Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бақылау бар жерде, тәртіп те бар - АРҚА АЖАРЫ

Бақылау бар жерде, тәртіп те бар

Қылмыстың алдын алуда облысымызда жүзеге асырылып жатқан «Қауіпсіз аула»  бағдарламасының маңызы зор.

Өйткені, аталған жоба облысымыздың өңірлеріндегі бірқатар көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына бейне бақылау камераларын орнатуға мүмкіндік берді.  
Нақтырақ айтсақ, пәтер иелері кооперативі мен құрылыс компаниялары есебінен бейне бақылау жүйесімен  сегіз тұрғын үй нысаны жабдықталды. Ал, Көкшетау қаласы Горький көшесіндегі «Жансая» тұрғын үй кешені мен  Щучье қаласындағы  «Жекебатыр» шипажайының аумағында орналасқан «Жайлы» тұрғын үй кешенінде жеке күзет қызметі жұмыс  істейді. Жыл басынан бері пультпен күзету жүйесіне облыс орталығы мен Бурабай, Ерейментау, Ақкөл, Атбасар, Бұланды және Шортанды аудандарынан 105  пәтер қосылды.   Сөйтіп, күзетілетін пәтерлердің жалпы саны 957 пәтерге жетті.
Әрине, күн-түн демей, бейне бақылау экранының алдында  күмәнді деген әр нәрсені қадағалауда ұстау қызметкерлерімізге де оңай соқпайтыны анық. Десек те, күзетілетін қоғамдық орындар қатарын жыл сайын көбейтіп отыруды уақыт талап етуде.
Көкшетау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын жүзеге асыратын ұйымдардың басшыларымен жүргізілген жұмыстардың нәтижесі
бойынша құрылысы жүріп жатқан екі тұрғын үй кешені бейне бақылау құралдарымен жабдықталды. Бұл да құрылыс аумағында заң бұзушылықтардың алдын алуға өз септігін тигізетіні сөзсіз.   
Үстіміздегі жылы орталықтандырылған бақылау пультіне Көкшетау, Степногорск қалаларында және Бурабай, Ақкөл, Бұланды, басқа да аудандарда орналасқан 121 нысан  қабылданды. Алдағы уақытта да осы істі жалғастыру ойда бар. Қазір орталықтандырылған бақылау пультімен барлығы 2386 нысан күзетіледі.  
Облыстық ішкі істер департаменті күзет қызметінің бақылау бөлімі 2015-2017 жылдарға арналған «Біреудің  мүлкін ұрлауға  қарсы іс-қимыл жасау» және «Қауіпсіз аула» бағдарламаларын жүзеге асыру шеңберінде тұрғындармен бірқатар кездесулер өткізді. Сондай-ақ, Көкшетау, Степногорск қалалары мен Бурабай ауданында «Қауіпсіз аула. Подъездік бейне бақылау» тұжырымдамасы да көпшілікке таныстырылып,  кездесу барысында қатысушыларға қылмыс жасамауға шақыратын үгіт-насихат түріндегі фильм көрсетілді.
Жалпы, қоғамдық орындарда осындай күзет тәртібі дамыған шет мемлекеттерде бұрыннан бері қолданылып келе жатса, біздің елде де соңғы онжылдықта енгізілген мұндай тәсіл өзінің тиімділігін көрсетуде. Аталмыш құрылғылардың көмегімен қылмыстың бетін қайтаруда тәртіп сақшыларының да қолы ұзарды деуге болады. Мұның барлығы да – қоғамның қауіпсіздігін сақтау мақсатында атқарылып жатқан іс-шаралар. Қолымыздан келгенше, келешекте де бірталай нысандар мен аулаларды бақылауға алатын боламыз. Себебі, күзет пен бақылау бар жерде, қашанда  тәртіп те бар болатыны белгілі.    

Сәкен ӘБІЛМӘЖІНОВ,
облыстық ішкі істер департаменті
күзет қызметі бақылау бөлімінің
басшысы,
полиция подполковнигі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар