Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақ білсін! - АРҚА АЖАРЫ

Қазақ білсін!

Қазақ қыз-келіншектерінің ұлттық киімдері

Жасөспірім қыз баланың киімі

Бұл жаста қызды қыз деп бөле бастайтын кез. Баланың есі кірер жасында, яғни, төрт-беске толғанда, қысқа шаштарын екі не бір жағынан тартып өріп қойып, басына ою-өрнекпен не моншақтармен өрнектелген, үкісі бар тақия, ал үстіне тізесін жауып тұратын түрлі-түсті көйлек кигізіп қоятын. Қыздардың тақиясы ұлдардың тақиясынан басты айырмашылығы – ол қымбат, сапасы жоғары матадан тігілуі және үкісінің бар болуы.
Кішкентай қыздың ұлттық киімінің тағы біреуі – желетке. Желеткені де әдемі көрінсін деп неше түрлі оюлармен немесе моншақтармен тігіп қоятын. Желетке көбінесе қыз баланын жылы жүрсін деп кигізіп қоятын, сондықтан оны жылы, қалың маталардан тігетін. Аяқтарына теріден жасалған етік киетін, балалардың етігі жұмсақ және жеңіл болған, бұл бүлдіршіндердің еш қиындықсыз қимылдап жүре алуы үшін. Әлі кішкентай болғандықтан, оларға аса қымбат әшекей бұйымдарды тағуға рұқсат болмаған. Тек қана құлағына кішігірім сырға мен саусақтарына сақина тағатын болатын. Сонымен қатар, баланың аяғы тоңбас үшін оған байпақ кигізіп қоятын. Байпақ дегеніміз аса жылы аяқ киім, ол киізден жасалып, ал кейде жүннен тоқылып, етіктің ішінен киілетін. Негізінде байпақ тізені жауып тұруы керек, сол себепті оның қонышы етіктің қонышынан ұзынырақ болады. Тізеге келетін жері былғарымен, барқытпен не басқа матамен көмкеріледі.
Қыздардың шашын шашбаумен бірге өретін, бұл әдемі көрініп және де шашты төмен тартып оның тез өсуіне себептес болады деп есептелген.  Шашбау деген тиындармен тігілген қыздың шашына тағылатын лента.

Бойжеткеннің киімі

Бұрынғы кезде казақтың қызы 12-13 жасынан бастап бойжеткен деп есептелетін. Бұл жасында бойжеткен қыздар әсіресе, өзгеше және көркем киінетін. Олар сұлулығын көзге түсетіндей аса әдемі киімдерді киген, таққан қымбат әшекейлерімен таң қалдырып жүрген. Басындағы тақиялары неше түрлі моншақ-тастармен, түрлі-түсті жіптермен безендірілген, ал тақияның үкісі молырақ болған. Кей кезде тақияның орнына бөрік киетін. Бөрік те баршаның көзіне ілінетіндей әрлендірілетін. Оның төбесіне үкі, жібек шашақ тағып, жібек жіппен кестелеп, меруерт, маржан не алтын-күміс түймелер қадайтын. Үстіндегі көйлектеріне көшсек, олар аса бос емес, керісінше өзіне шақ, ыңғайлы, қыз баланың кеудесін жауып тұратын болған, ал, етегі ұзын және қос етекті болған. Қос етек көйлек әдетте ақ түсті қымбат жібектен, торғын не шәйі сияқты асыл матадан тігілетін. Мұндай көйлектің етегі кең, жеңінің ұшы мен жағасы, белі бүрмеленіп қатпарлы желбір салынады екен. Тіпті, көйлектің жағасы тік шығарылып түрлі кестелермен әрлендірілген, ол артынан не бір жақ иық үстінен түймеленеді. Үстіндегі желетке не камзол барқыт, пүліш, мақпал сияқты аса қымбат және де сапалы матадан тігіледі, ал, астары үшін көбінесе атлас, шағи, торғын пайдаланылатын, киімнің өзі де әдемі тастармен әрленетін еді. Оның екі өңірі біріне-бірі сәл жетпей тұратындай етіп тігіледі. Сондықтан, түйме орнына камзолдың алдына зергерлер әшекейлеп жасалған, алтын, күміс жалатып, асыл тастан көз орнатқан қаусырма қадайды. Камзолдың желкесінен бастап екі өңіріне және етегіне айналдыра алтын оқа басады не зер тігеді. Кейде құндыз бен түлкінің қара пұшпағымен әдіптейді. Дәл осы желеткені қатты тартып тастап жас қыздар өз төсін жасырған. Желеткені не камзолды белден буып тұратын белбеу атты бұйым алтыннан, күмістен және былғарыдан жасалған. Осы жастағы қыздар тек қана ашық түсті киімдер киген, себебі бұл жастықтың белгісі болған. Аяқтарына биік өкшелі әрі жеңіл аяқ киім, яғни, етік киген.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар