Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Баянғали деген екен... - АРҚА АЖАРЫ

Баянғали деген екен…

Көңіл күйі
Металлургтер күнiнде (Темiртау, шiлде, 1992 ж.) бiр киiз үйде Баянғали Әлімжанов Айман Мұсақожаевамен жүздеседi. Дас-тархан басында: «Ақын неге үндемейдi?»– дептi әйгiлi скрипкашы. Сонда Баянғали:
Кiм десем мына сұлу – Айман екен,
Әлемге қазақ атын жайған екен.
Дүниенi көркейтiп күйiменен,
Күлiмдеген қыз жайлы ойға кетем.
Әнi мен сәнi ғажап үйлескен жан,
Күннен бе екен, жоқ әлде айдан ба екен?!
Айманымды әйбәттап барады деп,
Жанындағы жолдасы қызғанып қап,
Сорымыз Темiртауда қайнар ма екен?!– деп әзiлдеп, отырған меймандарға бiраз өлең шығарыпты. Қоштасарда Айман Баянғалиға алғыс айтып, ризашылық сезiмiн бiлдiрген екен.

Шалбай
мен
далбай
Ақтөбеде өткен Абайдың 150 жылдығына арналған айтысқа (1994 ж.) облыс әкiмi
Пачин келмептi. Соған орай Баянғали
былай деген екен:
Ертiп алып қасына,
Жетi-сегiз далбайын.
Кеп тұратын айтысқа,
Оңды-ақ едi Шалбайым!
(Шалбай Құлмаханов – Ақтөбе облысының бұрынғы әкiмi).

Тұңғыш ат

1984 жылдан берi айтысқа қатысып келе жатқан Баянғали тек қана 1991 жылы, елу сегiзiншi рет айтысқанда (Зайсанда) тұңғыш рет ат мiнiптi. Сонда:
Болған соң басымда ми, жүрегiмде от,
Әрқашан толғанамын ұлы елiм деп.
Ұлы елiм маған мiне ат мiнгiздi,
Қашанғы Баян жаяу жүредi деп!
Рахаты қандайлығын сүйрелгеннiң,
Бiлмеймiн, өйткенi өзiм сүйрелмедiм.
Құрметтеп, ат мiнгiзiп жатырсыздар,
Негiзi жаяу жүрiп үйренгенмiн!–
деген екен.

 Үкі

1991 жылы  Зайсанда өткен айтыс-та Баянғалимен айтысқан шығыс қазақстандық Меделхан Хасенова: Мен саған қолым түгілі, саусағымның ұшынан да ұстатпаймын! – депті әзілдеп. Айтыс үстінде  Меделхан өлеңдетіп, үкі сыйлапты. Үкіні алып тұрып Баянғали Меделханға ризшылығын білдіріп, сахнада бетінен сүйіпті. Орнына отыра сала, айтысты жалғастырып әкетіп:
Басымды туған елге иіп алдым,
Көңілге талай сырды түйіп алдым.
Саусағын ұстатпаймын деген қызды,
Үкісін сылтау қылып сүйіп алдым!–
деген екен. Сол үкіні Баянғали 2004 жылы айтысты қойғанша домбырасына тағып жүріпті.  

 Әнсәмбіл ауыл                                              
Сәуле ауылында өткен бiр кездесуде Баянғали былай деген екен:
Ауыл бар бiздiң елде Сәуле деген,
Толған күй, толған аңыз, толған өлең.
Әр үйі, әр көшесі  бір әнсәмбіл,
Сәуленiң шөбiне де қонған өлең!

 Кішіпейіл шопыр         
Бiр күнi Баянғалидың машинасына мiнген бiр тәжiрибелi шопырлар:
«Мынадай бұрылыста қайтесiң? Мынадай қиылыста мына жағыңнан машиналар келiп қалса қайтесiң? Қай жерде кiм бiрiншi өтуi керек?» – деп сұрай берiптi. Сонда Баянғали: «Мен өзi кiшiпейiл адаммын, ешкiммен таласпай, тоқтаймын да, бәрiн өткiзiп жiберемiн. Олар кеткесiн жол өзiме қалады ғой!– деген екен.
 Балалармен әзіл
Әкесi Тақан ақсақал қайтыс болғаннан кейiн Баянғали қыздары  Құралай, Ақмарал мен Ақкенжеге: «Ендi сендер менi еркелетiңдер! Менiң әкем жоқ, сендердiң әкелерiң бар!» – деген екен.

Екілік
Баянғалидың баласы Нұрлан мен оның достары Бейбiт пен Азамат мектепке барған жылы жөндеп оқи алмай, жиi-жиi екiлiк баға алып жүрiптi. Әрине, оларға шешелерi ренжiп, ұрсады. Сонда Баянғали: «Дұрыс, айналайындар, алғашқы кезде екiнiң бәрiн алып алыңдар, екiлерi бiткен соң мұғалiмдер өздері-ақ төрт пен бестерiн қояды!» – деген екен. Шынында да бiраздан кейiн балалардың оқулары жөнделiп, тәуiр бағалар алатын болыпты.

 Халық пен әкім                                   
Көкшетауда ауыл шаруашылығы күнiне арналған үлкен жиын болып, облыстың сол кездегi әкiмi Жәнiбек Кәрiбжанов бас болып, бүкiл аудандардың әкiмдерi, совхоз директорлары қатысады. Сол жиында өлең айтқан Баянғали толғап келiп:
Айтайын дөкейлердiң ортасында,
Ойлаңдар, оңға, солға тартасың ба?
Бiз жүрмiз ақын болып, әкiм болып,
Халықтың қарапайым арқасында!–деген екен.

Алтын ауыл

 «Кеңащы» мектебiнде өткен кездесуде (1993 жылы) Баянғали:
Әркiм-ақ өз ауылын алтындайды,
Жырласа, мадақтаса сарқылмайды.
Шыққанда қайқаң етiп Намазғұлға,
Кеңащым қарсы алдымнан жарқырайды!–деген екен.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар