Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қарқын жаман емес - АРҚА АЖАРЫ

Қарқын жаман емес

Көкшетаудың іргесінде ашылған «Регион Строй» серіктестігі уақыт өткен сайын өндіріс көлемін арттырып, сапалы әрі бағасы қолайлы өнімдерімен тұтынушылардың көңілінен шығуда.

Қазіргі заманғы жоғары технологиямен жабдықталған кәсіпорын «Қолжетімді бас-пана –2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған.  Жоба бо-йынша кәсіпорынның қуаты жылына 50 мың шаршы метр темірбетон блоктар тәрізді құрылыс материалдарын шығаруға мүмкіндік береді. Өнім ағылшын-испан фирмасының халықаралық нарықта құрылыстық қызмет көрсету технология-сына сай шығарылуда.
– Бір жыл біз үшін бір күндей зымырап өте шықты, – дейді серіктестік директоры Александр Дворцевой. – Осы аралықта кілең жастардан құралған ұжым өте табыс-ты жұмыс атқарды. Алғашында құрылыс материалдарының үш түрін шығаруды қолға алдық. Кейін онға дейін жеткіздік. Қазіргі күні бетон қазық, іргетас блоктары, баспалдақ және есік, терезені бекітетін темірбетон өнімдері шығарылуда.  
Қарқын ала бастаған комбинат облыс орталығында әлеуметтік-өндірістік, мәдени-тұрмыстық нысандарды салып жатқан құрылыс  компанияларының темірбетон өніміне деген сұранысын қанағаттандыруда. Ал, артылып жатқан өнім Астана қаласындағы құрылыс алаңдарына жөнелтілуде.
Сонымен қатар, «Регион Строй» серіктестігі жекеменшік үй салып жатқан қала тұрғындарының да тапсырысын сапалы әрі уақытылы орындауда.  Кәсіпорын құм, қиыршық тас тәрізді шикізатты «Неруд Көкшетау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен өздерінің кен орындарынан тасымалдайды. Ол үшін комбинатта «КамАЗ» жүк көлігі, миксер, бетон араластырғыш тәрізді техника мен қондырғылар жеткілікті. Бұл өз кезегінде өндіріс көлемін ұлғайтып, жұмыс қарқынын арттыруға мүмкіндік беріп отыр.
Ал, өндіріске қажетті металл мен цемент негізінен Қарағанды облысы мен Ресейден алынады. Осы орайда, бір айта кетерлігі кәсіпорын басшылары қайткен күнде де өнімде отандық, яғни, жергілікті үлестің болуына ерекше көңіл бөліп келеді. Осы күні комбинаттан шығарылып жатқан өнімнің 95 пайызын қазақстандық үлес құрайды.  Кәсіпорын ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап Көкшетау қаласында 90 пәтерлі 9 қабатты еңселі тұрғын үй құрылысын да қолға алуды жоспарлап қойған. Оған кәсіпорынның мүмкіндігі жеткілікті.

 

Аслан ОСПАНОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар