Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
9 тамыз – құрылысшылар күні - АРҚА АЖАРЫ

9 тамыз – құрылысшылар күні

Тұрғын үй құрылысында қарқынға қарқын қосылды

Өткен жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы бекітіліп, тұрғын үй құрылысы одан әрі өріс алды.

Бағдарламада бірыңғай тұрғын үй саясатын жүзеге асыру, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық секторды жаңғырту, тұрғын үй қорын күрделі жөндеу, сәулет және құрылыс жұмысын жетілдіру тәрізді бағыттар қарастырылған. Өткен жылдың сәуірінде Ақмола облысының тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 570,3 мың шаршы метрге дейін көбейтілді. Коронавирус пандемиясына байланысты қатаң шектеулі шараларға қарамастан, биылғы бірінші жартыжылдықта 277,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 2375 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, биылғы жылдың екінші жартыжылдығында тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 292,9 мың шаршы метрді құрады. 2020 жылы 38 көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 20 жалға берілетін, 13 несиелік тұрғын үй салынуда. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 4 тұрғын үйдің, «Окраина» бағдарламасы бойынша 1 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Сатып алуға құқы жоқ, жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысына республикалық бюджеттен 2 889,3 миллион теңгенің мақсатты трансферттері бөлінді. Бұл баспаналар әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға және көп балалы отбасыларына беріледі. Биылғы жылдың жоспарында 290 пәтерлік жалға берілетін алты тұрғын үйді пайдалануға беру қарастырылды. Оның 86 пәтері көп балалы отбасыларына беріледі. Көкшетау қаласында 4, Атбасар қаласында 1, Қосшы кентінде 1 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Биылғы жылы жаңғыртылатын 5 тұрғын үй есебінен 240 пәтер пайдалануға берілді. Оның 88 пәтерін көп балалы отбасылары алды. Мұндай тұрғын үйлер Степногорск қаласы мен Атбасар, Бұланды аудандарында да пайдалануға беріледі. 2020 жылы 174 көп балалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету қарастырылды. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы 13 несиелік тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жергілікті атқарушы органдардың облигация шығару арқылы салынатын 796 пәтерлік 12 несиелік тұрғын үйіне 5,6 миллиард теңге қарастырылды. Барлық тұрғын үйлер биыл пайдалануға беріледі.
Облыстың өзге өңірлерінде несиелік тұрғын үй құрылысының географиясын ұлғайту бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде. «Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында биылғы жылы несиелік тұрғын үй құрылысы тек қана Көкшетау қаласында емес, Ақкөл, Бұланды, Ерейментау аудандарында да жүргізілуде. Көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы мен жеке тұрғын үйдің инженерлік-коммуникациялық құрылысына республикалық бюджеттен 1 887,0 миллион теңге, облыстық бюджеттен 1,192 миллиард теңге қарастырылды. Үстіміздегі жылы Көкшетау қаласы мен Ақкөл ауданындағы 661 жер учаскесін су және электр жүйелерімен қамтамасыз ету жоспарлануда. 2018 жылы Атбасар мен Степногорск қалалары, Аршалы ауданындағы 431 жер учаскесі, 2019 жылы Шортанды мен Ақкөл аудандарындағы 937 жер учаскесі инженерлік жүйемен қамтамасыз етілді. 2022 жылға дейін Көкшетау мен Степногорск қалаларында, Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Зеренді, Бурабай, Шортанды аудандарындағы 5820 жер учаскесі инженерлік жүйемен қамтамасыз етіледі. Ақмола облысында 104 тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы және 29 жобаның инженерлік жүйесі жасалуда. 2020 жылы Ақмола облысында 133 жобаны жасауға 550 миллион теңге бөлінді. Оның 104 жобалық-сметалық құжаттамасы тұрғын үйдікі. Тұрғын үйлердің 8 жобалық- сметалық құжаттамасының сараптамасына оң қорытынды алынды. 340 пәтердің құрылыс монтаж жұмысы 3,1 миллиард теңгеге бағаланды.
Инженерлік жүйенің 2 жобалық-сметалық құжаттамасының сараптамасына оң қорытынды алынды. Оның ішінде Атбасар қаласының №1 шағын ауданында 5 жүз пәтерлік тұрғын үйдің сыртқы жүйесінің құрылысы кешенді ведомстводан тыс сараптамадан өтіп, жобалық-сметалық құжаттама жасалды. Целиноград ауданының Қосшы кентіндегі көп пәтерлі тұрғын үйлерді абаттандыруға және инженерлік жүйе құрылысына жобалық-сметалық құжаттама жасалды. 553 пәтердің 9 жобасы сараптамадан өтуде. Құрылыс монтаж жұмыстары 5,6 миллиард теңгеге бағаланды. Өзге жобалық-сметалық құжаттамаларға конкурс өткізіледі. 5015 пәтерлік тұрғын үйлердің 87 жобасы, инженерлік жүйе бойынша 27 жоба жүзеге асырылады. Оның құрылыс монтаж жұмысы 41,7 миллиард теңгеге бағаланды. Тұрғын үй құрылысы мен қаржыны игеру бағдарлама әкімшілігінің тұрақты бақылауында тұр. Бағдарламаны орындау тұрғын үй құрылысы қарқынын үдетуге жол ашып, облыс тұрғындарының тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, әріптестерімді төл мерекемен құттықтаймын. Экономиканың жаңа серпін алып отырған маңызды саласының өкілі – құрылысшылардың ерен еңбегінің арқасында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, зәулім ғимараттар бой көтеруде. Елбасы басымдық сипатын анықтаған «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының іске асуы да кемел ойлы осы мамандық иелеріне тікелей байланысты екені сөзсіз. Сіздердің өз істеріңізге деген адалдықтарыңыздың, ұдайы өзгеріп отыратын нарыққа бейімделе білу қабілеттеріңіздің нәтижесінде Қазақ елінде құрылыс жанданып, халық жаңа стандарттар мен қазіргі заманғы дизайнға бой үйретуде. Еліміздің ажарын ашатын, айбарын асқақтататын келісті келбетінің көркеюіне қосқан үлестеріңіз көз сүйсінтерлік. Алдағы уақытта да өркениетті еліміздің өсіп, өркендеуі жолында толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз. Бойларыңызға сарқылмас күш-қуат, еңбектеріңізге таусылмас жетістік, отбасыларыңызға ортаймас бақ-ырыс тілейміз!
Марат ӘУБӘКІРОВ,
Ақмола облыстық құрылыс басқармасының
басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар