Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мүмкіндігі шектеулі жандардың түйткілді мәселелері талқыланды - АРҚА АЖАРЫ

Мүмкіндігі шектеулі жандардың түйткілді мәселелері талқыланды

«Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалында партияның сайлауалды бағдарламасының «Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау» бағыты бойынша аймақтық партия кураторының кезекті отырысы болып өтті.

Партия төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтің қатысуымен өткен отырыста Ақмола облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова және Көкшетау қалалық арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры Қуандық Сандыбаев Ақмола облысындағы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтерді енгізу сапасы туралы баяндама жасады.
Отырыста алғаш сөз алған басқарма басшысы Д.Ахметжанова партия мүшелеріне аймақтағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасы туралы толық хабарлама жасады. Оның айтуынша Ақмола облысында арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін 10 орталық жұмыс істейді. 2020 жылғы 25 шілдедегі жағдай бойынша 1311 адам тұрады, оның ішінде денсаулығында ауытқушылықтары бар 18 жастан асқан 823 адам, 432 жалғыз басты қарттар мен мүгедектер және 56 мүгедек балалар бар. Оларға 800-ден астам адам қызмет көрсетеді. Соңғы бес жыл ішінде Біржан сал ауданындағы «Мейірім» орталығынан басқа арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін 9 орталықта күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орталықтардың ғимараттарына кіру бойынша жұмыстар жүргізіліп, онда есіктердің ені өзгертілген, санитарлық бөлмелер жаңа үлгіде қайта құрылып, пандустар мен лифтілер орнатылып, тактильдік белгілермен жабдықталған.
Сондай-ақ, Көкшетау қалалық арнайы әлеуметтік сапалы қызметтерді көрсету орталығының директоры Қуандық Сандыбаев өз хабарламасында, 2021 жылы Көкшетаудағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына күрделі жөндеу жоспарланғанын, соған сәйкес жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін техникалық зерттеу жүргізіліп жатқанын жеткізді. Сонымен қатар, жылдағы дәстүр бойынша ем қабылдаушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін олардың арасында спорттық жарыстар мен көркемөнерпаздар байқаулары өткізіледі. Оған қоса, Қуандық Сандыбаевтың айтуынша, ақыл-есінде ауытқушылықтары бар мүгедек жандар «Қазақстандық ғарыштық олимпиада» республикалық қоғамдық бірлестігі өткізетін спорттық шараларға қатысады. Осы арқылы спортшылар республиканың басқа аймақтарына Астана, Қостанай, Шымкент қалаларына барып, халықаралық жарыстарда өнер көрсеткен. Олар 2017 жылы Австрияда, 2019 жылы Біріккен Араб Әмірлігі Абу-Дабиде Қазақстан волейбол командасы және пауэрлифтингтен жарыстарға қатысқан. Соңғы жылдары олардың саны мен сапасын арттыру жағынан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасы жақсарған. Оларға әлеуметтік қызмет көрсету мамандары күнделікті мониторинг жүргізіп отырады.
Отырыс барысында партия төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов ерекше қажеттіліктері бар адамдардың түйткілді мәселелеріне қатысты көптеген сұрақтарды талқыға салып, мекемелердегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстарға тоқталды.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар