Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Уақытша құбылыс - АРҚА АЖАРЫ

Уақытша құбылыс

Соңғы күндері ұлттық валютамыз теңгенің еркін айырбас бағамына көшуі елді елең еткізіп қана қоймай, қолында ақшасы бар адамдардың жүйкесіне ши жүгірткендей болды.

Әрине, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл қадамын өз басым экономист немесе қаржыгер болмасам да қазіргі экономикалық жағдайда дер кезінде қабылданған дұрыс шешім деп санаймын. Жасыратыны жоқ, кейінгі кезде біздер қаржы нарығындағы Қытай тәрізді әлем экономикасына түсіретін салмағы зор елдердің қор нарығындағы бірқатар өзгерістер мен түзетулеріне куә болып отырмыз. Әлемнің көптеген елдерінде, әсіресе, дамушы мемлекеттерде қаржылық үйлесімсіздік орын алуда. Мұның бәрі Қазақстанды да айналып өтпей, ел экономикасына әсер етуде.
Сол себепті, бұл шешім экономикалық тұрғыдан одан әрі әртараптану және ел экономикалық нақтылыққа бейімделу кешенімен нығайтылатын болады деп есептеймін. Дегенмен, экономиканың нақты секторында реформалардың бас-талуы және инфляциялық нысаналау-ды қарастырып отырған жаңа ақша-несиелік саясатына өту мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін жоймайтынына сенімдімін.
Оған соңғы жылдары орын алған экономикалық дағдарыстарға қарамастан, Қазақстан өз азаматтарының алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындап келе жатқандығы айқын дәлел деу-
ге болады. Зейнетақы мен жалақы, студенттердің шәкіртақысы мен әлеуметтік жәрдемақылар кешіктірілмей төленуде.
Ел билігінің бұл жаңа саясаты «Нұрлы жол» экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мемлекет басшысының ел халқына арнаған Жолдауындағы «Нұрлы жол» бағдарламасының ағымдағы жылға жоспарланған барлық көліктік-логистикалық және инфрақұрылымдық жобалары жоспарға сәйкес іске асырылып келеді. Бұл арқылы өнеркәсіпті тұрақты дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау қамтамасыз етілуде.
Тек әлемдік нарықтағы турбуленттілік пен қазақстандық өнімдер экспортынан түсетін түсімдердің қысқаруы Үкіметті бірқатар бюджеттік шығындарды қысқартуға мәжбүрлеп отыр. Бұл уақытша құбылыс деп есептеуге болады. Әлемді шарпыған экономикалық, саяси дағдарыс тұрақталып жатса, ел экономикасының қарыштап дами түсетіні сөзсіз.
Ғосман ТӨЛЕҒҰЛ,
қоғам қайраткері, жазушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар