Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әзірге қобалжытып, алаңдатуы басым - АРҚА АЖАРЫ

Әзірге қобалжытып, алаңдатуы басым

Ақмола облысының кәсіподақтар ұйымы орталығында  облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Серік Аяғанов, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Кәрімова және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Наталья Замолоцких, басқа да сала өкілдерінің қатысуымен облыстың кәсіподақтар ұйымы активінің кеңейтілген отырысы болып өтті.    

Биыл Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі  мен «Қазақстан Республикасы халқын жұмыспен қамту туралы» Заңның жаңа жобалары әзірленіп, ол кәсіподақ федерациясының, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың қарауына ұсынылғаны көпшілікке мәлім. Заң жобасын жасауда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев комиссия мүшелеріне қарапайым жұмысшылардың құқы шектелмеуін ескере отырып, кәсіпкерлердің құқығын кеңейтетіндей жағдай жасауды тапсырған болатын. Алайда, мұның оңайға соқпайтыны айтпасақ та белгілі. Қазіргі заңнан анағұрлым өзгеше бұл заң жобасына жұртшылық тарапынан біраз сын-пікірлер де айтылып үлгерді. Соған қарамастан, оның  кейбір баптары сол күйі қалып отыр.
Мәселен, қолданыстағы заңымызда жұмыс беруші қызметкерді 19 себепке байланысты жұмыстан шығара алса, енді ол 26-ға дейін ұлғайтылғанға ұқсайды. Ендігі кезекте тіпті, мекеменің, не зауыттың экономикалық тұрақсыздығының өзі ұжымды қысқартудың бірден-бір себебі болмақ.
Тағы бір айта кетерлігі, жаңа заң жобасында жастардың еңбек құқығына қатысты біраз қиындатылған шарттар енгізілген. Егер, бұрындары қызметке жаңадан орналасқан жас мамандарды  екі жыл көлемінде жұмыстан шығаруға заң рұқсат етпесе, қазір ол бап мүлде алынып тасталған. Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға тырысып жатқанымызда, жаңағындай мәселе жағдайды тіпті, ауырлата түсетін секілді. Бұдан былай еңбек құқығына қатысты біраз мәселелер келісім-шарт негізінде шешілетін болғандықтан, мекемелердегі кәсіподақ басшыларына да зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Осы жайттарға қаныққан жиын қатысушылары Үкіметке  облыстың кәсіподақтар ұйымы активінің атынан заң жобасындағы кейбір баптарға өзгерістер енгізу қажеттігі жайлы хат жолдауға ұсыныс білдірді. Сондай-ақ, бірқатар кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай облыстық мәслихаттың, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының Алғыс хаттарымен марапатталды.  
 
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар