Абай әлемі адамзат құндылықтарының көзі

ХХІ ғасырда жалпы интеграциялау және жаһандану үрдісінде әр ұлттың рухы мен санасы тарих таразысында тұр. Биыл Еліміз ұлы ақын, дана ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қиын кезеңге қарамастан Абай мұрасы мен идеяларын кеңінен насихаттауға зор көңіл бөлуде.

Бұл әрине, қуантарлық жағдай. Өйткені, бұл іс-шаралар Абай мұрасын зерделейтін ғалымдар мен зерттеушілерге тың серпіліс беріп, Абай әлеміне жаңа көзқарас ашты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың күні кешегі Абайдың туған күніне орай жариялаған мақаласында өте жақсы ойлар айтылған. Мемлекет басшысы Абай әлемі мен өнегелі өмірі, Абай еңбектері және оның ХХІ ғасырдағы мұрасы жайында пікірін білдіріп, жан-жақты сипаттайды.
Мақалада Абайдың асыл мұрасына байланысты қандай жұмыс жасалғаны туралы баяндалады. Абай еңбектері әлемнің он тіліне аударылып, барлық кітапханалар мен мәдени орталықтарға жіберілді, ақынның қазыналы еңбектері халықаралық ғылыми айналымға еніп келе жатыр. Бұл шынымен де елеулі еңбек және Абай рухына деген тағзым.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Абайдың ХХІ ғасырға жеткен білім мен тәрбие, кәсіп пен ынтымақ мәселелері бойынша өзекті қағидаттарын келтіріп, «Абайтану» курсын оқыту және оқулығын шығару қажет екенін атап өтеді. Осылайша қазақтың данасы Абайдың өзекті идеялары мен мұрасын кеңінен зерттеп-зерделеп, біліп-тануға бар жағдай жасалып, мүмкіндіктер кеңейіп отыр.
Ұлы Абайдың 175 жылдығында жасалған нық қадамдар өзінің жалғасын табатынына сенемін. Абай арқылы қазақ мәдениетін барша әлемге танытуға да жол ашық. Сондықтан, барша қазақ халқын ұлттың рухани реформаторы мен данышпан ойшылы Абайды танып-біліп, оқып-жаттап, тәрбие-өнеге алып, оның идеялары мен ұстанымдары негізінде кемел келешекке ақырын жүріп, анық басуға шақырамын. Барша қазақстандықтарға ұлы Абайдың мерейтойы құтты болсын! Әрқашанда, қандай жағдай болса да, ұлы ақын және оның қазыналы мұрасына құрметпен қарайық.
Аслан ӘБУТӘЛІПОВ,
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы
жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар