комиссиялары жүзеге асырады.
9.2. Партиялық бақылау комитеті мен комиссиялары:
1) партия филиалдары төрағаларының, төрағалардың бірінші орынбасарларының, ұйымдастыру комитеттері, есеп комиссиялары мүшелерінің, кандидаттардың және олардың сенім білдірілген адамдарының праймериз өткізу тәртібін, партия Жарғысын және партия мүшесінің Этика кодексін бұзғаны үшін осы Ереженің 8.1. тармағына сәйкес дербес жауапкершілігін қарастырады;
2) келесілерге қатысты өтініштер мен шағымдар бойынша шешімдер қабылдап, қарастырады:
– осы Ережемен айқындалған праймеризді өткізу тәртібін бұзу;
– ұйымдастыру комитеттерінің праймеризге қатысушыларды тіркеуден бас тарту немесе қатысушылар тізімінен шығару туралы шешімдеріне шағымдану;
3) кандидаттың праймеризге қатысу шарттарын бұзу фактілерін қарастырады;
4) Орталық ұйымдастыру комитетінің бюллетеньдерді бақылап қайта санауы кезінде анықталған деректердің сәйкес келмеу фактілерін қарастырады.

10. КАНДИДАТТАРДЫ ҰСЫНУ ЖӘНЕ ТІРКЕУ
10.1. Кандидат келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1) Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутатына Қазақстан Республикасы Конституциясының 51-бабының 4-тармағымен белгіленген талаптарға:
– Қазақстан Республикасының аумағында соңғы он жыл ішінде тұрақты тұрып жатқан және жасы жиырма беске толған Қазақстан Республикасының азаматы;
2) мәслихаттың депутатына қойылатын және Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабының 3-тармағымен белгіленген талаптарға:
– жасы жиырмаға толған Қазақстан Республикасының азаматы;
3) Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабының 3-тармағына сәйкес сайлау құқығын иеленуге:
– сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ, сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ;
4) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 4-бабының 3 және 4-тармақтарымен белгіленген талаптарға.
– сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ, сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған адам;
– сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған, соттылығы бар адам;
– сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам праймеризге қатыса алмайды және кандидат бола алмайды.
5) «Nur Otan» партиясының мүшесі болуы қажет. Кандидат ұсынылған кезде партияның мүшесі болмауына жол беріледі, бірақ ол праймеризге қатысу үшін тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін партияға кіруі тиіс.
Партияның беделін түсіретін немесе партия мүдделеріне залал келтіретін әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін партия қатарынан шығарылған тұлға праймеризге жіберілмейді;
10.2. Кандидаттарды ұсыну:
1) партияның интернет-ресурсында ұсыну мерзімі басталғаны туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап басталады және республикалық Күнтізбелік жоспарға сәйкес өткізіледі;
2) кандидаттарды ұсыну бастауыш партия ұжымының атынан немесе өзін өзі ұсыну жолымен жүзеге асырылады. Кандидаттар бір облыс, қала, аудан шегінде ғана ұсыныла алады;
3) кандидаттар праймеризге қатысу үшін құжаттарды аумақтық ұйымдастыру комитеттеріне жеке өзі немесе партияның интернет-ресурсындағы ақпараттық жүйеде ұсынады.
Қажетті құжаттардың тізбесі:
– осы Ереженің №1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш, онда мәслихат деңгейі немесе Парламенттің Мәжілісі көрсетіледі;
– жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе құжаттар ақпараттық жүйеде берілген жағдайда, түпнұсқаның сканерленген көшірмесі;
– Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінен соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
– наркологиялық және психоневрологиялық ұйымдардан анықтамалар;
– осы Ереженің № 2 қосымшасына сәйкес міндеттемелерді қабылдайтыны туралы өтініш;
– бастауыш партия ұйымы (бастауыш партия ұйымынан ұсынылған кандидаттар үшін) жиналысының хаттамасы;
– партиялық билеттің көшірмесі (бар болған жағдайда).
Кандидат құжаттардың тізбесімен бірге сенім білдірілген адамдардың тізімін ұсынады, оған дауыс беру күніне дейін өзінің өзгерістер енгізу құқығы бар.
10.3. Кандидаттарды тіркеу:
1) аумақтық ұйымдастыру комитеттері республикалық Күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізеді;
2) кандидатты тіркеу өтінім берілген күннен кейін 3 күннен кешіктірілмей, осы Ереженің 10.2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттардың толық пакеті болған жағдайда, ұйымдастыру комитетінің шешімімен жүзеге асырылады. Ұйымдастыру комитетінің мәжілісі оның мүшелерінің жартысынан артығы қатысқан жағдайда, ол заңды болып табылады;
3) аумақтық ұйымдастыру комитеттері тіркеу сәтінен бастап кандидатқа праймеризге қатысуға тіркелгені туралы хабарлайды немесе жазбаша нысанда бас тарту туралы уәждемелі жауап береді;
4) кандидаттардың тіркелген тізімдері партияның интернет-ресурсында, БАҚ-та және әлеуметтік желілердегі аккаунттарда жарияланады;
5) кандидатты тіркеуден бас тарту немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жою үшін негіздер:
– кандидаттың қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі, оның ішінде наркологиялық және/немесе психоневрологиялық ұйымдарда есепте тұруы;
– кандидат тарапынан партияның беделін түсіретін немесе партия мүдделеріне залал келтіретін әрекеттерінің (әрекетсіздіктерінің) фактілерін анықтау;
– тіркеу үшін қажетті құжаттардың толық емес пакетін ұсыну, сондай-ақ, егер кандидат тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін партияға кірмесе;
– тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін үгіт жүргізу;
– кандидаттың осы Ережемен айқындалған праймеризге қатысу шарттарын бұзу фактілерін белгілеу.
6) кандидат:
– құжаттардың толық емес пакетін ұсынумен байланысты бас тарту үшін негіздерді жойған кезде ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін праймеризге қатысуға арналған құжаттарды қайта беруге;
– партиялық бақылау комиссиясында хабарламаны алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде тіркеуден бас тарту туралы шешімге шағымдануға;
– праймериздің кез-келген кезеңінде аумақтық ұйымдастыру комитетіне жазбаша өтініш беру жолымен өз кандидатурасын алуға;
– үгіт және дауыс беру кезеңінде жұмысты ұйымдастыру үшін сенім білдірілген адамдар мен жақтаушылар қатарынан өзін қолдау үшін штаб қалыптастыруға құқылы.
10.4. Кандидатты ұсынған бастауыш партия ұйымдарының праймериздің кез- келген кезеңінде аумақтық ұйымдастыру комитетіне өз шешімін беру жолымен кандидатты кері шақыртуға құқығы бар.
10.5. Өңірлік ұйымдастыру комитеттері Орталық ұйымдастыру комитетімен келісілген праймериз қатысушыларының қорытынды тізімін қалыптастырады.
10.6. Кандидаттарды ұсыну мен тіркеуге қатысты осы Ереженің нормалары Парламент Мәжілісінің жұмыс істеп отырған депутаттарына қолданылмайды.
Парламент Мәжілісінің жұмыс істеп отырған депутаттары тиісті өңірлердің аймақтық филиалдарының басшылығымен келісім бойынша облыстық, Нұр–Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының конференцияларындағы пікірсайыстарға кандидат ретінде праймеризге қатыса алады.

11. ҮГІТ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУ
1.1. Үгіт Күнтізбелік жоспарға сәйкес басталады және дауыс беру күнгі сағат 14:00-ге дейін жүргізіледі.
11.2. Праймериз барысында ұйымдастыру комитеттерінің қалауы бойынша өңірлердің ерекшелігі мен елді мекендердің мәртебесі ескеріле отырып үгіттің әртүрлі форматтары қолданылуы мүмкін.
11.3. Үгіт жұмысын кандидаттар тікелей өздері келесілерді қамтитын іс–шаралардың желілік кестелерінің шеңберінде жүргізеді:
1) әлеуметтік топтарға бағдарланған тәсілді ескере отырып, партия мүшелерімен кездесулер өткізу («есіктен есікке», бастауыш партия ұйымдарында, кәсіпорындар мен ұйымдарда кездесулер);
2) БАҚ-тарда және әлеуметтік желілерде жарияланымдар мен сөз сөйлеулер;
3) жария пікірсайыстарға қатысу;
4) флаерлер, буклеттер дайындау және тарату.
Кандидаттардың үгіт жұмысы және олардың үгіт материалдары партияның жарғылық және бағдарламалық құжаттарына қайшы келмеуі тиіс.
11.4. Үгіт барысында кандидаттар партия мүшелеріне нақты елді мекендердің проблемаларын кәсіби қызметіне сәйкес шешудің өз көзқарасын таныстырады.
Үгіт барысында келіп түскен партия мүшелерінің ұсыныстары жазбаша нысанда кандидаттардың қолы қойылып, аумақтық ұйымдастыру комитеттеріне беріледі.
11.5. Үгіт жұмысы кандидаттардың дербес қаражаты есебінен жүргізіледі, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардан немесе шетелдік азаматтардан, мемлекеттік органдардан қаржыландыруға жол берілмейді.
Кандидаттар ұйымдастыру комитеттерінің талаптары бойынша үгіт жұмысына жұмсалатын қаражаттың сомасы туралы ақпаратты ұсынады.
11.6. Үгіт жұмысының барысында кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдарына, сондай-ақ, олардың тапсырмасы бойынша өзге де адамдар мен ұйымдарға:
1) праймеризге басқа қатысушыларға қарсы бағытталған үгіт жүргізуге, көрінеу жалған мәліметтер таратуға, олардың ар-намысы мен беделіне нұқсан келтіретін өзге де әрекеттер жасауға;
2) дауыс беру жүргізілетін үй-жайда, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының (денсаулық сақтау, білім беру мекемелері) үй-жайларында, сондай-ақ, меншік иесінің рұқсатынсыз кәсіпорындар мен ұйымдардың үй-жайларында үгіт жүргізуге;
3) әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері (ұлттық қауіпсіздік органдары, Мемлекеттік күзет қызметі), діни бірлестіктердің басшылары мен қызметкерлері арасында үгіт жүргізуге;
4) үгітті қандай-да бір адамның жазбаша рұқсатынсыз бейнесін пайдаланумен жүргізуге;
5) әлеуметтік, діни және ұлтаралық келіспеушілікті тудыруға бағытталған үгіт жүргізуге;
6) праймеризге нақты қатысушы үшін дауыс беру немесе дауыс бермеу шартымен партия мүшелеріне ақша қаражатын, құнды сыйлықтар тапсыруға, жеңілдік шартымен қызмет көрсетуге. Бұған үгіт материалдарын ақысыз негізде тарату қосылмайды;
7) конституциялық құрылымды, әкімшілік-аумақтық құрылымды, мемлекеттің бірінші тұлғаларын және партияның басшылығын сынауға алған үгіт материалдарын жариялауға;
8) парақшалар, плакаттар жапсыруға, баннерлер орнатуға тыйым салынады.
Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары болып табылатын кандидаттарға өзінің лауазымдық немесе қызметтік жағдайының артықшылықтарын пайдалануға тыйым салынады.

12. ЖАРИЯ ПІКІРСАЙЫСТАР ӨТКІЗУ, ПРАЙМЕРИЗДІ АҚПАРАТТЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ
12.1. Жария пікірсайыс 3 деңгейде өткізіледі:
– бірінші (базалық) деңгей – праймериз барысында;
– екінші деңгей – партияның аудандық және қалалық филиалдарының конференцияларында;
– үшінші деңгей – партияның облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық филиалдарының конференцияларында.
12.2. Барлық кандидаттар үшін жария пікірсайыстарға қатысу міндетті болып табылады.
12.3. Кандидаттардың жария пікірсайыстарға қатысу тәртібі:
1) облыстардың аудандарында, қалаларында ұсынылғандар:
– аудандық және қалалық мәслихаттарға үміткер кандидаттар үшін кем дегенде 1 рет;
– облыстық мәслихаттарға үміткер кандидаттар үшін кем дегенде 2 рет;
– Парламенттің Мәжілісіне үміткер кандидаттар үшін кем дегенде 3 рет.
2) Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында ұсынылғандар:
– қаланың мәслихатына үміткер кандидаттар үшін кем дегенде 1 рет;
– Парламенттің Мәжілісіне үміткер кандидатар үшін кем дегенде 2 рет.
3) праймеризге қатысатын Парламент Мәжілісінің жұмыс істеп отырған депутаттары партияның облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық филиалдарының конференциялары барысында жария пікірсайыстарға 1 рет қатысады.
12.4. Жария пікірсайыстарды өткізу тәртібі:
1) пікірсайыстарды өткізу тілі қатысушылардың қалауы бойынша айқындалады;
2) пікірсайыстардың жалпы ұзақтығы 90 минуттан аспауы қажет;
3) жария пікірсайыстар екі раундпен өткізіледі:
– бірінші раундта кандидаттар нақты елді мекендердің проблемаларын шешу бойынша өз көзқарасын таныстырады. Сөз сөйлеу уақытын ұйымдастыру комитеттері айқындайды, бірақ ол 5 минуттан аспауы қажет;
– екінші раундта кандидаттар арасында «сұрақ-жауап» форматында пікірсайыс сессиясы өткізіледі. Кандидат өз оппоненттерінің әрқайсысына кем дегенде бір сұрақ қоя алады. Сұрақты тұжырымдауға 20 секунд беріледі, әрбір қатысушыға жауапқа 3 минутқа дейін беріледі. Модератор залдағы көрермендерге сұрақ қою құқығын бере алады;
4) сөз сөйлеу кезектілігі әрбір раундта жеребемен айқындалады. Жеребе түрін таңдауды ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады;
5) пікірсайысқа қатысушылар өзінің сөз сөйлеуіне қатысты сұрақтарына жауап беруге немесе жауап бермеуге құқылы.
12.5. Жария пікірсайыстарды өткізуге арналған үй-жайларды:
1) аумақтық ұйымдастыру комитеттері Орталық, өңірлік ұйымдастыру комитеттерімен келісім бойынша айқындайды және олар:
– кем дегенде 50 адамды орналастыруға бейімделген;
– пікірсайыстарды онлайн-жариялауды өткізу үшін аудио және бейнеқұрылғылармен жабдықталған, сондай-ақ, Интернет желісіне қосылған (Интернет бар болған жағдайда) болу қажет;
2) жария пікірсайыстар партия филиалдарының және бастауыш партия ұйымдарының ғимараттарында өткізіледі.
Жария пікірсайыстарды жеке меншік иесінің жазбаша рұқсаты бойынша кәсіпорындардың және ұйымдардың үй-жайларында, ауылдық клубтарда, мәдениет үйлерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс-шараны өткізуге арналған шарт жасалған жағдайда, өткізуге жол беріледі.
Жария пікірсайыстарды мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінің үй-жайларында өткізуге тыйым салынады.
12.6. Праймериз барысындағы жария пікірсайыстар республикалық Күнтізбелік жоспарға сәйкес өткізіледі.
Аумақтық ұйымдастыру комитеттері:
1) іс-шаралар өткізілгенге дейін 3 күн қалғанда оған жергілікті БАҚ-та және әлеуметтік желілерде аңдатпа өткізеді;
2) пікірсайыстарды өткізу үшін ағымдағы күн тәртібін, кандидаттардың сөз сөйлеу тақырыбын білетін, аудиториямен және қатысушылармен коммуникация дағдылары бар модераторды ұсынады;
3) БАҚ өкілдері мен блогерлерді пікірсайысты жариялау үшін шақырады, пікірсайысқа іс-шараны жариялауға ниет білдірген өзге де журналистер мен блогерлерді жіберуді жүзеге асырады;
4) пікірсайысты қадағалау үшін аудиторияны қамтамасыз етеді;
5) әлеуметтік желілердегі партия филиалдарының аккаунттарында жария пікірсайыстарға онлайн–жариялау жүргізуді қамтамасыз етеді;
6) жария пікірсайысты өткізу кезінде қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етеді.
12.7. Ұйымдастыру комитеттерінің кандидаттардың жұмысын әлеуметтік желілерде жариялауы ақпараттық сипатта болады, кандидаттың әрекеттері, сондай–ақ партия мүшелерінің таңдауына әсер етуі мүмкін өзге де әрекеттері бағаланбайды. Әрбір кандидаттың қызметі тең көлемде жариялануы қажет.

13. ДАУЫС БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ, ҚОРЫТЫНДЫЛАРДЫ АЙҚЫНДАУ
13.1. Дауыс беру учаскелерін қалыптастыру және дайындау:
1) дауыс беру учаскелерін аумақтық ұйымдастыру комитеттері бастауыш партия ұйымдарының базасында қалыптастырады;
2) адам саны аз бастауыш партия ұйымдары саны бойынша кем дегенде 50 адамнан бірігіп бір жерде дауыс беру үшін жиналады;
3) дауыс беру партия филиалдарының және бастауыш партия ұйымдарының ғимараттарында өткізіледі.
Меншік иесінің жазбаша рұқсаты бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың үй-жайларында, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарт жасалған жағдайда ауыл клубтарында, мәдениет үйлерінде дауыс беруге жол беріледі.
Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының үй-жайларында, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінде дауыс беруді өткізуге тыйым салынады.
13.2. Дауыс беруге арналған бюллетеньдерді дайындау және бөлу:
1) өңірлік ұйымдастыру комитеттері дауыс беруге арналған бюллетеньдерді мемлекеттік және орыс тілдерінде Орталық ұйымдастыру комитеті айқындаған санда дайындауды ұйымдастырады.
Бюллетеньдерді дайындау және бөлу кезеңінде өңірлерге Партия орталық аппаратының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері жіберіледі;
2) өңірлік ұйымдастыру комитеттері бюллетеньдерді тиісті аумақтық ұйымдастыру комитеттеріне қабылдау-тапсыру актілерінің негізінде жеткізуді қамтамасыз етеді.
Аумақтық ұйымдастыру комитеттері бюллетеньдерді учаскелік есеп комиссияларына қабылдау-тапсыру актілерінің негізінде, дауыс беруге бір күн қалғанда жеткізуді қамтамасыз етеді.
13.3. Дауыс беруді өткізу:
1) дауыс беру сенбі күні, жергілікті уақытпен сағат 8:00-ден 14:00-ге дейін өткізіледі. Ауысымды жұмыс кестесі бойынша ірі өнеркәсіп кәсіпорындарында жұмыс істейтін партия мүшелері дауыс беретін жекелеген учаскелерде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 17.00-ге дейін өткізілуі мүмкін;
2) дауыс беру осы Ережеге сәйкес жабдықталған үй-жайларда жүргізіледі.
Жекелеген адамдар денсаулығының жағдайы, отбасының науқас мүшесін күту себебі бойынша дауыс беруге келе алмаған жағдайда, учаскелік есеп комиссиясы дауыс беруге арналған тасымалданатын урналарды жеткізуді ұйымдастырады. Учаскелік есеп комиссиясының мүшесі дауыс беруге қатысушылардың тізімінде қол қойып тасымалданатын урна ұйымдастырылатын адамдар үшін бюллетеньдер алады;
3) бюллетеньдерді есеп комиссиясы партия мүшелерінің тізімі негізінде жеке басын немесе партиядағы мүшелігін куәландыратын құжат ұсынылған жағдайда береді;
4) есеп комиссиясының мүшелері дауыс берушілерді қатысушылар тізімінде белгілейді, дауыс беруге арналған бюллетеньдерге қол қойып, оларды дауыс берушілерге бюллетеньдерді беру журналына қол қойдырып береді. Толтырылған бюллетеньдер дауыс беруге арналған урнаға салынады;
5) дауыс беру процесі фото және бейнежазбаға жазылады.
13.4. Байқаушылардың өкілеттіктері:
Дауыс беру күні учаскелер ашылған сәттен бастап және нәтижелер анықталғанға дейін дауыс беру учаскесінде бір уақытта әрбір кандидаттан бір-бір байқаушыдан болуы мүмкін.
Кандидаттардан байқаушылар:
1) дауыс беруге, оның ішінде үй-жайдан тыс дауыс беруге қатысқан партия мүшелерінің саны туралы ақпаратты алуға;
2) дауыс беру барысын, дауыстарды санау және учаскедегі дауыс беру қорытындыларын ресімдеу барысын байқауға;
3) тасымалданатын урналармен бірге жүруге, оның ішінде оларды тасымалдау кезінде көлік құралында болуға;
4) тиісті есеп комиссиясының және (немесе) оның мүшелерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) бақылау комиссияларына шағымдануға;
5) учаскелік есеп комиссиясы мүшелерінің пайдаланылмаған бюллетеньдерді санау мен өтеу кезінде қатысуға;
6) дауыс беру барысына және оның қорытындыларын шығаруға бөгде келтірмей фото және бейнежазба жасауға;
7) учаскелік есеп комиссиясының дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларды жоғары тұрған есеп комиссияларына беру рәсімін байқауға;
8) дауыс беру өткізілгеннен кейін есеп комиссияларының дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларымен танысуға, олардың куәландырылған көшірмелерін алуға құқылы.
Кандидаттардан байқаушылар:
1) өздерімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттарын алып жүруге;
2) дауыс беру, дауыстарды санау және дауыс беру қорытындыларын ресімдеу процесіне араласпауға;
3) учаскелік есеп комиссиясының жұмысына кедергі болатын әрекеттер жасамауға;
4) өз ескертулерін құжатталған, нақты және тексерілетін фактілерге негіздеуге міндетті.
Бұзушылық орын алған жағдайда, учаскелік есеп комиссиясының төрағасы комиссияның барлық мүшелері қол қоятын акт жасай отырып, байқаушыны дауыс беруге арналған үй-жайдан шығарып жібере алады.
13.5. Бюллетеньдер мен дауыстарды санау:
1) учаскелік есеп комиссиялары бюллетеньдер мен дауыстарды санауды байқаушылардың қатысуымен жүргізеді;
2) санау дауыс беру аяқталғаннан кейін басталады және әрбір кандидат бойынша қорытындылар анықталғанға дейін жеке жүргізіледі;
3) урналар ашылғанға дейін учаскелік есеп комиссиясы барлық пайдаланылмаған бюллетеньдерді санайды.
4) келесі бюллетеньдер жарамсыз деп танылады:
– бүлінген және белгіленбеген үлгідегі;
– тиісті учаскелік есеп комиссиясы мүшесінің қолтаңбасы қойылмаған;
– оған белгі қарындашпен қойылған, тазартылған немесе қолдан жасаудың өзге де іздері бар;
– онда бірде-бір кандидат белгіленбеген.
Жарамсыз бюллетеньдер дауыстарды тікелей санау кезінде дауыс берушілер бюллетеньдерінің қатарынан алынып тасталады.
13.6. Дауыс беру қорытындыларын айқындау:
1) дауыстарды санау аяқталғаннан кейін тиісті есеп комиссиялары осы Ереженің № 3,4,5 қосымшаларына сәйкес дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларды қалыптастырады.
Хаттамаларға тиісті есеп комиссияларының төрағасы, хатшысы, мүшелері қол қойып, бюллетеньдермен бірге жоғары тұрған есеп комиссиясына, кейіннен тиісті ұйымдастыру комитетіне беріледі;
2) тиісті ұйымдастыру комитеттері праймериз өткізу қорытындылары туралы хаттамаларды қалыптастырады, оларға ұйымдастыру комитеттерінің, есеп комиссиялары мен партиялық бақылау комиссияларының төрағалары қол қояды.
Байқаушылардың өтініші бойынша ұйымдастыру комитеттері бюллетеньдерге қайта санау жүргізуі мүмкін. Бюллетеньдерді қайта санау бір рет жүргізіледі;
3) есеп комиссиялары мен ұйымдастыру комитеттері хаттамаларының түпнұсқалары, сондай-ақ, бюллетеньдер, оның ішінде пайдаланылмаған және бүлінген бюллетеньдер дауыс беру аяқталғаннан кейін бір тәулік ішінде Орталық ұйымдастыру комитетіне беріледі.
Орталық ұйымдастыру комитеті бюллетеньдерді бақылап қайта санауды жүргізеді. Бюллетеньдерді бақылап қайта санау кезінде анықталған деректердің сәйкес келмеу фактілері Партиялық бақылау комитеті мен комиссияларының қарауына беріледі;
4) өңірлік ұйымдастыру комитеттері дауыс беру аяқталғаннан кейін тәулік ішінде кандидаттардың рейтингі көрсетілген тізімдерді Орталық ұйымдастыру комитетіне ұсынады;
5) кандидаттар рейтингі көрсетілген тізімдер партияның интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердегі аккаунттарында жарияланады.
13.7. Барлық деңгейдегі мәслихаттарға және Парламенттің Мәжілісіне сайлауға ұсынуға арналған партиялық тізімдерді бекіту бойынша ұсыныстарды дайындау келесі ерекшеліктерді ескере отырып жүргізіледі:
1) барлық деңгейдегі мәслихаттарға арналған партиялық тізімдер праймериздің қорытындылары бойынша партия филиалдары төрағаларының аудандық, қалалық, өңірлік партиялық квотасынан қалыптастырылады (тиісті мәслихаттардағы мандаттар санынан 30%).
Праймериз қорытындылары бойынша партиялық тізімдер:
– аудандық мәслихаттарға – екіге бір (бір орынға 2 кандидат);
– қалалық мәслихаттарға – кем дегенде екіге бір, барынша жоғары үшке бір (облыс орталығынан және облыстың мәслихатындағы ірі қалалардан кандидаттардың өкілдігіне байланысты бір орынға 2-3 кандидат);
– облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының мәслихаттарына – екіге бір болып қалыптастырылады (бір орынға 2 кандидат).
2) Парламенттің Мәжілісіне партиялық тізім праймериздің қорытындылары бойынша кандидаттар қатарынан және Төрағаның, Партия басқарушы органының Орталық партиялық квотасынан қалыптастырылады (Парламенттің Мәжілісіндегі мандаттар санынан 50%).
Кандидаттар квотаға келесі шектеулерді ескере отырып қосылады:
– бір кандидат бір деңгейде ғана квота бойынша партиялық тізімге енгізіле алады;
– праймериз қорытындылары бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттарға және Парламенттің Мәжілісіне өтпеген кандидат квота бойынша партиялық тізімге енгізіле алмайды.
Партия аймақтық филиалдарының төрағалары Партияның орталық аппаратына квотаға сәйкес барлық деңгейдегі мәслихаттарға партиялық тізімдерге енгізілетін кандидатураларды ұсынады. Партияның орталық аппараты ұсынылған кандидатураларды партияның Төрағасымен және басшылығымен келіседі;
3) партиялық тізімдерде кем дегенде 30% әйелдер және 20% 35 жасқа дейінгі жас-тар өкілдері болуы қажет. Тізімдерді қалыптастыру кезінде одан әрі іріктеу үшін әрбір әлеуметтік топ бойынша рейтинг жасалады.
Көпбалалы аналардың, қандастардың, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың және басқа да әлеуметтік топтардың өкілдері сайлаушылардың өңірлік құрылымына сәйкес қосылуы мүмкін.
Партиялық тізімдерді қалыптастыру мен бекіту бойынша филиалдардың конференциялары мен партия Съезін өткізудің келесі тәртібі айқындалады:
1) партияның аудандық және қалалық филиалдарының конференцияларында:
– Аудандық және қалалық партиялық квота бойынша кандидаттарды қосумен аудандық және қалалық мәслихаттарға сайлауға ұсынуға арналған партиялық тізімдер бекітіледі;
– облыстық мәслихатқа және Парламенттің Мәжілісіне кандидаттардың пікірсайыстары өткізіледі. Рейтингі ең жоғары кандидаттар қатысады;
– пікірсайыстардың қорытындылары бойынша делегаттардың (сайлаушылардың) құпия рейтингтік дауыс беруімен облыстардың мәслихаттарына және Парламенттің Мәжілісіне сайлауға ұсынуға арналған партиялық тізімге қосу үшін кандидаттар сайланады;
Делегаттардың (сайлаушылардың) дауыс беру нәтижелері айқындалған соң дауыстардың ең жоғары санын жинаған кандидаттар:
– облыстық мәслихаттарға – облыстық мәслихаттарға арналған партиялық тізімдердегі аудандар мен қалалар өкілдігінің квотасы бойынша ұсынылады;
– Парламенттің Мәжілісіне – әрбір аудан, қала бір-бір кандидаттан, облыс орталықтары Парламенттің Мәжілісіне арналған партиялық тізімдегі өңірлер өкілдігінің квотасы бойынша ұсынады;
2) партияның аудандық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық филиалдары Саяси кеңес Бюроларының шешімімен рейтингі ең жоғары кандидаттар қалалық мәслихатқа арналған партиялық тізімге қосуға ұсынылады. Кандидаттардың мөлшері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық мәслихаттарына арналған партиялық тізімдердегі аудандар өкілдігінің квотасына сәйкес айқындалады;
3) партияның облыстық, Нұр–Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық филиалдарының конференцияларында:
– Өңірлік партиялық квота бойынша кандидаттарды қосумен облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының мәслихаттарына сайлауға ұсынуға арналған партиялық тізімдер бекітіледі;
– осы өңірден Парламент Мәжілісінде жұмыс істеп отырған депутаттардың қатысуымен Парламенттің Мәжілісіне кандидаттар арасында пікірсайыстар өткізіледі;
– делегаттардың (сайлаушылардың) құпия рейтингтік дауыс беруімен Парламенттің Мәжілісіне сайлауға ұсынуға арналған партиялық тізімге қосу үшін кандидаттар сайланады.
Делегаттардың (сайлаушылардың) дауыс беру нәтижелері айқындалған соң ең көп дауыс жинаған кандидаттар Парламенттің Мәжілісіне арналған партиялық тізімдегі өңірлер өкілдігінің квотасына сәйкес Парламенттің Мәжілісіне ұсынылады.
– партия Съезіне делегаттар сайланады;
4) партияның Съезінде:
– Орталық партиялық квота бойынша кандидаттар енгізіле отырып, Парламенттің Мәжілісіне сайлауға ұсынуға арналған партиялық тізім бекітіледі;
5) партиялық тізімдерге енгізілмеген жекелеген кандидаттар тиісті Саяси кеңес Бюросының шешімімен партиялық желі бойынша партия және филиалдарының органдарына ұсынылатын, мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыным жасалатын болады.
13.8. Праймеризді өткізу барысында туындайтын, осы Ережемен регламенттелмеген барлық даулы мәселелер бойынша шешімдерді партия аймақтық филиалдарының Саяси кеңес Бюролары қабылдайды.
13.9. Партия Жарғысының 9.5. тармағына сәйкес партия Саяси кеңесінің Бюросы праймериз қорытындылары, партия филиалдары конференцияларының шешімдері Жарғыға және жоғары тұрған партия органдарының шешімдері мен осы Ережеге сәйкес келмеген жағдайда, оларды жарамсыз деп танып, күшін жоя алады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар