Жеріңнің аты – еліңнің тарихы

Бурабай ауданы

Райгородок – Шыбындыкөл. ОМА №317 қор. 1-тізім. № 58-іс.
Дмитриевка – Ұрынқай. №100 және №111а карталарда қоныс аударушылар ауылдарының басқа атаумен келіп орналасқандығы анық көрсетілген. Солардың бірі қазіргі Бурабай ауданы жерінде Аймырза және Жанпейіс қоныстарының ортасындағы Ұрынқай ауылына орнаған Дмитрийевский поселкесі. 1907 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Материалы по переселенческому хозяйству в Степной и Тургайской областях, собранные и разработанные экспедицией по использованию Степных областей. Акмолинская область. Атбасарский уезд. Том III.» атты экспедиция материалдарында кездесетін (1-бет) «…Группа харьковцев попала сюда за ходоком, посланным вообще, «разыскать место». Ходок попал в Кокчетавский уезд, и облюбовав там уроч. «Урункай» (позже п. Дмитриевский), получил будто-бы от проезжавшего губернатора «бумагу чтобы мужиков вел» – деген мәтіннен Ұрынқай жерінің кейін ғана Дмитриевский аталғандығын көруге болады.
Успеноюрьевка – Арықбалық. 1898 жылы қазіргі Бурабай ауданының аумағындағы Арықбалық қонысының үстіне Успеноюрьевка деген атпен қоныс аударушылар поселке салып орналасқандығы Омбы облыстық тарихи архивіндегі №111а (Карта Кокчетавского уезда Акмолинской области с указанием границ солонцовых, черноземных, болотистых, карбонатных, слабо-солонцовых почв и водоносных слоев) картада анық көрсетілген.
Новоандреевка – Кеңащы. ОМА №317 қор. 1-тізім. № 58-іс.
Златополье – Құмдыкөл. ОМА №317 қор. 1-тізім. № 58-іс.
2) №660-қор. 1-тізім. 2-іс. Дмитриевское волостное правление Кокчетаского уезда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар