Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Табысымыздың баянды бастауы - АРҚА АЖАРЫ

Табысымыздың баянды бастауы

Құрметті ақмолалықтар!
Мемлекетіміздің ең ұлық, қастерлі мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар. Биыл біз Ата Заңымыздың 20 жылдығын зор мақтанышпен атап өтудеміз.
Тәуелсіз еліміздің Негізгі заңында адам және оның өмірі, құқығы мен еркіндігі ең  басты құндылықтар ретінде қарастырылады. Бұл азат елдің тұғырын биіктеткен, болашағын айшықтаған асқақ арнасы іспеттес. Осы жылдар ішінде Ата Заңымыз уақыттың ағынымен алға жылжып, өзінің өміршең екендігін айғақтаумен келеді. Егер Конституциямыздың басты ереже-талаптарына сүйенсек, онда елдің жаңа заманмен тоғысып, жаңғыруы, нарықтық экономиканың іргесін қалауы және демократиялық қоғамның негіздерін қалыптастыруы сияқты маңызды істер көрініс табады. Қазақстан халықаралық аренада бейбітсүйгіш ел ретінде танылып, әлемдік экономикалық жүйеде өзінің лайықты орнын алды.
Конституция әр ұлт өкілінің тең құқығы мен бостандығына, ұлты мен нәсіліне қарамастан діни сенімі мен саяси көзқарасына кепілдік береді. Қазақстанның әрбір азаматының мәдени және рухани даму, ана тілінде сөйлеу мен оны меңгеру, ұлттық құндылықтарды сақтау мен жаңғыртуға деген құлшыныстары артып, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін жаңаша сипатта жандандыруға мүмкіндік алды.
Осының барлығы біздің Президентіміз, көреген Көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында  жүзеге асып отыр. Ата Заңымыз тарихи мақсаттарды жүзеге асырудың және әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу Стратегиясының орындалуына мықты негіз қалауда.
Біздер келешегімізге сеніммен қарап, межелеген жоспарларымызды жүзеге асыру үшін қарышты қадам басып келеміз. Осы орайда, халықтың әл-ауқатын жақсартып, еліміздің өндірісін өркендету, әлеуметтік саланы дамытып, ғылымы мен білімін, денсаулығы мен мәдениетін өркениет биігіне шығару басты мақсатымыз болып табылады.
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары! Сіздер туған еліміздің одан әрі дамуына лайықты үлес қосып келесіздер. Конституция күні баршаңызға шын жүректен мықты денсаулық, бейбіт өмір, ізгілік пен табысты істер тілегім келеді.
 Сергей Кулагин,
 Ақмола облысының әкімі.

 

 

Қадірлі ақмолалықтар!
Сіздерді Конституция күні қарсаңында мемлекетіміздің осы бір үлкен мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Биыл демократиялық принциптер мен теңдікке негізделген Ата Заңымыздың қабылданғанына 20 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде біз өзіміздің бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында небір асуларды бағындырып, елімізді тек даму биігіне бастайтындығымызды дәлелдеп бердік. Қысқа мерзім ішінде Қазақстанымыздың гүлденген, іргесі берік мемлекетке айналуы, экономика, мәдени-әлеуметтік салаларда зор жетістіктерге жетуіміз Конституциямыздың және өзінің сарабдал саясатын осы Негізгі заңға сүйеніп жүргізіп отырған Ұлт Көшбасшысының арқасында екені сөзсіз.
Осы орайда, ел дамуына біздің облыстың да лайықты үлес қосып келе жатқанын мақтаныш сезіммен айта аламыз. Осындай қастерлі мереке күні баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт тілегім келеді. Ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы өркендеп, нығая берсін!
Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

 

 

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді мерейлі мереке – Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығымен құттықтаймыз!
Бұл  – егемен еліміз үшін саяси және тарихи мәні бар айрықша мейрам. Өйткені, Конституция – болашақ табыстар мен алға қойған мақсаттарды шешудің алтын діңгегі.
Аз уақыт ішінде  Қазақстанның Ата Заңы өзінің заман талабына сай екенін дәлелдеді. Бүгінде Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында біз бірлігі жарасқан, күш-қуаты артқан тәуелсіз мемлекетке айналып отырмыз. Еліміздің халықаралық қауымдастықта лайықты орын алып, биік белес-терге көтерілгендігі соның айғағы.
Құрметті ағайын! Осы атаулы мереке қарсаңында сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке, еңбекте зор табыстар тілейміз. Көк Байрағымыз тәуелсіз ел көгінде желбірей берсін!
«Нұр Отан» партиясы Ақмола
облыстық филиалының Саяси кеңесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар