Әл Фараби еңбек тәрбиесі туралы

Әл Фараби тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиенің теориясы ғылымға негізделуі қажет деп санады. Ол ғылымда тарихи үрдіс деп түсініп, ғылым жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы формасы деген анықтама берген. Фараби сонымен бірге оқу-ағарту мен тәрбие туралы, еңбек мәдениеті туралы ілім жасады. Еңбектің өзі өнер. Ал еңбек тәрбиесі сол өнерден туындайды, әрбір адамды еңбекке баулиды, еңбек шеберлігін үйретеді. Олардың еңбек ету дағдысын қалыптастырады деген болатын Фараби. Оның адам еңбегі туралы бұл тұжырымдамалар қазіргі жаңа мыңжылдықта да актуальды екені айдан анық.
Педагогикалық тұрғыда қарастырсақ бұл тұжырым оқушыларға сапалы тәртіп, саналы білім беру пайдалы қоғамдық еңбекке баулу деген сөз. Фараби еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда еркін еңбектің, адамның жан-жақты дамуы үшін  маңызы зор екенін атап көрсетеді.
Фараби «Еңбек ету, саналы болу, адамгершілік, ізгілік, ақылдылық табиғаттан туындауы қажет» деген ғылыми тұжырым жасады. Фараби адамды табиғат, адам, жер бетіндегі тірі организмдер дамуының ең жоғарғы сатысына көтерілген, еңбек құралдарын жасап, оларды өз қажетіне жарата білген, түсінікті сөз сөйлей білетін саналы ортаның мүшесі дейді. Адам туралы материалистік бағытты ұстанған Фараби адам еңбек ету нәтижесінде жоғары сатыға көтерілетінін алға тартады.
Фарабидің пікірінше, оқу, тәрбие, білім алу, еңбек ету, ғылым адамы болу адамгершілік және еңбек тәрбиесіне тығыз байланысты. Фараби ең алғаш еңбекті, таза еңбекті, адал еңбекті тәрбиенің алғы шарты етіп алды. «Тәрбиені неден бастау керек», «Философияны үйрету үшін алдын ала не білу керек» еңбектерінде ғылымды, оқу-ағартуды меңгеру, білім тәрбие алу, еңбекке үйрену, философияны меңгеру тәрбие әдістеріне байланысты екенін ғылыми тұрғыда дәлелдейді. Осы негізде ол оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттарын жеке-жеке анықтайды. «Ғылымдар тізбесі», «Ғылымдардың шығуы» еңбектерінде ғылымдарды үйрену реттерін белгілейді және тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің тарихи тағылымын, үлгісін, болашақ ұрпаққа өнеге, тәлім етіп қалдырады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар