Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сайлауалды бағдарлама - АРҚА АЖАРЫ

Сайлауалды бағдарлама

Айнагүл Қыдырбайқызы Балташева

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат

Айнагүл Қыдырбайқызы Балташева 1972 жылы 4 қыркүйекте дүниеге келді. Қазақстан Республикасының азаматшасы. Білім беру магистрі, 1994 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі», 2010 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген. Республикалық «Табысты менеджер-2017» конкурсының жеңімпазы. «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері. 1994-2003 жылдары ұстаздық жолда; 2004-2011 жылдары мектеп директоры оқу-тәрбие жұмыстарының орынбасары, қалалық білім бөлімінің әдіскері; 2012-2020 жылдары М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытылатын кәсіби мектеп-гимназиясының, Көкшетау қаласы білім бөлімінің «IT мектеп-лицейі» КММ директоры қызметін атқарды. Республикалық саяси кеңестің мүшесі. Айнагүл Қыдырбайқызы өз қызметінде жауапкершілікті, еңбекқорлықты, шығармашылық ұмтылыс пен ізденісті назарда ұстайтын, білікті маман ретінде танылған.

Қоғам дамуында рухани-адамгершілік құндылықтар қомақты рөлге ие! Бұл құндылықтар – біздің ұлттың қайнар көзі, түп-тамыры, сарқылмас бұлағы. Туған жер мен ауыл біз үшін киелі ұғым! Елбасы Н.Ә. Назарбаев халыққа «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын ұсынды. Басты мақсат – ұлтымыздың дәстүрлі құндылықтарын дамыту және сақтау, Отанымыз – Қазақстанның тәуелсіздігін баянды ету, «Мәңгілік Елді» нығайтып, бекіту.
Қазіргі заман жаһандық сын-тегеуріндер уақытына нақты жауап беруді талап етеді.
1. Білім. Қазақстан қоғамының рухани жоғары деңгейі, қазақ халқының тереңде жатқан адамгершілік құндылықтарын сақтау – ел азаматтарының әлеуметтік өсуінің міндетті шарты!
Біз қазақ халқының жаһандану желімен солғын тартып бара жатқан ұлттық-мәдени қайнар-көзін қайта жаңғыртуымыз қажет. Ұлттық дүниетаным негізінде білім беру үдерісінде мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялар және білім беру бағдарламасы аясында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге; ұлттық құндылықтар арқылы оқу-тәрбие жұмысына шығармашылық тұрғыдан келуге; «Анамның тілі» аналар мен балалардың ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін тереңдетіп, тілдік қолданысты дамытуға, жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды құрметтеу рухында тәрбиелеу мақсатындағы жұмыстарға қолдау көрсетуге өз үлесімді қосамын.
Цифрлық Қазақстан – жаңғыру даңғылы. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы инфрақұрылымды дамытуға, адам капиталын жақсартуға, экономика саласын цифрландыруға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған. Білім саласын цифр-ландыру – бұл адами капиталды дамыту. Қазіргі уақытта әлемдегі пандемияға байланысты мемлекет тарапынан жасалып жатқан барлық іс-шараларды негізге ала отырып, қашықтықтан оқыту кезіңдегі туындаған мәселелерді шешу жолында, сонымен қатар, облыс бо-йынша мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, интернет жылдамдығын тиісті дәрежеге көтеруге және компьютерлерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге; цифрландыруды, ақпараттандыруды, автоматтандыруды және жасанды ақылды қоғамға енгізудің үздіксіз түрленетін, динамикалық өзгерістерге ұшырайтын, ықпалдасуға бейімделетін қасиетімен ерекшеленетін жедел жоспарлы жұмыстар жүргізуге атсалысып, цифрлық сауаттылықты арттыру үшін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын білім беру саласында әрі қарай дамытуға бар күш-жігерімді салуға дайынмын.
Бала өмірінің қауіпсіздігі – қоғамның басты назарында болу керек. Оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету бойынша бейнебақылау, қауіпсіз тасымалдау мәселелерін шешу, балалар мен жастарға байланысты дереккөздерді бірегейлендіру мақсатында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жергілікті атқарушы органдар жүйесінің деректер базасын біріктіру, тамақтану нормалары мен рационын қайта қарау, асханаларда қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшу, ерекше білімге қажеттіліктері бар балаларды қолдау үшін кибермәдениет, кибергигиена қалыптастыру, суицидтің алдын алу бағдарламасын енгізу, жоспарлануды қарқынды дамытуға еңбектенемін. «Smart-мектеп» жобасын енгізу, мектептердегі қауіпсіздік деңгейін арттыру, жүйелерді автоматтандыруды жүзеге асыруды көздеймін. Сонымен қатар, Ақмола облысы бойынша 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту; «Педагог мәртебесі» заңы аясында мұғалімдерге жағдай жасау, 55 жаста зейнеткерлікке шығу мәселесін қарастыруды жоспарлаймын.
2. Жастарға – жол ашамыз! Жастар – ел болашағы! Біз халқымыздың бай рухани адами құндылықтарын өскелең ұрпаққа табыстауымыз керек! Бұл дамып келе жатқан әрбір қоғамның миссиясы! Жастардың білім, тұрғын үй, жұмысқа орналасу тәрізді өзекті мәселесін шешуге қауқарлы жастар саясатының жүзеге асырылуына; «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңға жастарға нақты әлеуметтік кепілдіктер беретін өзгертулер мен толықтырулар енгізуге өз үлесімді қосуға дайынмын. Ел ішінде жұмыс берушілердің жастарды еңбек тәжірибесіз қабылдауының назарға алынуын, жас мамандардың біліктілік деңгейін арттыруды қолға аламын. Әр салада қызмет жасайтын жас мамандарға қолдау көрсету, «Жалдалмалы тұрғын үй» бағдарламасы аясында баспанамен қамтамасыз етуге, мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғын үй мәселелерін шешуге атсалысамын. Адам капиталын дамыту үшін Қазақстанда сапалы кадрлық әлеует құру керек. Колледждердің дамуын «Жас маман» жобасы аясында, тегін кәсіби-техникалық білім бағдарламасы арқылы қарқынды дамытуды, тәлімгердің еңбекақысына жұмсалған шығындарды өтеуді, компетенциялар орталықтарын дамытуды; жоғары білім саласында білім бағдарламаларын жаңарту, лабораториялар базасын жақсарту, шетелдік менеджерлерді тарту, білім гранттарын өсіру, профессорлық-оқытушылық құрамның еңбекақысын көтеру, материалдық базасын, жақсарту, студенттердің міндетті түрде іс-тәжірибеден өтуін, Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруды өзгерту, гранттардың бірнеше түрін енгізу, жоғары оқудың қолжетімділігін, ашықтығын қамтамасыз ету, стипендия көтеру, студенттер үшін жатақханалар салу жолдарын іске асыру үшін еңбектенемін.
3.Қазақ халқы қашанда бірлік пен татулық мәселесіне ерекше мән беріп, оны тірліктің тұтқасы, өмірдің өзегі ретінде бағзы заманнан бағалап келген. Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі этносаралық келісім мен азаматтық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі бірегей құрал болып табылады.
Этносаралық татулық пен келісімді қорғауда Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлікте қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға; бүгінде азат ел атанған, әлемді өзінің бейбітсүйерлігімен мойындата білген еліміздің татулықты сақтау мен нығайту ісіне атсалысуға; өңіріміздің мәдени қоғамдық өмірінде өзіндік орны бар ұлттық-мәдени орталықтарының жұмысын жандандыруға; салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, өнер мен мәдениетті қалыптастыра отырып кейінгі ұрпаққа өнегесі мол тәрбие беруге дайынмын. Біраз уақытты еңсерген қазіргі кезде және әлемнің көптеген елдерін шарпыған тұрақсыздық жағдайында ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға еңбектенемін; облыс көлемінде мемлекеттік тілдің аясын барынша кеңейту мақсатындағы жұмыстарға бастамашы болуға; мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті арттырып, тілдік қолданысты дамытуға, Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясының нақты жүзеге асуына, жас ұрпақты жаһандық сын-қатерлерді еңсере алатын, ұлттық құндылықтарымызды құрметтеу рухында тәрбиелеу мақсатындағы жұмыстарға қолдау көрсетуге дайынмын. Күрделі міндеттерді шешудің негізі бірлікте екендігін жадымнан еш шығармай, достық пен келісім арқылы ғана биік белестерді бағындыратын еңселі мемлекет саясатын дамытамын.
4. Халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, әлеуметтік маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру, медициналық қызмет көрсету сапасын дамыту; соғыс, еңбек ардагерлері, мүгедектер, көп балалы, аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру; толық емес отбасыларына, асыраушысынан айырылуына байланысты, бала анасының немесе əкесінің тәрбиесінде болғанда, жалғыз басты аналарға, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға (оның ішінде 18 жастан асып кеткен, бірақ тізім бойынша тұрғын үйде кезекте тұрғанды қоса алғанда) жеңілдетілген пайызбен қолдау көрсетіп, мемлекеттік бағдарлама негізінде тұрғын үймен қамтамасыз етуге; халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы және тиімді қамтамасыз ету бойынша жұмысты жандандыруға; тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға және оларды жұмыспен қамту үшін жүйелі шараларды қамтамасыз ету мақсатында облыстың экономикасын дамыту; спорт және туризм жұмыстарын жаңашаландыруға атсалысамын.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатына үміткер болу – мен үшін үлкен абырой, жауапкершілікті сәт. Алдыма қойған міндеттемелерді орындауда өзімнің бар күш-жігерімді салып, халықтың негізгі өмірлік сұраныстарын қанағаттандыру үшін жағдай жасауға еңбектенемін.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар