Жыл сайын өтетін республикалық «Мектепке жол» акциясын облысымыздың депутаттары да қолдап, көп балалы отбасыларына көмек қолын созуда. Бурабай және Еңбекшілдер аудандарында өтіп жатқан аталмыш акция аясында облыстық мәслихаттың депутаты Мұрат Теміржанов күнкөріс деңгейі төмен отбасыларының балаларына материалдық көмек көрсетті. Нақтырақ айтсақ, өз қаражаты есебінен Қатаркөл ауылы мен Степняк қаласында тұратын он төрт оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешек сатып әперді. Осы мәрттігі үшін кім болсын, депутатқа дән риза.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.