Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сенаторлар – ауданда - АРҚА АЖАРЫ

Сенаторлар – ауданда

Сенат депутаттары Рәшит Әкімов пен Жабал Ерғалиев Ақмола облысының Еңбекшілдер аудандық мәслихатының кезекті 41-ші сессиясына қатысты. Бұл сессияда аудан әкімі А.М.Қиықов өзіне жүктелген әкімдік міндеттерін орындау туралы есеп берді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын жүзеге асыруда аудан бо-йынша біраз игілікті жұмыстар атқарылып жатыр. Биылғы жылдың басынан бері өнеркәсіп өндірісінің өсімі арта түсті. Осы кезеңде 6049,9 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда өнім өндірудің 5,2 пайыз өскендігін көрсетеді. Өндіріс көлемінің индексі 107,2 пайызға жетті. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 32,9 пайызға артты. Ет, сүт, жұмыртқа өндіру ұлғая түсті. Мал саны өсіп келеді.
Сонымен бірге, ауданда Индустрия-ландыру картасы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Шағын және орта бизнестің үлес салмағы артып келеді. Әлеуметтік саланың жұмыстары бүгінгі күннің талаптарына сай болып отыр.
Сессияда Сенат депутаты Жабал Ерғалиев сөз сөйлеп, қазір әлемдік экономика өзінің дамуының қиын бір кезеңіне келіп тұр. Әлемдік жалпы ішкі өнімнің 60 пайызын өндіретін мемлекеттердің бір-біріне қарсы санкциялар жариялауы дүниежүзінің экономикалық және қаржылық жағдайына кері әсерін тигізбей отырған жоқ, – деді.
Елбасы бұл жайында ұдайы айтып, қазақстандық экономиканың кез-келген дағдарыстан ойдағыдай шығуды қамтамасыз етудің нақтылы жоспарлары мен бағыттарын белгілеп берді. Қазір «100 нақты қадам» бағдарламасы бойынша елімізде аса қажетті реформалар жүргізу басталды. Мұның бәрі Қазақстанның одан әрі тұрақты дамуына әсер ететін болады. Қазақстан жуырда Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүшелікке қабылданды. 19 жыл бойы жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымындағы өз мүддесін лайықты қорғауға және жүргізуге барлық алғышарттар жасалды. Көптеген азаматтарды толғандырып жүрген мәселенің бірі зейнетақымен қамтамасыз етудегі қолданылып жүрген заңға өзгерістер енгізілді. 2017 жылдың 1-ші шілдесінен бастап қолданысқа енгізілетін зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі заңның көптеген ерекшеліктері мен жақсылықтары бар. Парламенттің 2014 жылғы 2-ші қыркүйек және 2015 жылдың 15 шілдесі аралығындағы жұмыс барысында 113 заң қабылданды. Бұл заңдардың басым бөлігі Елбасының тапсырмасына сәйкес Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайларын одан әрі жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған ерекшеліктерін айтып берді.
Қазір еліміздегі ұлтаралық және дінаралық ынтымақ пен бірлікті сақтаудың қаншалықты маңыздылығын, дүниенің бүгінгі дамуы айқын ұғындыра түскендей. Сондықтан да, қазақстандық қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті одан әрі нығайтып, Елбасының ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыруға баршамыз міндеттіміз.
Сенаторлар ауданның экономикалық және әлеуметтік жай-күйімен кеңінен танысты. Аудандық оқу-өндірістік комбинатында болып, мектеп оқушыларын кәсіби мамандыққа баулудың жағдайын көзбен көрді. Қазірден бастап алдағы күз бен қыстың жылу маусымына әзірлік мәселесі де сенаторлардың назарынан тыс қалған жоқ. Олар күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып келе жатқан жылу қазандығында болып, осында жұмыс істеп жатқан мамандармен пікір алмасты.  
Еңбекшілдер ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар