Биылғы жылы облысымызда 5 мыңнан астам отбасының баспана мәселесі оң шешілмекші. Бұл көрсеткіш өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда айтарлықтай 10-15 пайызға жоғары.
Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, тұрғын үйлердің құрылысы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүргізілуде. Жыл басынан бері межеленген жоспардың жартысына жуығы орындалған. Оның ішінде Есіл, Ерейментау және Біржан сал аудандарында салынып жатқан жаңа тұрғын үйлердің құрылысы бертін қолға алынып отыр. Тәуелсіздік алған уақыттан бері бұл аудандарда көппәтерлі тұрғын үйлер мүлдем салынған емес. Өткен жылы Степняк қаласында 21 пәтерлі үй пайдалануға берілсе, биыл мұнда дәл сондай тағы бір үй салынып жатыр. Мұндағы пәтерлер «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспана кезегінде тұрған отбасыларға беріледі. Құрылысқа отандық құрылыс материалдары қолданылып отырғандықтан тұрғын үйдің сапасы жоғары, бағасы қолжетімді.
Алпысбай СЕЙІТ.