Мониторинг тобының жұмысы тұрақты жүргізілуде

Ақкөл ауданында мобильдi мониторинг тобының жұмысы жалғасуда. Аталған iс-шаралардың негiзгi мақсаты қоғамдық тамақтандыру нысандары мен сауда нысандарында санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру, дәрiханалардың дәрi-дәрмектермен қамтамасыз етілуін бақылап, сауда орындарындағы тауар құнына мониторинг жүргiзу, сондай-ақ, Ақмола облысының Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерiнiң қаулысын жан-жақты түсiндiру болып табылады.

Жергілікті әкімдік, «Nur Otan» партиясы, құқық қорғау органдары, тауарлар мен қызмет сапасын тексеру басқармасының және кәсіпкерлер палатасы өкілдерінен құрылған жедел топ 4 тамызға дейін 23 рет рейд тексерістерін ұйымдастырды. Аталған шаралар барысында дүкендер, қонақ үйлері, қоғамдық тамақтандыру орындары, дәріханалар сияқты 58 нысанның жұмысына мониторинг жүргізілген.
–Тексерістер барысында 14 нысан басшысының кемшілікке жол бергені анықталды. Карантин басталған алғашқы күндері олармен тиісті түсінік жұмыстары жүргізіліп, ескерту жасалған. Қазіргі кезде жауапкершілік шаралары күшейтілді. Арнайы топ 8 нысандағы дезинфекциялық шаралардың талап дәрежесінде еместігін атап көрсетіп, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұлардың ішінде 6 жеке тұлға мен бір жеке кәсіпкер бар. Карантин талаптарына сай бұларға 569490 теңге көлемінде айыппұл салынып, өндіріп алынды. Сондай-ақ, жедел топтың қарауына қоғамдық орындарда маскасыз жүру бойынша 12 іс жолданды. Мониторингтік топтың жұмысы кестеге сай жалғасын табуда,–дейді аудан әкімінің орынбасары Алмас Әлин.
Бақберген Амалбек,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар