Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жердi апаттан тек жаңа технологиялар құтқармақ - АРҚА АЖАРЫ

Жердi апаттан тек жаңа технологиялар құтқармақ

Ғаламшар қанша адамды сыйдыра алады?

Осыдан он мың жыл бұрын Жер бетiндегi халықтың саны 10 миллион болса, бiздiң дәуiрiмiздiң басында адам саны 200 миллионға жеттi. 1650 жылға қарай бұл көрсеткiш 500 миллионнан асып түстi.

 

XIX ғасырға дейiн адам саны 1 миллиардқа жуықтаса, одан кейiнгi кезеңдерде геометриялық прогрессиямен өстi. Бүгiнде әлемде 7,2 миллиард адам өмiр сүредi. Бiрақ, адам саны өскен сайын ғаламшар проблемасы да еселене түстi.
Адамзат саны жыл сайын 2 пайызға өссе, әрбiр 35 жыл сайын бұл сан еселене түседi. Адам саны артқандықтан, азық-түлiктi тұтыну көрсеткiшi де өседi. Осылайша Жер бетiндегi азық түлiк өндiрiсi жыл сайын 2,3 пайызға артып, әрбiр 30 жыл сайын екi еселенедi.
Негiзiнен Жердiң өз биологиялық сыйымдылығы бар. Адам саны өскен сайын қоршаған ортаның биологиялық сыйымдылығына нұқсан келедi. Өйткенi, адам жаңа жерлердi жыртады, тыңайтқыштар себедi, улы химикаттарды қолданады. Жыл сайын энергияны тұтыну 5 пайызға өссе, әрбiр 14 жыл сайын екi есе артады. Мұнымен бiрге суға сұраныс жыл сайын 7 пайызға артса, әрбiр 10 жыл сайын екi еселенедi. Тыңайтқыштар өндiрiсi әр жыл сайын 7 пайызға өссе, улы химикаттарды қолдану 10 пайызға артады екен.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар