Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бір арнаға тоғысқан қуаныш - АРҚА АЖАРЫ

Бір арнаға тоғысқан қуаныш

Облыс әкімі Сергей Кулагин «Көкшетау» мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған салтанатты жиналысқа қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, Ата Заңымыздың ұлықтығын қамтамасыз етуге лайықты үлестерін қосқан бір топ ақмолалықтарға мерекелік медальдар мен Алғыс хаттарын тапсырды.

Асқақ биіктерге  қол созған азат елдің тағы бір арайлы мерекесі  дүйім жұртқа телегей теңіз тілегін жолдап, қуаныш шуағын шашты. Биыл Ата Заңның  қабылданғанына жиырма жыл. Жер-жерде осынау  қастерлі мерекені жарқын жүзбен қарсы алған шаралар өтіп, айшықты оқиғаның мерейі асқақтай  түсті.
Салтанатты шарада Көк Байрағымыз  бен Елтаңбамыз  төрімізден орын алып, Әнұранымыз ерлік пен елдіктің нышанындай әуелете шырқалды. – Бүкіл еліміздегідей, ақмолалықтар да бұл жарқын мерекені  лайықты табыстармен қарсы алғалы отыр, – деді өңір басшысы Сергей Кулагин өзінің  құттықтау сөзінде.
–Тарихтың   қалтарысында қалған жиырма жыл ішінде  жаңа заманның өркениет өресіне шығу үшін қаншама қажыр-қайратымызды жұмсадық. Өсіп-өркендеудің межелі биігіне жетелеген  даңғыл соқпағына  құлаш ұрдық. Бір ғана нәрсе анық, ол – біздің мемлекетіміздің ертеңгі күнімізге сенім артқызған жаңа тарихын жасадық. 1995 жылы жалпыхалықтық  дауыс беру арқылы қабылданған Конституциямыз еліміздің әлемдік қауымдастықтағы  бағын асырып, бақытын тасытқан  табысының басты факторына айналды. Осының бәрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасында мүмкін болғанын атап көрсеткен өңір басшысы бұдан әрі әр сала бойынша қол жеткен жетістіктерге тоқталып, алдағы алтын астықты жинап алудың жай-жапсарында қағыс қалдырмады.
Мерекенің қызығы мен қуанышы адамдарды жақсы сөзбен қуандыру шығар. Осы күні ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен марапатталған бір топ ақмолалыққа «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медальдары да салтанатты жағдайда  табыс етілді. Ал, мереке құрметіне облыс әкімінің Алғыс хаттарын әр салада еңбек етіп жүрген белсенді тұлғалармен бірге, Конституция құрдастары да  алып, мерейлері өсті.
Ата Заң мерекесі аясында  «Қазақстанның ең үздік тауарлары» байқауының өңірлік кезеңінің қорытындысы шығарылып, «Родина» Агрофирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Иван Сауэр – «Ең үздік азық-түлік тауары», «Енки» кәсіпорнының директоры Нұритдин Сампиев – «Ең үздік өндірістік бағыттағы тауар» және «Тұрмыстық химия зауыты» серіктестігінің директоры Ринат Құрмаев – «Тұрғындар үшін ең үздік  тауарлар» аталымдарында жеңімпаз деп танылып, бірінші дәрежелі дипломдар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.
Мемлекеттік қызмет табалдырығын енді ғана аттаған бір топ жас қызметшілердің де ант қабылдау рәсімі осы мерекеге орайластырылды. Олар елдің алдында  адал қызмет етуге ант берді. Конституция күніне арналған салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Әсем әндер орындалып, мың бұрала билеген бишілердің өнері жиналған қауымды тәнті етті. Мерекенің көрігі осылай қыза түсті.

 

Бақыт СМАҒҰЛ

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар