Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тестілеудің талаптары қатаң - АРҚА АЖАРЫ

Тестілеудің талаптары қатаң

Биылғы мектеп бітіруші түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыра бастады. Аталмыш сынақтың алғашқы екі күнінде 554 талапкер тестілеуден өтті. Облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҰБТ-ның аймақта өту барысы туралы мәлімет берді.

21-30 маусым аралығында облыстың мектеп бітіруші түлектері ҰБТ сынағын тапсырады. Биыл алтын ұяларымен қоштасқан 4515 түлектің 3718-і тест тапсыруға ниет білдіріпті. Күні кеше Степногорск және Есіл қалаларының тест тапсыру пункттерінде талапкерлердің алғашқы легі сынақ тапсырды. Білім басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, ұлттық бірыңғай тестіні ұйымдастыру үшін облыста он бір пункті іске қосылса, оның үшеуі Нұр-Сұлтан қаласының жоғары оқу орындарының базасында. Онда Аршалы, Қорғалжын және Целиноград аудандарының түлектері тест тапсыра алады.
Алғашқы күні 184 талапкер тестке қатысса, бүгінгі күні бес тест орталығында, атап айтқанда Есіл, Ақкөл, Ерейментау, Атбасар және Степногорск қалаларында тест тапсыру басталды. Екі күнде 554 талапкер тест тапсырмаларын орындады. Тест тапсыру алдында барлық пункттерде еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты тиісті санитарлық дайындық жұмыстары жүргізіліп, қажетті құрал-жабдықтар толық жабдықталды.
Сонымен бірге, министрліктің шешімімен биыл тест сұрақтарының арасында 11 сыныптың соңғы тоқсанының тақырыптары бойынша тапсырмалар болмайды. ҰБТ-ны бақылаушылар мен ата-аналар балаларды онлайн режимінде қадағалай алады. Егер балалар сынақ тапсыру кезінде рұқсат етілмейтін қандай да бір талапты бұзатын болса, әрі қарай тестіні тапсырмайды және орындаған тапсырмалары есепке алынбайды. Өңірдің бас ұстазының ақпаратына назар аударсақ, осы екі күн аралығында Степногорск қаласында екі талапкер ұялы телефон қолданбақшы болғандары үшін тестке жіберілмеген.
Ұлттық бірыңғай тестіні карантин жағдайында сапалы және ойдағыдай өткізу үшін әлеуметтік осал және аз қамтылған отбасылардың балаларын санитарлық талаптарды сақтай отырып сынақ пунктіне тасымалдау шаралары ұйымдастырылған. ҰБТ тапсыру орындары дене қызуын өлшейтін және зарарсыздандыратын құралдармен, санитайзер және бетпердемен жеткілікті түрде қамтамасыз етілген. Түлектерді отырғызу кезінде аудиторияларда әлеуметтік арақашықтықты сақтау үшін ленталар орнатылған. Маусымның аяғына дейін барлық пункттер өз жұмысын ойдағыдай атқарып шығады деген сенімін білдірді басқарма басшысы.
Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар