Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан дипломаты Мексикадан кокаинды қалай әкелді?.. - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан дипломаты Мексикадан кокаинды қалай әкелді?..

Қыстың суық таңы. Астаналық әуежайға кезекті халықаралық рейс келіп қонды. Гипстелген қол жағы сөмкесіне қарай ауған бойшаң, арықша келген жас жігіт тексеруден тыс өтіп келе жатты. Ептеп бүкірейген қалпы ол өзін күлімсірей күтіп тұрған адамдарға қарай бет алды. Тексерусіз өткені болмаса, қатардағы жағдай деп айтарсыз. Алайда, ұшып келген қатардағы жай адам емес, «алтын» адам.

Танысып қойыңыз – Нұрлан Маратұлы Абдужин, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкері, ал, «алтын» болатын себебі – ол Мексикадан кәдесый үстелшесінде және гипсте 1,5 килограмм таза кокаин алып келген еді. Ал енді, рет-ретімен айтайық.
2004 жылы жоғары оқу орнын бітірісімен, Нұрлан отандық дипломатиялық ведомствода референт болып жұмысын бастайды. 14 жылдың ішінде ол халықаралық ұйымдар мен көпжақты ынтымақтастық департаментінің атташесі, кеңсе хатшысы лауазымдарында жұмыс істеп үлгерді, ҚР Испаниядағы Елшілігінің 1-ші хатшысының міндеттерін атқарды, ҚР Мексикадағы Елшісінің кеңесшісі болды. Оны халықаралық дәрежедегі маман ретінде шетел іссапарлары, дипломатиялық салтанатты қабылдаулары және басқа да жағымды жеңілдіктері бар кемел келешек пен керемет өсу жолы күтіп тұрған еді. Алайда, Нұрлан осындай жарқын келешегін ұдайы есірткі қабылдаумен толықтырғысы келді.
Дәл осы уақытта дипломатсымақ астаналық ҰҚК қызметкерлерінің назарына іліккен еді. Оған жиналған мәліметтер мен оны мінездейтін деректер көп нәрсені аңғартты. Мексикада ол өмірін көңіл көтерумен, түндерін әртүрлі көңіл көтеру орындарында болумен өткізген, ал, таңертең пластикалық карточка ұстаған епті қолдарымен періште шаңына «жол» салған. Сөйтіп, қайтадан қатарға қосылып отырған. Абдужиннің кейінгі іс-әрекетіне қарағанда, ол ләззат алу сорына терең батып, кокаинсіз жүре алмайтын дәрежеге жеткен.
Хоакин Лоэра, Эктор Лейва, Сервандо Мартинес, Фисенто Фуэнтес. Осы есімдердің барлығын біз халықаралық жаңалықтар мәліметтерінде еститінбіз, оларды мексикалық есірткі картельдері туралы америкалық шытырмандар кейіпкері ретінде танып, ғаламтор кеңістігіндегі ресурстардан оқитынбыз. Ал, біздің мақаламыздың кейіпкері қазіргі күні де өлім саудалаған картельдер жанданып жатқан сол бір жерлермен жүрген еді. Ол олардан шартты түрде айтқанда, кокаин иерархиясында бірнеше адамдық қашықтықта болды.
Қазақстанға қайтардан бұрын Нұрлан «ұнтақтан» біраз алып қоймақшы болды, оның үстіне одан біршама пайда да көргісі келді. Сөйтіп, өзінің байланыстары арқылы 1,5 килограмм кокаин сатып алды, одан шамамен 350-400 мың АҚШ долларын түсіруге болатын.
Міне, материалдың басында айтылғандай, Нұрлан кемел келешекке деген сеніммен ұшақ баспалдағынан түскен еді. Ал, дәл осы уақытта ол көрермені астаналық ҰҚК департаментінің қызметкерлері ғана болған реалити-шоу кейіпкеріне айналған еді.
Жедел уәкілеттілерде толық ауқымды зерттеу енді басталған болатын, оларға, ең бірінші кезекте, Нұрландағы құқыққа қайшы жүк туралы нақты мәліметтер алу қажет еді. ҰҚК-нің қызметтік кабинеттерінде кокаинді бақылау сатып алуын жүзеге асыру шешімі қабылданды. Біршама уақыттан кейін бұл мәселе шешіліп, 10 грамм «ұнтақ» орамаға тығыз оралған күйінде сараптамаға жөнелтілді, ол үшін Абдужинге 1 миллион 400 мың теңге төленді. Сараптама нәтижелері мен бастапқы ақпарат расталды – өз-өзін жасаған есірткі бароны пайда болды.
Кейіннен қызметкерлердің зерттеуіне Нұрланның өзі көмектесе түсті, ол өз клиентіне бір грамм үшін 100 мың теңге есебінен одан 300 грамм кокаин сатып алуды ұсынады. Абдужинді оқшаулау орындарына жөнелту үшін оның бұрын сатқандары да жететін еді, бірақ, екінші мәміле одан да мықты болып шықты. Торт үстіндегі шие десе де болады, ал, дәл осы жағдайда оған қатысты қозғалған қылмыстық істің үш томын дағы шие деуге боларлық.
2019 жылдың ақпанында Нұрлан Абдужинді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері 300 грамм кокаинды бақылау сатып алуы кезінде ұстады. Оның тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында 16 металл құтыға тығылған барлық кокаин алынды.
Сонымен қатар, тергеу барысында Абдужиннің кокаин сатумен жақын танысы, коммерциялық кәсіпорынның басшысы, сондай-ақ ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкері болған Рустам Сабындықұлы Қасеновпен байланыста айналысқаны анықталды.
Бірегей операция нәтижесінде халықаралық есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді, ал, Абдужин мен Қасенов қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда жазасын өтеумен тиісінше 15 және 10 жылдан алды.
Сондықтан, осы мақаланы оқыған адамдар қандай да бір қылмысқа бармас бұрын, ең алдымен, айналасына көз жүгіртетініне, қолда барын бағалап, балалары мен жақындарының күлкісін артық көріп, дұрыс таңдау жасайтынына шынайы сенеміз.
Қ.Байсеркеұлы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар