Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Төрт құбыламыз біліммен теңеледі - АРҚА АЖАРЫ

Төрт құбыламыз біліммен теңеледі

Адам баласының  үш түрлі міндетінің үшеуі де оқумен байланысты.  Оның біріншісі – ұрпақ өрбітіп, тәрбие беру. Оған да білім керек. Екіншісі – ұстаздық етіп, шәкірт баптау, үшіншісі – ілім-білім жинап, қоғамға қызмет ету. Бұл іске бәріміз бір кісідей атсалысуға тиіспіз.

Осы  бағытта ақкөлдіктер атқарып жатқан жұмысқа тоқтала кетсем,  өңірде 23 мектепке дейінгі тәрбие беретін мекеме бар. Ауданда жалпы саны бір мыңнан аса бала осы тәрбие ошақтарына барады. Бір мен алты жас аралығындағы бүлдіршіндерді қамту бойынша көрсеткішті қазір алпыс пайызға жуықтатсақ, үш пен алты жас аралығындағы балғындарды қамту бо-
йынша 85 пайыз деңгейіндеміз. Әйткенмен, жеті жүзден астам бала кезекте тұр.  Оны барынша азайту мақсатында биыл 280 орындық екі мектепке дейінгі мекемені пайдалануға беруді көздеп отырмыз.  
 Бұған қоса, 27 мектептегі мың жарымнан астам оқушыны бес жүздей ұстаз білім нәрімен сусындатуда. Сапалық құрамымыз да  жоғары деп айтуға болады. Оны біз мұғалімдеріміздің  түрлі байқауларда жеткен жетістіктерінен көре аламыз. Мәселен, аудан орталығындағы №1 орта мектептегі ағылшын тілі пәнінің ұстазы Анастасия Егерь  облыс-
та «Үздік педагог» атанды. Кадрлармен бірсыдырғы қамтылсақ та, Горький, Кирдищев, Еңбек, Урюпин, Краснобор, Наумов мектептерінде кей пәндер бойынша  ұстаздар жеткіліксіз. Оқушылардың он бір жыл бойы алған білімдерінің нәтижесін көрсететін ұлттық бірыңғай тестілеуден  былтырғыға қарағанда жоғары балға ие болдық. Үш шәкіртіміз «Алтын белгі», тағы төртеуі үздік аттестат алды. Бұл да қуантарлық жағдай.
Дарынды балалардың талабын қолдау – біз жүргізетін жұмыстың негізгі бағыттарының бірі.  Өңірде балалар шығармашылық үйі мен балалар музыка мектебі және 312 шәкірт білім алатын оқу-өндірістік комбинаты бар. Бір өкініштісі, облыстық олимпиадаға өткен жеті шәкіртіміздің бірде-бірі жүлделі орынға ие бола алған жоқ. Бұл сірә, ұстаздардың пәнге деген қызығушылықты арттыра алмай отырғандығының көрсеткіші болса керек.  Дегенмен, жаңа оқу жылында көрсеткіштер жақсара түседі деген сенімдемін.
Конституциямызда азаматтардың құқығы қорғалған десек, мүмкіндігі шектеулі жандарды да ұмытпағанымыз абзал. Олар да қатарластарымен бір сыныпта оқып, өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуге хақылы. Аудан орталығындағы №4 орта мектеп инклюзивтік білім берудегі тірек мектеп болып табылады.  Онда осы саладағы білікті мамандар еңбек етуде. Тіл кемістігі бар балаларға арналған психологиялық-педагогикалық коррекция кабинеті бар.  Сондай-ақ, 27 бала үйде оқиды. Олардың сабақтарының уақытылы, әрі сапалы жүргізілуін бақылап отырамыз.
Биыл жаңа оқу жылына қажетті оқулықтар сатып алуға жергілікті бюджеттен  14 миллион 240 мың теңге бөлінді. «Мектепке жол» сияқты шарапаты мол акцияға  аудандық, қалалық әкімдік пен шаруашылық субъектілері белсене қатысып, тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларының балалары  қажетті оқу құралдары, мектеп формасымен қамтылуына қол ұштарын созды.  Өткен оқу жылында  525 оқушы тегін тамақпен қамтылды. Ағымдағы жылы 68 бала патронаттық тәрбиеге, қамқоршылыққа және асырап алуға берілді.  Осы орайда, балалар үйінен шыққан төрт жеткіншектің баспаналы болғандығын айта кеткен жөн.
Қазіргі өркениетке жеткізетін жол – тек қана білім. Зерделі ұрпақ қана ертеңгі күні адаспай, қоғамнан өз орнын таба алады. Ендеше, барша әріптестеріме Ата Заң кепілдік берген білім алу құқығын  өз деңгейінде жүзеге асыра білейік демекпін.

Ерлан ҚАЙЫРЖАНОВ,
Ақкөл аудандық білім
бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар