Жыл басынан бері облыста қызметтік иттердің көмегімен жедел-іздестіру іс-шаралары 721 жағдайда қолданылып, олардың көмегімен 344 қылмыс ашылды.
Көп жағдайда қызметтік-іздестіру иттері мүліктік қылмыстарды ашуға көмектеседі. Биылғы жылы олардың көмегімен 178 ұрлық, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, жөнелту мақсатында тасымалдау немесе сатудың 12 жағдайы және 39 ұсақ ұрлық тіркеліп, ашылды.
Мысалы, ағымдағы жылдың 25 маусымында Сандықтау аудандық полициясының кезекші бөліміне 62 жастағы жергілікті тұрғын үйде болмаған кезінде белгісіз біреу оның тоңазытқышынан азық-түлікті ұрлап кеткендігі туралы телефон арқылы шағымданды.
Оқиға орнына жеткен полиция старшинасы Сергей Губарев «Рэм» атты қызметтік иттің көмегімен ұрыны жедел тапты.
Ол бұрын сотталған 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Альмира МАНАТОВА.
Суретте: кинолог Сергей Губарев.