Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің
бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:
Қуатов Дәурен Қасенұлына – «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторына, Мемлекет басшысының қызметін белсенді әрі жан-жақты түсіндіріп, жариялап-көрсеткені үшін;
Қыдырәлі Дархан Қуандықұлына – «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасына, қазақтілді бұқаралық ақпарат баспасөз құралдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін;
Сарыбай Серік Әбікенұлына – «Жетісу» телеарнасының директорына, Қазақстан журналистикасының және ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін;
Трухачев Александр Владимировичке – «Хабар» телеарнасының талдамалық бағдарламалар бөлімінің шеф-редакторына, отандық тележурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін берілсін;
Қазақстан Республикасы Президентінің
бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:
Әшім Альбинаға – «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасының тілшісіне, қазақстандық телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін;
Мадиярова Мақпал Бақытбекқызына – «Хабар» телеарнасы талдамалық бағдарламалар бөлімінің тілшісіне, Қазақстан дамуының өзекті мәселелерін жариялап-көрсеткен ақпараттық-талдамалық қызметі үшін;
Нұрышева Маржан Еркімбекқызына – «Semei» телеарнасының редактор-тележүргізушісіне, Қазақстанның өңірлік саясатын тиімді ақпараттық сүйемелдеуге қосқан үлесі үшін;
Смайлов Жандос Мейірбекұлына – «Азаттық рухы» ақпарат агенттігінің шығарушы редакторына, интернет-кеңістікте ақпаратты жариялап-көрсетуді ілгерілетуге қосқан үлесі үшін тапсырылсын;
Қазақстан Республикасы Президентінің
бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы:
«Ана тілі» газетінің шығармашылық ұжымына – ұлттық баспасөздің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін;
«Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің шығармашылық ұжымына – қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды ақпараттық жариялап-көрсетуге қосқан ерекше үлесі үшін;
«Казахстанская правда» республикалық газетінің шығармашылық ұжымына – еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін;
«QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасының Маңғыстау облыстық филиалының шығармашылық ұжымына – өңірлік журналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін жариялансын.
2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 26 маусым
№ 114