Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Коронавирус жұқтыру жағдайының тәуліктік өсімі 1,2 пайыздан аспайды - Асқар Мамин - АРҚА АЖАРЫ

Коронавирус жұқтыру жағдайының тәуліктік өсімі 1,2 пайыздан аспайды – Асқар Мамин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавирустық инфекция тіркелген жағдайлардың тәуліктік өсім деңгейі 1,2 пайыздан аспайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты.

«Жалпы елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келе жатқанын көріп отырмыз. Коронавирустық инфекция тіркелген жағдайлардың тәуліктік өсім деңгейі 1,2 пайыздан аспайды. Қазіргі уақытта емделіп шыққан адамдар барлық ауру жұқтырған адамдардың 69,4 пайызын құрайды. Қалған науқастар қажетті медициналық көмек алуда. Ауруханалардың жүктемесі 36 пайызға дейін төмендеді. Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша апта қорытындысында инфекцияның репродуктивтік деңгейі 1-ден төмен келесі облыстарды атап өтуге болады. Олар – Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалалары», – деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар Үкімет басшысы инфекцияның репродуктивтік деңдейі Қостанай мен Ақмола облыстарында 1-ден жоғары тіркелгенін атап өтті.

«Бұл өңірлердің әкімдері эпидемияға қарсы шараларды күшейтуге аса назар аударуы қажет. Ауру жұқтырған азаматтарды емдеу және вирустың таралуын төмендету жөніндегі қарқынды жұмысты, оның ішінде санитарлық нормаларды, маска кию режимін сақтау туралы түсіндіру науқанын жалғастыру керек»,- деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысының айтуынша, қазіргі таңда әлемдік статиститка 126 мемлекетте ауру жұқтырғандар санының жаңа өсімін көрсетіп отыр.

«Індеттің жаңа толқыны күзде пайда болуы мүмкін және оған дайын болумыз керек. Оның алдын алу үшін барлық белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп, жоспарланған шаралардың кешенін іске асыру қажет», – деді ол.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар